Үшінші топ – оқу-педагогикалық өлшемдер.
1. Оқу үлгерімі нашар;
2. Сабақты себепсіз көп босатады;
3. Жекелеген кейбір пәндерді себепсіз босатады;
4. Оқу үлгерімі және білім сапасы түсіп кеткен.
Төртінші топ – қылықтық критериясы өлшемдері.
1. Эмоционалды-еріктік сферасында бұзылыстар бар (өзін-өзі ұстай алмау, дөрекілік,
өтірік айтады, көргенсіз, эмоционалды ұшқалақ, адуындық, қорқақтық, ызақор, шектен
шыққан мінез-құлық, өшпенділік, қаскөйлік, ашуланшақтық, агрессиялықтың және
қаталдықтың жиі көрініс беруі, бұзақылық, тұйықтану және өзімен-өзі болып кету);
2. Пайдакүнемдік пиғылдағы әрекеттер жасау (материалдық пайда табу үшін жасалған
ұсақ құқықбұзушылықтар, істер (ұрлық, алып-сатарлық, алдап кету)
3. Құрбыларымен қарым-қатынас мәселелері (жағдайсыз, формалды емес, референттік
топ, тұйықтық, балалар ұжымынан шеттеп қалу, құрбыластарымен жиі болатын ұрыс-
керістер, төбелестер, анти- және асоциалды сипаттағы формалды емес ұйымдарға қатысу);
4. Ата-анасымен өзара қарым-қатынастағы қиындықтар (отбасылық тәрбиелеудің
жағдайсыз тұрпаты: либералдық немесе индифференттік стильдер, баладан алшақ кету,
ажырасу, ата-аналармен жиі жанжалдасу және қақтығыстар және т.б.);
5. Психобелсенді заттарды қолдану (токсикомания, ішкілікке, нашақорлыққа бейімділік,
соның ішінде құрамында психобелсенді заттар бар дәрілерді қабылдау);
6. Мектепішілік есепте тұратындар (кәмелетке толмағандарды мектепішілік және қалалық
есепке қою туралы шешім тек қана педагогикалық кеңестің шешімімен қабылданады).
Аутодеструктивті мінез-құлық бойынша тәуекел топқа тіркелген балалармен әрі қарай не
істеуге болады? Баланың шешуді талап ететін мәселесі ішкі тұлғалық және сыртқы
аспектілерден тұратын болғандықтан, маманның жұмысы келесі негізгі құрамдарды
қамтиды:
1. Баламен жеке-дара жұмыс, яғни психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
2. Оқу ұжымындағы тұлғааралық қарым-қатынасын анықтау мақсатында социометриялық
зерттеу (Дж. Морено бойынша) жүргізу;
3. Мектептік ортадағы психологиялық ахуалды жақсарту бойынша жұмысты белсендіру;
4. Өмір құндылықтарын көтеру бойынша сынып сағаттарын, семинарлар, тренингтер
өткізу;
5. Балаларды анонимді түрде шұғыл психологиялық көмек алу мүмкіншілігі туралы
қолдарын қойғызып тұрып, ақпараттандыру.
(сондай-ақ сенім телефондары нөмірлерін күнделіктеріне бекітіп беруге болады);
6. Педагогам-психологтарға және сынып жетекшілеріне мектеп оқушыларының стреске
табандылық және өзін-өзі ұстай білулерін көтеру бойынша жүйелі түрде сабақтар өткізу.
Сонымен қатар балалардың ұйымшылдығын қалыптастыру үшін психологиялық
тренингтер өткізу (егер құрбыларымен қарым-қатынаста мәселелері болса);
7. Отбасымен жұмыс, негізгі міндеттер – ата-аналардың психологиялық құзыреттілігін
арттыру, мотивациялық және тәрбиелік қорларын дамыту, бала-ата-ана қарым-қатынасын
оңтайландыру.
Достарыңызбен бөлісу: