10 апта 19-20 ОСӨЖ тақырыбы: Балкан түбегі микроаймақ ретінде
Мақсаты: Балкан түбегіне микроаймақ ретінде сипаттама беру.
Өткізу әдісі: жазбаша, баяндама.
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: «Балкан микроаймағы» ұғымына түсініктеме беру. Аймақ территориясындағы негізгі елдер.
Аймақтың тілдік және этникалық картасы.
Аймақ территориясындағы этникалық қақтығыстар.
Аймақ елдері мен ЕО қатынасындағы негізгі мәселелер.
Әдістемелік нұсқаулар, үлестірмелі материалдар: студент берілген сұрақтарды басшылыққа отырып, шағын баяндама дайындайды.
Бағалау критерийлері: жұмыстың ғылымилығы, материалдардың тақырыпқа сай келуі, тақырыпты аша алуы ескеріледі. Баяндама көлемі компьютерлік мәтінде, 14 шрифтпен 1 интервалмен, 3-4 бет (А4) болуы тиіс.
әдебиеттер: 1, 4, 5, 9, 11.
11 апта 21-22 ОСӨЖ тақырыбы: ҚР ұлттық жобалары: мақсаты, барысы және нәтижелері.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының ұлттық жобаларына талдау жасау.
Өткізу әдісі: ауызша, жазбаша. Жеке жұмыс (презентация)
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: ЕҚЫҰ-2010;
Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің съезі;
ЭКСПО-2017;
Қазақстан халықтарының ассамблеясы;
Астанадағы экономикалық форум;
Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығы;
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері»;
«Қауіпсіз ел».
Әдістемелік нұсқаулар, үлестірмелі материалдар: студенттің таңдауы бойынша ұсынылған бағдарламалардың біріне презентация дайындауы тиіс. Студенттің жеке ұсыныстары жұмыс барысында көрініс табуы қажет.
бағалау критерийлері: студент конспектісінің тақырыпқа сай болуы, материалды нақты және фактілі деректер негізінде аша алуы есепке алынады. ҚР ұлттық жобаларының мақсаты мен жүзеге асырылу барысы және нәтижелері презентацияда нақты көрсетілуі керек. Презентация көлемі 13-15 слайдтан кем болмауы шарт.
Презентацияның рәсімделуі (түс, шрифт, шрифт көлемінің үйлесімділігі, мәліметтердің анық көрінуі).
10
Презентация тақырыбының оның мазмұнына сай келуі, тақырыптың толық ашылуы
20
Слайдтардың логикалық бірізділікпен берілуі
15
Презентация көлемінің 15-16 слайдтан кем болмауы
5
Мәтінді баяндауда логикалық жүйеліліктің сақталуы
20
Студенттің аудиторияның сұрағына толық және мазмұнды жауап беруі
10
Презентацияның негізгі құрылымының сақталуы (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі)