Информационное письмо



бет33/65
Дата19.04.2023
өлшемі0,84 Mb.
#84505
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65
Байланысты:
Аймақтануга кіріспе - Рег-11

Бекіту сұрақтары:

  1. Африка құрлығы қандай аймақтарға бөлінеді?

  2. Африка құрлығында қанша мемлекет бар?

  3. Африка аймақтарының қай бөлігі экономикалық жақсы дамыған?

  4. Құрлықтың қай аймағы даму көрсеткіші бойынша артта қалған?

33, 34 дәрістер тақырыбы: Сахарадан оңтүстікке қарайғы Африка


Дәріс мазмұны: Сахарадан оңтүстікке қарайғы Африка елдеріне шолу жасау және аймақтық саясатына талдау жасау.
Дәрістің топтама-тәсімі. Аймақ құрамы және оның географиялық сипаттамасы. Солтүстіктен оңтүстікке қарайғы Африка субаймақтары. Аймақтың қалыптасу тарихы. Аймаққа еуропалықтардың ене бастауы. Испандықтар мен португалдықтардың ашулары. Құл саудасы. Аймақты жетекші отарлық державалар арасында бөлудің басталуы. 1960 ж. – Африка жылы. Деколонизация үрдісі және оның ерекшеліктері.
Аймақтың ресурстық базасы. «Қара Африка» пайдалы қазбалар қоры бойынша ең бай аймақтардың бірі ретінде. Аймақтың жер ресурстары және оларды пайдалану ерекшеліктері. Агроклиматтық ресурстар. Экспорттық ауылшаруашылық өнімдері. Орман ресурстары. Этникалық құрамының алуан түрлілігі және ұлт қалыптасу үрдісінің аяқталмауы. Саяси және этникалық шекаралардың сәйкес келмеуі қақтығыстардың пайда болу факторы ретінде.
Аймақтағы интеграциялық үрдістердің ерекшелігі. Африкалық одақ. Сахарадан оңтүстікке қарайғы Африканың ірі субаймақтық интеграциялық бірлестіктерінің салыстырмалы сипаттамасы. Аймақтың негізгі мәселелері, қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамудың ішкі және сыртқы факторлары.
Бекіту сұрақтары:

  1. Сахарадан оңтүстікке қарайғы Африка қандай субаймақтарға бөлінеді?

  2. Аймақ елдерінің қалыптасуы мен дамуына қандай факторлар ықпал етті?

  3. Аймақтың этникалық және саяси шекараларының сәйкес келмеуі қандай мәселелерді туғызып отыр?

  4. Қазіргі кезде аймақ елдерінің дамуында қандай мәселелер бар?

36, 37 дәрістер тақырыбы: Орталық Азия және аймақтық қатынастар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет