Информационное письмо



бет37/65
Дата19.04.2023
өлшемі0,84 Mb.
#84505
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65
Бекіту сұрақтары:

  1. Қазақстан, Ресей, Орталық Азияда шекаралық ынтымақтастықтың қандай модельдері бар?

  2. Шекаралық аймақтар не себепті дамуда артта қалады?

  3. Шекаралық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дифференциациясы немен байланысты?

  4. Шекаралық ынтымақтастық институттары деген не, және олардың маңыздылығы неде?

  5. Қазақстан мен Ресейдің шекаралық ынтымақтастығының түрлі типтерінің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

29, 30 дәрістер тақырыбы: Әлемдегі аймақтық интеграциялық үрдістер: тәжірибесі мен мәселелері


Дәріс мақсаты: дүниежүзіндегі аймақтық интеграциялық үрдістерге талдау жасау.
Дәрістің топтама-тәсімі. Интеграцияның негізгі үрдістері. Интеграцияның шарттары мен факторлары. Ішкі экономикалық және әлеуметтік саясаттың унификациясы. Интеграциялық үрдістің аймақтық уағдаластығы. Интеграциялық үрдістер толқыны мен кезеңдері. Әлем елдерінің басты экономикалық бірлестіктері: тауарлық ассоциациялар, өндіріс, қаржы және көлік саласындағы интеграциялық бірлестіктер. Аймақтық интеграциялық бірлестіктер. Интеграциялық бірлестіктер дамуының деңгейі.
ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттің дамуының жетекші тенденцияларының бірі халықаралық байланыстардың күрделі және тармақталған жүйесінің қалыптасуы болып саналады. Өткен тәжірибеге көз жүгіртсек, әрбір мемлекет басқа мемлекеттерден жоғары тұруға, сыртқы дүниеден оқшаулануға ұмтылды, ал бұл жағдай экономиканың тоқырауына және сыртқы саясаттағы шиеленістерге әкеліп соқты. Қазіргі кездегі елдер халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, әр алуан үкіметаралық ұйымдарды құрады, оларға жекелеген мемлекеттің ішкі және сыртқы құзіретіндегі көптеген мәселелерді шешу істері жүктеледі. Осыдан мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының жедел өсуі байқалады.
Интеграция – өзара икемделудің, экономикалық және шаруашылық байланыстардың кеңеюінің, екі және одан да көп мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының бірігуінің экономикалық үдерісі, шаруашылық өмірдің интернационалдануының формасы. Экономикалық қатынастардың қазіргі заманғы жағдайында бұл көптеген мемлекеттердің ұлттық экономикаларының ажырамас бөлігі болып табылады. Өндірісті интернационалырудың қарқынды дамыған үрдісі келісілген және үйлесімді мемлекетаралық экономикалық саясат жүргізген жағдайда ұлттық экономикалардың өзара жақындасуы мен өзара бейімделуін сипаттайтын халықаралық экономикалық интеграциямен тығыз байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет