Информационное письмо



Pdf көрінісі
бет22/73
Дата08.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#80473
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73
Байланысты:
2023 Мектеп психологиясы силлабусс (копия).docx1

№11- дәрістің тақырыбыБастауыш мектеп жасындағы оқушылардың психикалық 
дамуы
Дәріс мазмұны:
1. Бастауыш мектеп оқушысының мотивациясы және өзіндік бағалауы 
2. Өзін-өзі бағалау - мектеп үлгерімі мен отбасылық тәрбиенің нәтижесі.
3. Бастауыш мектеп оқушыларының жеке басының дамуы. 
4. Он үш жас дағдарысы. Кезеңдегі психофизиологиялық, эмоционалды, физикалық, 
мінез-құлықтық өзгерістер. Дағдарыстың белгілері мен барысы 
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың психикалық дамуы 
Бастауыш мектеп жасын балалықтың шыңы деп атайды. Бала әлі күнге дейін 
балалықтың көп қасиеттерін сақтайды- жеңіл ойлау, аңқаулық. Оқу ол үшін- маңызды іс-
әрекет. 
7 жас дағдарысы. 
Бала мектепке 6 жастан барады ма, әлде 7 жастан барады ма ол өзінің дамуының 
қандай да бір кезеңінде дағдарыстан өтеді. Мұндай дағдарыс 7 жаста немесе 6 жаста тіпті 
8 жаста болуы мүмкін. 
3 жас дағдарысы өзін ұғынумен байланысты болды. «Мен өзім» деген сөзді 
қолданып бала әлемді өзгертуге ұмтылды. Енді ол қоғамдық қатынастар әлемінде өзінің 
орнын ұғына бастайды. Ол өзі үшін жаңа әлеуметтік позицияны- оқушы позициясын 
ашады. Л.И.Божовичтың ойынша 7 жас дағдарысы – бұл баланың әлеуметтік «Менінің» 
туылуы.Өзіндік сана сезімнің өзгеруі құндылықтарды қайта бағалауға алып келеді. Бұрын 
мәнді болған нәрсесі енді қосалқы болады, ескі қызығушылықтар өзінің оятушы күшін 
жоғалтады, олардың орнына басқа жаңа қызығушылықтар келеді. Дағдарыс кезеңінде 
күйзелістердің жоспарында өзгерістер болады, 7 жас дағдарысы кезеңінде 
Л.С.Выготскийдің атауы бойынша күйзелістердің жалпылануы болады. Үнемі 
қайталанатын сәтсіздіктердің тізбегі тұрақты аффективті кешендердің – кемшілік сезімі, 
өзінің мәнділік сезімінің қорлануы, кемсітуі сияқты сезімдердің қалыптасуына алып 
келеді. Эмоционалды-мотивациялық сфераның күрделенуі баланың ішкі өмірінің 
қалыптасуына алып келеді. Баланың ішкі және сыртқы өмірінің ажыратылуы оның мінез-
құлқы құрылымының өзгеруімен байланысты. Қылықтың мағыналық бағытталған негізі 
қалыптасады. Бұл болашақ қылықтарды адекватты бағалауға мүмкіндік беретін, 
интеллектуалды сәт. Өзінің әрекеттерінде мағыналық бағытталу ішкі әлемінің маңызды 
жағы болып табылады, осы уақытта импульсивтілік және баланың мінез-құлығының 
өзінділігі жоғалады. Енді бала әрекет етпей тұрып алдымен ойланады, өзінің күйзелістерін 
жасырады, оған ауыр болса да өзгелерге білдірмеуге тырысады. 
Таза дағдарыстық көріністер- қисаңдау,боямалылық, мінез-құлықтың жасанды 
болуы. 
Оқу іс-әрекеті 
Бастауыш мектеп жасында балада оқу жетекші іс-әрекет болып табылады. оның 
белгілі бір құрылымы бар.Д.Б.Эльконин бойынша оқу іс-әрекетінің компоненттерін 
қарастырамыз. 
Бірінші компонент- мотивация. Оқу іс-әрекеті мотивтелген- ол итермелйді және 
түрлі оқу мотивімен бағытталады. Екінші компонент- оқу тапсырмасы яғни, бала орындау 
барысында әрекеттің жалпы тәсілдерін меңгеретін тапсырмалар жүйесі. Оқу 
операциялары әркеттер тәсілдерінің құрамына кіреді. Операциялар және оқу 
тапсырмалары оқу іс-әрекетінің негізіг буыны болып есептеледі. Төртінші компонент- 
бақылау. Алғашқыда балалардың оқу жұмысын мұғалім бақылайды. Біртіндеп олар өздері 
бақылай бастайды. Бақылаудың соңғы кезеңі- бағалау. 
Психикалық функциялардың дамуы 
Қабылдаудың дамуы- 1 сынып оқушыларында қабылдаудың саралап қабылдау түрі 
жақсы дамыған (түсін, пішінін дұрыс атағанымен, кейбір ерекшеліктеріне көңіл 
аудармау). Баланың талдауы мен саралауының дұрыс дамуы үшін тек қана түсінісу мен 


кейбір қасиеттерін ғана қабылдау жеткіліксіз, ол үшін іс-әрекеттің ерекше түрі – бақылау 
қалыптасуы керек. Бұл қасиет тек оқу іс-әрекетінің негізінде қалыптасады. Оқу кезінде 
заттардың қасиеттерін саралап түсіндіру негізінде, қабылдау басқа да танымдық 
процестермен бірігіп (зейін, ойлау) мақсатты түрде және ерікті қабылдауға айналады. 
Зейіннің дамуы- мектепке жаңа келген балада еірксіз зейін басым болады. 
Мектептегі оқу процесі баланың ерікті зейіні болуын талап етеді. 2-3 сыныпта баланың 
ерікті зейіні едәуір дамиды. Бірақ баланың зейіні тұрақсыз болады, сондықтан тәжірбиелі 
ұстаз оқу процесінде әртүрлі әдістер қолданады. (санаудың әртүрлі әдістері). 1-2 сыныпта 
баланың зейіні ойша әрекетерге қарағанда сырттай әрекет жасауда, тұрақты болады. 
Естің дамуы- мектепке жаңа келген бала көбінесе, қатты әсер еткен заттарды ғана 
есінде ұстайды. Ал оқу процесі барысында көптеген заттарды еріксіз есте сақтау қажет. 
Осыған байланысты есте сақтау жолдары қалыптаса бастайды. Алдымен бірнеше рет 
қайталау негізінде, содан соң мағынасын түсініп, есте сақтауды үйрене бастайды. 
Психологияда мынадай заңдылық бар: қандай зат ақыл-ой әрекетінің заты болса, сол 
жақсы есте сақталады.2-3 сынып оқушыларының еріксіз есі жақсы дамыған, бірақ осы 
кезеңде ес процестерінің сапалық өзгерулері болатыны байқалады. Ес екі бағытта дами 
бастайды- ырықты және мағыналылық. Мағыналық естің дамуы есте қалдырудың 
рационалды тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді. 
Қиялдың дамуы. Бастапқы кезде қиялдағы заттар бір ғана күйде (статикалық) болса, 
2 сыныптың соңы 3 сыныптың басында қозғалыс күйінде (динамикалық) өзгерістік күйде 
қалыптасады. Мазмұндама жаза алу. Қайта жасау қиялы негізінде, оқыған әңгімедегі 
сюжетті өзгерту, кейбір объектілерді жалпылау жағдайы мен болған оқиғаны уақыт 
аралығында елестете білу- міне осының бәрі баланың творчестволық қиялын дамытудың 
алғышартары. 
Ойлауының дамуы- бұл екі кезеңнен тұрады. 1-2 сынып ақыл-ой әрекеті мектепке 
дейінгілердікіне ұқсас болады. Яғни көрнекі-әрекеттік негізде. Заттар мен құбылыстар 
туралы бір жақты пікірлер басым 3 сыныпқа өткен кезде ойлаудың 2 кезеңі дами 
бастайды. Бұл кезде әр түрлі ұғымдар мен белгілердің қарым-қатынасын, байланысын 
түсіну нәтижесінде тектік-түрлік қатынастар ашылады. Заттардың қасиеттеріндегі мәнді 
маңызды жақтарын түсіне білу абстрактілі немесе жалпылауға жол ашады. 
Оқу процесінде бастауыш мектеп оқушысында ғылыми түсінік қалыптаса бастайды. 
Оқу процесінде ғылыми түсінікті меңгеруі теориялық ойлаудың дамуын көрсетеді. 
Бастауыш мектеп оқушысының мотивациясы және өзіндік бағалауы. 
Мотивациялық ядро А.Н.Леонтьев бойынша тұлғаның ядросы болып табылады. 
Балада көптеген мотивтер болады, соның бірі- өзінің жаңа статусын бекітетін оқудың 
әлеуметтік мотиві. Оқудың әлеуметтік мотивіне жақсы оқушы статусымен қатар, міндет, 
жауапкершілігі, білім алу қажеттілігі жатады. Оларды оқушы түсінеді және оларға оқу 
жұмысында мағына береді. Танымдық қызығушылық аймағынан да ерекшелік байқалады. 
Танымдық мотивацияның маңызды аспектісі- оқу-танымдық мотиві, өз-өзін жетілдіру 
мотиві жатады. Үлгерімі жоғары оқушыларда жетістікке жету мотивациясы айқын 
көрінеді. Мәртебелі (престижная) мотивация көбінесе өзіндік бағалауы жоғары және 
лидерлікке бейім балаларға тән. Жетістіке жету мотивациясында екінші тенденция- 
сәтсіздіктен қашу мотивациясы көрініс береді. Үлгермеуші оқушыларда компенсаторлы 
мотивация пайда болады. 
Өзіндік бағалау. Мектептегі бағалау өзіндік бағалаудың қалыптасуына әсер етеді. 
Тұлғаның толыққанды дамуы компетенттілік(біліктілік) сезімінің қалыптасуына алып 
келеді. Э.Риксон бойынша бұл осы кезеңінің орталығы болып табылады. Балада адекватты 
өзіндік бағалаудың дамуы үшін сыныпта психологиялық жайлылық және қолдаудың 
болуы қажет. Баланың өзіндік бағалауының құрылуы оның ерекшелгіне және мұғалімнің 
сыныппен қарым-қатынас ерекшелігіне тәуелді. Сондай-ақ отбасылық тәрбиенің де рөлі 
үлкен мәнге ие. 
Бастауыш мектеп оқушыларының жеке басының дамуы. 
1. 7-8 жастағылар мектептегі моральдық нормалар мен ережелерді дұрыс түсініп, орындай 
алады. 


Біріккен оқу процесінде балаларда өзара қарым-қатынас дамиды. Олардың дос болуы- 
бірге отыруы, бір жақта тұруы- яғни мақсаты мен мүдде ортақтығына негізделген. Олар 
әлі де болса басқа адамды толық түсіне бермейді. Оқу процесінде белгілі ережелерді 
ұстану, ерікті зейіні мен есінің дамуы бала эмоциясының өзгеруіне де әсер етеді. Эмоция 
күйлері тұрақтырақ, өздері ұстамды және саналы әрекет атқарады. 8-10 жастағы 
балалардың эмоциясы тұрақты (қуаныш, реніш). Кейбір балаларда аффект жағдайлары 
болуы мүмкін. Негізгі себеп- талап қою деңгейі мен оларды қанағаттандырушылық 
арасындағы айырмашылық. 
“Жеке бас” деген ұғымға Мен деген түсінік те кіреді. Бастауыш мектеп оқушысының 
жеке басы деген түсінікке оның сыпайылылығы, керісінше осыған қарам-қарсы әдепсіздік 
сапалары да жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет