7 апта 13-14 ОСӨЖ тақырыбы: өзіндік жұмыс (реферат).
Мақсаты: әр студентке арнайы тақырыпқа берілген өзіндік жұмыстарын қорғау.
Өткізу әдісі: жазбаша.
Әдістемелік нұсқаулар, үлестірмелі материалдар: төменде берілген тақырыптардың біреуін таңдай отырып, студент өзіндік жұмыс (реферат) жазуы тиіс. Өзіндік жұмыс уақытылы, көрсетілген аптада, талапқа сай рәсімделіп тапсырылуы тиіс.
Бағалау критерийлері: Студенттердің өзіндік жұмысын бағалау критерийлері силаббус соңында көрсетілген. Өзіндік жұмыс 7 аптада дайындалып қорғалады.
Құрылымы. Жұмыс: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде жұмыстың өзектілігін, мақсат мен міндеттерін анықтап, хронологиялық шегін, тақырыптың зерттелу деңгейін, жұмыстың құрылымын көрсету қажет. Негізгі бөлімде пайдаланылған әдебиеттер тізімі негізінде библиографиялық жазбаларға сілтеме міндетті. Қорытындыда негізгі тұжырымдар жасалуы тиіс. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі қорытындыдан кейін орналастырылады және қолданылу реттілігіне қарай нөмерленеді.
Рәсімделуі. Өзіндік жұмыс көлемі - 18-20 беттен кем болмауы шарт. Гарнитура шрифті – Times New Roman, кегль – 14. Интервал – 1. Жұмыс А4 форматындағы қағаздың стандартты бетінде жол жиектерінің сақталуымен орындалуы қажет: сол жағы – 3, жоғары, төменгі – 2, оң жағы – 1,5 мм.
Орындалған жұмыс бекітілуі тиіс. Жұмыс титулдық парақпен басталады. Одан кейін «Мазмұны» (немесе «Жоспар») көрсетіледі. Беттердің реттілік нөмері ортасынан реттелуімен беттің төменгі бөлігінде көрсетіледі. Бет нөмерлерін қолмен қоюға жол берілмейді. Бірінші бет титулдық бет деп саналады, бірақ оған «1» саны қойылмайды. Әр тарау жаңа беттен басталады. Ал тарау ішіндегі бөлімдер бірінен кейін жалғастырылып кетеді.
Жұмыс иллюстрациялы болуы мүмкін, бірақ иллюстрациялардың мәтін ішінде қолданылуына жол берілмейді. «Қосымшалар» бөлімінде, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен кейін көрсетіледі. Қосымшалар өзіндік жұмыстың жалпы бет санына есептелмейді.
Өзіндік жұмыстың құрылымы:
КІРІСПЕ
І - ТАРАУ.
1.1
1.2
ІІ - ТАРАУ.
2.1
2.2
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ