Информационное письмо



бет35/65
Дата19.04.2023
өлшемі0,84 Mb.
#84505
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
Орталық Азия – Азияның ішкі аумағында орналасқан аймақ. Батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан), солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін Ауғанстан, Пәкістан, Үндістанның солтүстік бөліктері, орталығы мен шығысын Қытай алып жатыр.
Аумағы 6 млн. км2
Орталық Азия – Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде бұрынғы Орта Азия республикалары мен Қазақстан аумағында пайда болған геосаяси кеңістік. Геоаймақ ресми түрде 1993 жылы 4 қаңтарда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан Республикалары президенттерінің Ташкент қаласында өткен саяси, экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі басқосуында бекітілді. Орталық Азия болып аталуы – жер аумағының Еуразия құрлығының ортасында орналасуына және бұл елдердің тарихы, діні мен тілі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен шаруашылығындағы жақындықтар, ұқсастықтардың көп болуына байланысты.
Орталық Азия аймағының аумағы 4 млн. км2-ден асады, халқының жалпы саны 60 млн. адамды құрайды. Аймақ елдерінің сыртқы сауда және экономикалық қатынастарында ежелгі Ұлы жібек жолының қайта жаңғыруы өз көрінісін беруде, әрі Ресей, Қытай және ТМД-ның басқа да елдерімен дәстүрлі байланыстарын жалғастыруда. Орталық Азия аумағында Қытай, АҚШ, Үндістан, Батыc Еуропа және мұсылман елдерінің осы аймақтағы геостратегия мүдделері түйіскен. Орталық Азияның саяси-әлеуметтік өміріндегі өзіне тән ерекше қасиет – ол ислам әлемінің бір бөлігі саналады және христиан, буддизм, индуизм, т.б. өркениеттердің тоғысуымен де ерекшеленеді. Аймақ шығыс пен батыс елдерін жалғастыратын біріктіруші көпір қызметін атқарады.
Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық интеграциясы ұлттық шаруашылықтар мен құрылған аймақтық экономикалық топтардың жақындауы мен өзара қарым-қатынастарымен сипатталады. Оның негізінде өзара сауда және инвестициялық өзара қарым-қатынас жолында ұлттық кедергілерді жою мақсатында ұлттық шаруашылықтық жүйелердің байланыстарын күшейту мен дамыту үрдістері жатыр. Бюджеттік, салықтық және валюталық саясаттарын келістіру, бірегейлендіру арқылы бірыңғай экономикалық кеңістік құрылады. Осының негізінде жаңа геосаяси жағдайды қалыптастыру мен осы аймақтағы экономикалық мүдделерін жүзеге асыру және өз ықпалын нығайту керек. Сондықтан осы аймақта аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттердің алдына қойған өзекті және маңызды міндеттерінің бірі болып отыр. Аймақ елдері әлемдік интеграциялық процеске, аймақішілік өзара қарым-қатынас сипатындағы, сонымен қатар, өзінің жақын көршілестерімен басқа да мемлекеттермен қатысты мәселелерді шешуінде тығыз қатысуында мүдделі болып табылады. Жаңа шыңайылықтар жас мемлекеттердің саяси басшыларынан өзінің танылуын, ұлттың қауіпсіздік және даму стратегиясының барабарлық формуласын іздеуін және танылуын талап етті. Қазіргі сәтте Орталық Азияның одан әрі дамуында екі жол бар. Бірінші жол – өзінің әлемдік экономикадағы шикізат көзі ретіндегі ролін бекіту. Оның үстіне – әлемдік геосаяси және геоэкономикалық бәсекелестіктегі қолжаулық ролі. Екінші жол – интеграция. Халықаралық нарық процестеріне тең деңгейде қатыса алатын аймақтық мықты бірлестік құру жолы. Бұл лық, экономикалық өрлеу, әскери және саяси қауіпсіздік жолы. Орталық Азиялық елдердің тәуелсіздік жылдары, бұл елдердің мүдделерімен ешқашанда сәйкес келмейтін, тек қарама-қарсы болатын, Батыс және Шығыс мемлекеттер қатарының назарының орталығында болды.Сонымен қатар, сыртқы күштер арасында Орталық Азиядағы геосаяси және геоэкономикалық ықпал сферасы және оның табиғи ресурстары үшін күрес айналысы пайда бола бастады. Орталық Азия аймағына тек мемлекеттер мен шетелдік компаниялар ғана көңіл аударған жоқ. Орталық Азиялық елдері және халықтары, тағы да ауқымды қарама-қайшы жоспарының жүзеге асыруы мақсатында, осы жерде өзінің стратегиялық плацдармдарын құруға үміттенген, түрлі экстремистік исламдық ұйымдардың шабуылына ұшыраған еді.
Орталық Азия аймағындағы мемлекет халықтарының тарихи байланыстылығы олардың арасындағы интеграцияның негізгі алғышарттарының бар екендігін көрсетеді, аталған алғышарттар геосаяси, геостратегиялық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, өркениеттік, діни, мемлекеттік-саяси және этникалық негіздерге тығыз байланысты.
Орталық Азия мемлекеттерінің экономикасы бірыңғай кеңестік халықтық – шаруашылықтық кешеннің құрамдас бөлігі ретінде дамыды. КСРО ыдырауы мен шаруашылықтың шарттарының түбегейлі өзгеруі мемлекеттер тек өзара бірігуі арқылы ғана шешімін таба алатын мәселелердің туындауы мен оның күрделенуіне алып келді.
Аймақ мемлекеттері саяси және экономикалық құрылымдардың реформалануын көздейтін өтпелі кезеңнің ортақ міндеттерін құрастырған болатын. Осы кезеңде ең негізгі мәселе ортақ экономикалық потенциалды тиімді пайдалану жолдарын іздеп табуда болған болатын. Орталық Азия елдері сыртқы саяси стратегияларын өзара үйлестіре отырып қана экономикалық интеграция мен ұлттық қауіпсіздік жүйелерін дамыта алады. Мемлекетаралық қатынастарды дамытуда аймақ мемлекеттері бірнеше кезеңді өтті. Осы даму әр республиканың ішкі саяси жағдайымен, саяси жетекшілерінің жеке тұлғалық қасиеттерімен және экономикалық ерекшеліктерімен анықталды, ал ол аймақтағы интеграциялық үрдістің даму динамикасына өз әсерін тигізді.
Орталық Азия мемлекеттерінің шеңберінде көпжақты өзара қатынас та баяу дамуда. Мемлекетаралық тауар алмасуы, инвестициялық ынтымақтастық төмендеуде, жеке капиталдың интеграциясы байқалмайды, кедендік және валюталық кедергілер жоғары, ұлттық шаруашылықтық заңнамаларда әртүрлілік бар. Сонымен қатар Орталық Азия мемлекеттерінің шеңберінде қол қойылған құжаттардың тиімділігі де жоғары емес.
Орталық Азияда интеграцияны дамыту үшін біріктіруші идея қажет. Бір шетінен Еуразиялық концепция ортақ стратегияның рөлін атқаруы мүмкін, себебі Орталық Азия мемлекеттері Еуразиялық өркениеттік құрылымға жатады және тарихи дамуы, ділі мен өмірлік құндылықтарда қабылдауы ұқсас болып келеді. Дегенмен де өзіндік идентификация проблемасының өткірлігі, Орталық Азия елдерінің экономикалық, саяси – құқықтық жүйелеріжағдайыныңтранзиттіксипаты, жаңару үдерістерінің әртүрлі серпіні, бағыты және терендігі, осы процестер шеңберінде жүргізіліп жатқан реформалар өмірлік қажетті интеграцияны жүзегеасырудағы қиындықтарды анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет