Индекстік тәсіл индекстер туралы жалпы түсінік Жеке индекстерді есептеу. Жинақтық индекстерді есептеу. Индекстер туралы жалпы түсінік



бет8/8
Дата14.04.2022
өлшемі269 Kb.
#31062
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Индекстік т сіл индекстер туралы жалпы т сінік Жеке индекстерді

Өзгермелі құрамды индекс. Мұнда, статистикалық талдау жасау үшін, екі уақыт кезеңіндегі зерттелетіп құбылыстың орташа шамалары жеке есептеледі, бірімен-бірі салыстырылады және олардың қандай себептерден өзгергені аңықталады. Бұл индексте салмақталған екі орташа шаманың қатынасы қарастырылады. Сондықтан оны орташа шамалар индексі деп те айтады және ол мына формулалар арқылы есептеледі:

1) баға бойынша:

2) өзіндік қүн бойынша және т.б.

Енді 12.7-кестеде берілген көрсеткіштер бойынша өзгермелі құрамды иңдексті есептейік және біртектес өндірілген өнімдердің өзіндік құнына әсерін тигізген себептерді осы формула арқылы анықтайық:



Мұнда екі зауыт бойынша өнімдердің өзіндік құны орта есеппен 3,7 процентке (103,7 - 100 = 3,7) өскен. Оның өсуіне бірден екі себеп ықпалын тигізген. Біріншіден, өнімдердің өзіндік құнының екі зауытта да өзгеруі (z1 және z0), яғни №1 зауытта өзіндік құн 10,0 процентке (55 : 50 = 1,10 немесе 110,0) көбейсе, №2 зауытта бұл көрсеткіш 3,3 процентке (58 : 60 = 0,967 немесе 96,7%) кеміген. Демек, екі зауыт бойынша тек өнімнің өзіндік құнының өзгеруі салдарынан бұл көрсеткіш орта есеппен 3,4 процентке өскен. Екіншіден, жалпы өндірілген өнім көлемінің (q1 және q0) үлес салмағының өзгеруінен болған өзгерісті көрсетеді. Мысалы, №1 зауыттағы өнім көлемінің үлесі 57,1 проценттен 55,6 процентке дейін кеміген болса, №2 зауытта бұл көрсеткіш керісінше, 42,9 проценттен 44,4 процентке дейін көбейген. Егер осы индекс арқылы есептелген жалпы өзгерістен (3,7%), өнімнің өзіндік құнының өзгеруі салдарынан болған өзгерісті (3,4%) шегеретін болсақ, онда екінші және тағы басқа себептердің ықпалынан пайда болған өзгерістің (3,7 - 3,4 =0,3%) шамасы табылады.



Құрылымның өзгеру индексі. Егер жиынтық құрамының өзгеру әсерінен орташа сапа көрсеткішінің өзгерісі анықталатын болса, онда оны құрылымның өзгеру индексі деп атайды. Бұл индексті есептеу үшін өзгермелі құрамды индексті тұрақты құрамды индекске бөлеміз, яғни осы екі индекстің қатынасы арқылы есептеледі және оның формуласы мынадай түрде жазылады:

Мұнда үлкен "I" әрпінен кейін зерттеу объектісіне байланысты сапа белгісі қоса жазылуы тиіс.



Кейбір жағдайларда өзгермелі немесе тұрақты индекстердің көрсеткіштері есептелінбеуі мүмкін. Онда құрылымның өзгеру индексін есептеу үшін мына формулалар қолданылады:

1) өзіндік құн бойынша:

2) баға бойынша: және т.б.

Енді өзгермелі және тұрақты индекстердің есептелген көрсеткіштері бойынша құрылымның өзгеру индексін анықтайық: немесе 100,2%.

Осы шыққан көрсеткішті құрылымның өзгеру индексінің өзіне тән формуласын қолдана отырып, 12.7-кестеде берілген мәліметтер бойынша да есептеуге болады:



Сонымен, жалпы өндірілген өнімдегі әр зауыттың әр үлес салмағының өзгеруіне байланысты өзіндік құн, орта есеппен, 0,2 процентке (100,2 - 100 = 0,2%) өскен. Демек, екі зауыт бойынша өнімдердің өзіндік құндарының өзгеруі салдарынан орташа өзіндік құн 3,5 процентке, ал екі себептің жалпы әсерінен 3,7 процентке көбейген. Олай болса, бұл үш индекстердің арасында мынадай өзара байланыс бар:



Немесе есептелген көрсеткіштер бойынша: 103,7 = 103,5 * 100,2.



Атап айтқанда, біздер осы индекстердің өзара байланыстылығын және олардың өзгеруіне әсерін тигізген әрбір себептерді қатысты шама ретінде көрсеттік. Бірақ, оларды нақты шамамен де көрсетуге болады. Мысалы, есептелген көрсеткіштер бойынша екі себептің тигізген әсерінен жалпы шығын 3600 теңгеге [(z0 – z1)•Σq1 = (54,3 - 56,3)•1800 = 3600] көбейген. Оның ішінде өндірілген өнімдердің өзіндік құндарының өзгеру салдарынан 3400 теңгеге (Σz0q1- Σz1q1 = 9800 - 101400 = 3400 теңге) өссе, ал қалған 200 теңге (3600 - 3400 = 200 теңге) өндірілген өнімнің үлес салмағының өзгеруінен болған.

Сонымен, бұл индекстердің әрқайсысының белгілі бір экономикалық мәселені шешуде атқаратын рөлі өте жоғары және бұл түрлі басқару жүмыстарына талдау жасауда жиі қолданылады. Мысалы, өзгермелі құрамды индекс жалпы сапалық көрсеткіштердің орташа өзгерісін, ал тұрақты құрамды индекс сапалық көрсеткіштердің орташа өзгерісін сол жиынтық құрамының тұрақтылығы арқылы көрсетеді. Яғни сапа көрсеткіштері өзгерістерінің қандай себептер әсерінен болғандығын анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет