Індетке қарсы шаралар


Шекараны жұқпалы аурулардан қорғау



бет3/12
Дата14.02.2023
өлшемі58,85 Kb.
#67835
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғау. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін олардың қоздырушыларын шет елдерден шекара арқылы өткізуге жол бермеудің маңызы аса зор. Шекаралық ветеринариялық бақылау нүктелері құрлық, теңіз және өзен бойларымен өтетін мемлекеттік шекарада және халықаралық әуежайларда орналасады. Олар малды және малдан алынатын өнімдерді сыртқа немесе ішке өткізуді қадағалайды. Ветеринариялық жарғы бойынша шет елдерден тек қана сау малдарды, ал импорттық мал өнімдері мен шикізатты жұқпалы аурулардан таза территорияда өсірілген сау малдардан алынған жағдайда ғана әкелуге рұқсат етіледі. Шекарадан өтетін мал бақылау нүктелерінде дәрігерлік тексеруден өтеді, карантинделінеді, қажет жағдайда дауалық шаралар (вакциналау, т.б.) жүргізіледі.
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғағанда ерекше көңіл бөлетін мәселе - экзотикалық деп аталатын аурулардың алдын алу. Ондай ауруларға біздің елде кездеспейтін шошқаның африкалық обасы, блутанг, аусылдың сирек кездесетін типтері, т.б. жатады.
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғағанда көрші елдегі індеттік жағдай ескеріледі. Белгілі бір ауру бойынша шектес территория мүлдем сау болуы немесе тұрақты түрде сау болмауы, елде оқтын-оқтын ауру байқалып тұруы мүмкін. Табиғи географиялық жағдай мен экономикалық байланыстар ескеріліп, аурудың әкеліну қаупіне болжау жасалынады. Егер ауруға қарсы сенімді вакцина болса шекара маңындағы аймақта ауруға бейім жануарлар егіліп, иммунделген қорғаныс аймағы жасалынады. Қауіп төндірген ауруға қарсы сенімді вакцина болмаса қатаң санитариялық шаралар енгізіліп, шекараға тақау аймақта ауруға бейім жануарлар толықтай жойылады немесе алып кетіледі.
Жұқпалы аурулардан мемлекеттік шекара ғана қорғалып қоймай, сақтық жұмыстары облыс, аудандар арасында да қарастырылады. Әрине, бұл шаралардың бағыты мен мазмұны жағынан мемлекетаралық шекарадағы атқарылатын әдіс-амалдардан айырмашылықтары болады.
Мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды індеттен қорғау. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін жаңадан салынатын мал фермаларына орынды дұрыс таңдап алу қажет. Әсіресе топалаң секілді қоздырушысы топырақта ұзақ жылдар бойы сақталатын аурудан ол жердің сау болуы шарт.

Жұқпалы ауру фермаға басқа мал фермаларынан, елді мекендерден келеді. Сондықтан да мал фермаларын әр түрлі объектілерден санитариялық талаптарға сай


ара қашықтықты сақтай отырып орналастыру қажет. Жұқпалы аурудың таралуы үшін терісі бағалы аңдарды, үй қояндарын және құс өсіретін шаруашылықтар ерекше қауіпті болып саналады. Өндіріс орындарының ішінде бұл тұрғыдан мал өнімдері мен шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындары (тері заводы, ет комбинаты, т.б.) қауіп тудырады. Сондай-ақ қатынас жолдарынан, әсіресе ірі транспорт жүйелерінен, мал фермасын қашық орналастырған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет