Информация о проведении Облумц



Pdf көрінісі
бет4/71
Дата01.02.2017
өлшемі4,22 Mb.
#3181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

24 




МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫ МЕН СЫНЫПТАРЫНДА 

ТӘРБИЕЛЕУ-ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

 

Мектепалды  даярлық  білім  беру  жүйесі  алғашқы  саты  ретінде  мектепке 



дейінгі  және  бастауыш  білім  берудің  сабақтастығы  мен  үздіксіздігін 

қамтамасыз  етеді,  6-7  жастағы  балалардың  зияткерлік  және  денесінің  дамуы 

үшін жағдайлар жасайды.  

 

 



 

Қазіргі  таңда  мектепалды  даярлық  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  және  жалпы 

білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.  

Мектепалды  даярлықтың  негізгі  міндеті  –  балалардың  мектепте  оқуға 

уәжін және оған эмоциялық дайындығын қалыптастыру.  

Мектепалды  даярлықтың  негізгі  мақсаты  мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың  жалпы,  зияткерлік,  дене  дамуын,  олардың  білімді  игеруге 

дайындығын  қамтамасыз  ету,  оқу  әрекетін  меңгеру  үшін  балада  тұлғалық 

қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. 



Міндеттері: 

– 

балаларды мектепте оқуға мақсатты бағытпен және жүйелі дайындау; 



– 

жеке қабілеттері мен дарындылығын дамыту; 

– 

ұлттық,  жалпы  адами  этикалық  және  мәдени  құндылықтарға  балаларды 



баулу, баланың зияткерлігін дамуы; 

– 

рухани-адамгершілік  құндылықтарды,  отансүйгіштік,  төзімділікті 



қалыптастыру; 

Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

25 


– 

балалардың  коммуникативтік  және  әлеуметтік  құзыреттіліктерін 

қалыптастыру; 

– 

білуге  құмарлықты,  шығармашылық  белсенділік  пен  бастамашылықты 



дамыту; 

– 

балалардың денесі мен психикалық саулығын нығайту; 



– 

білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.   

 

 

       



2016-

2017  оқу  жылында  мектепалды  даярлық  сыныптарында  білім  беру 

процесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 

қаулысымен  бекітілген  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  жалпыға 

міндетті  мемлекеттік  стандартына  (бұдан  әрі  –  Стандарт),  Мектепалды 

даярлықтың білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және Мектепке 

дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  жоспарларына  (бұдан  әрі  –  ҮОЖ)  

сәйкес  ұйымдастырылады. 

 

Мектепалды  даярлық  білім  беру  бағдарламасы  баланың  мектепте  білім 



алу даярлығын (әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық 

және зияткерлік даярлығы) қамти отырып, сондай-ақ баланың коммуникативтік 

дағдыларының  қалыптасуына,  танымдық  және  әлеуметтік  мотивтерінің 

көрінуіне,  қызығушылығы  мен  білім  алуға  деген  құштарлығының  дамуына 

ықпал етеді.      

Бағдарлама  құрылымы  мен  мазмұны  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 

оқытудың  тәрбиелік,  дамытушы,  оқытушы  міндеттерінің  бірлігі  мен 


Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

26 


кіріктірілуі,  бірізділігі,  жүйелілігі,  сабақтастығы  сияқты  педагогикалық 

қағидаттар негізінде құрылған.  

Барлық  іс-шаралар  мен  сабақтар  болашақ  бірінші  сынып  оқушыларын 

оқытуға емес, олардың белсенділігін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін, 

танымдық  қызығушылығын,  құрдастарымен  және  ересек  балалармен  қарым-

қатынасқа түсе білу біліктерін дамытуға ерекше мән береді.  

Бағдарламада    «Денсаулық»,  «Қатынас»,  «Таным»,  «Шығармашылық»,  

«Әлеуметтік  орта»  білім  беру  салалары  мазмұнының    негізгі  аспектілері 

анықталады.  Барлық  білім  беру  салалары    бір-бірімен  байланысты:  бала 

таниды,  тани  отырып,  білгенін  әңгімелеп  береді;  талқылау  және  зерттеу 

барысында  құрдастарымен  және  ересектермен  өзара  әрекет  етеді.  Білім  беру 

салаларының  өзара  байланысы  және  өзара  әрекеттестігі  қоршаған  ортаның 

тұтастай бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. 

М

ектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті 

стандартына  және  Үлгілік  оқу  жоспарына  сәйкес  мектепалды  даярлық  

сыныптарында  оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды, оның ішінде 20 сағаты 

сабақтарға,  4  сағаты  –  вариативтік  компонентке    қарастырылған. 

Мектепалды  даярлық  сыныптарында    ұзақтығы  25-30  минутты  құрайтын  

төрт    сабақ  өткізіледі.  Олардың  арасындағы  үзілістердің  ұзақтығы  10-12 

минут  болуы  тиіс,  үзілістерде  баяу  қарқынды    қимылды  ойындар 

ұйымдастырылады.       

«Денсаулық»  білім  беру  саласы  белсенді  қимыл  әрекеті  дағдылары  мен 

денелік  өзін-өзі  жетілдіру  қажеттілігіне  деген  қызығушылықты  қалыптастыру 

және дамыту, балаларды салауатты өмір салты негіздеріне баулуға бағытталған

 

«Қатынас»  білім  беру  саласы  айналасындағы  адамдармен  бірлесе  әрекет 



ету  және  байланысқа  түсу  ептіліктерін  қалыптастыру,  қарым-қатынас 

жағдаяттарын  ажырату,  өз  мінез-құлқын  дұрыс  және  сәйкесінше  ұстауға 

бағытталған. 

«Таным» білім беру саласы танымдық-зерттеу әрекеті үшін жағдай жасауға 

бағытталған. 

 

«Шығармашылық»  білім  беру  саласы  мектеп  жасына  дейінгі  балаларда 



шығармашылық  қабілеттің,  ойлау  мен  қиялдың  қалыптасуына,  эстетикалық 

талғамы  мен  эмоционалды-сезімдік  аясының,  өзінің  ішкі  жан  дүниесін 

көркемдік  формада  жеткізе  білуге  деген  ұмтылысын  дамытуға  жағдай  жасау, 

өнер  құралдарымен  тәрбиелеуге  және  музыкалық-көркемдік  әрекет  тәсілдері 

мен ойын арқылы өнер әлеміне баулуға бағытталған. 

 

«Әлеуметтік  орта»  білім  беру  саласы  әлеуметтік  ортаға  бейімделу,  кез 



келген  ортада  еркін  бірлесе  әрекет  ету,  өз  Отанына  сүйіспеншілік  таныту 

біліктерін  қалыптастыру,  адамгершілік-рухани  білім  негіздерін  дамытуға 

бағытталған.

 

Мектепалды  даярлық  сыныптарында  балаларды  дамыту  мен 



тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау 

Стандарт  талаптарын  іске  асыру  үшін  әрбір  мектепалды  даярлық 

топтарында келесі талаптармен жағдайлар жасау қажет:  

Психологиялық-педагогикалық жағдайларға қойылатын талаптар: 


Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

27 


1)  ересектердің  балаға  құрметпен  қарауы,  балалардың  жағымды  өзін-өзі 

бағалауын, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сенімділігін қолдау; 

2)  білім  беру  әрекетінде  жұмыстың  балалардың  жас  және  жеке 

ерекшеліктеріне сәйкес жұмыс түрлері мен әдістерін қолдану; 

3) мектепалды даярлық сыныптарының педагогтері, мамандары және ата-

аналарының бірлескен әрекеті негізінде әрбір баланың қызығушылықтары мен 

мүмкіндіктеріне бағытталған білім беру әрекетін құру;  

4)  ересектердің  балалардың  бір-біріне  жағымды,  қайырымды 

қатынастарын,  әртүрлі әрекет түрлерінде олардың өзара бірлескен әрекеттерін 

ересектердің қолдауы; 

5)  дене  және  психикалық  озбырлықтың  барлық  түрлерінен  балаларды 

қорғау; 


6)  балалардың  даму  бұзылыстары  мен  әлеуметтік  бейімделуін 

диагностикалау және түзету үшін қажетті жағдайларды жасау;  

7) балаларды тәрбиелеуде, олардың денсаулықтарын қорғау мен нығайтуда 

ата-аналарды қолдау, ата-аналарды білім беру әрекетіне тарту. 



Педагогикалық процесті ұйымдастыруға қойылатын талаптар: 

1) 


арнайы білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз ету; 

2) педагог кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыру; 

3)  баланы  тәрбиелеу  мен  дамыту,  соның  ішінде  инклюзивті  білім  беру 

мәселелерінде педагогтерге және ата-аналарға кеңес беру; 

4) білім беру процесін ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз етуді қолдау. 

Сабақтарды өткізуге қойылатын талаптар 

1) 


ең жоғарғы мүмкін көлемі мен ұзақтығын қамтамасыз ету; 

2) 


санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелеріне; 

3) 


үлгілік оқу жоспарларына сәйкес болуы қажет.  

Заттық-кеңістік дамытушы ортаға қойылатын талаптар 

Заттық-кеңістік  дамытушы  орта  толық  мазмұнды,  өзгермелі, 

көпатқарымды, вариативті, қолжетімді және қауіпсіз болуы керек және:   

Бағдарламаның  мазмұнын  тиімді  іске  асыру  үшін  қазіргі  дидактикалық 



материалдарды,  жабдықтар  мен  мүккамалдарды  қолданып  дамыту  мен 

тәрбиелеуге; 

 - 

балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға; 



балалардың  дамуындағы  жетіспеушіліктерді  түзету,  инклюзивті  білім 

беру үшін жағдайлар жасауға; 

әртүрлі білім беретін және дамытушы бағдарламаларды жүзеге асыруға; 



балалардың  ойын,  танымдық,  зерттеу,  шығармашылық  және  қимылдық 

белсенділіктерін қамтамасыз етуге; 

заттық-кеңістік  ортада  балалардың  айналасындағы  ересектермен  және 



балалармен өзара бірлесіп әрекет етуде  эмоционалдық саулығына; 

балалардың өз ойларын айта білуіне бағытталған. 



Заттық-кеңістік  дамытушы  ортаны  құру  кезінде  гендерлік  тәсілді  ескеру 

және  ұлдар  мен  қыздарға  тән  заттар,  ойыншықтар  және  материалдармен 

қамтамасыз ету.  

Заттық-кеңістік  дамытушы  орта  білім  беру  салаларын  кіріктіру 



Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

28 


ұстанымдары ескеріліп құрылады.  

Мысалы: 


 

 

Бір  білім  саласына  арналған  материалдар  мен  жабдықтарды  басқа  білім 



беру салаларын жүзеге асыру кезінде де қолдану қажет. Жабдықтарды таңдау 

балалардың  шығармашылық,  психологиялық  және  дене  дамуына  барынша 

мүмкіндік беретін келесі әрекет түрлері үшін іске асырылады: ойын, танымдық-

зерттеу,  коммуникативтік,  еңбек,  көркем-музыкалық,  көркем  әдебиетті 

қабылдау және т.б.      

Заттық-кеңістік  дамытушы  орта  мектепалды  даярлық  бойынша  оқу 

материалдарынан тұрады.  

Мектепалды  даярлық  бойынша  оқу  материалдары  пәндік  кешен  түрінде 

берілген.  Әрбір  кешеннің  құрамында  әліпби-дәптер,  дидактикалық 

материалдар,  мультимедиялық-анимациялық  электрондық  құралдар  және 

әдістемелік нұсқаулық бар.    

Барлық  мектепалды  даярлық  сыныптары  өзінің  қызметінде  Қазақстан 

Республикасы  Ұлттық  экономика  министрінің  2015  жылғы  17  наурыздағы 

№217  бұйрығымен  бекiтiлген  «Балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен 

оқыту  объектілеріне  қойылатын  санитариялық-эпидемиологиялық  талаптар» 

санитариялық қағидаларын басшылыққа алады.  



 

Білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері 

Білім беру процесін тиімді ұйымдастыру және балаларды мектепке дейінгі 

ұйымдарда сапалы тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету мақсатында мынадай 


Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

29 


ұстанымдар мен тәсілдер қарастырылуы қажет: 

тәрбие мен оқытудың барлық қатысушылары – педагогтер, психологтар, 



ата-аналармен  баланың  тұлғасын  қалыптастыру  мен  оның  қабілеттерін 

дамытуда кешенді тәсіл;  

балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оларды  дамытудағы  әрекеттік 



тәсіл; 

тәрбие  мен  оқытудың  мазмұны  мен  әдістерінің  бірлігі,  сабақтастығы, 



үздіксіздігі; 

ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану  арқылы  білім 



беру процесін интерактивті құру. 

Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  мазмұны  мектеп 

жасына 

дейінгі 


балаларға 

арналған  үйретуші 

және 

дамытушы 



бағдарламалардан тұратын ресурстары бар интерактивтік жабдықтан тұрады.   

Инновациялық  технологиялардың  ерекшеліктері  бір  уақыттағы  әрекет 

барысында  бірнеше  әрекеттің  қатар  жүргізілуінде  көрінеді:  мәтінді  кәсіби 

дикторлардың айтуы; мультимедиялық анимациялық материалдарды көрсету; - 

балалардың білім беру әрекетіне қатысуында.  

Мектепалды  даярлықтың  білім  беру  бағдарламасы  «Новые  решения», 

«Алматыкітап»  және  «Арман-ПВ»  баспаларымен  әзірленген  әдістемелік 

ұсынымдармен,  оқу-әдістемелік  кешендермен,  оқу  және  дидактикалық 

материалдармен қамтамасыз етіледі. 

Мектепалды 

даярлық 

сыныптары 

педагогтерінің 

қызметін 

ұйымдастыру 

Мектепалды  даярлық  сыныбының  мұғалімі  білім    беру  процесін  

ұйымдастыру үшін:  

балалардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз етеді; 



топтағы білім беру әрекетін жоспарлайды; 

денсаулықты сақтау шараларын жүргізеді; 



білім  беру  салаларын  кіріктіруді  ескеріп,  заттық-кеңістік  дамытушы 

ортаны құрады; 

балалармен жұмыста тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады; 



жеткен нәтижелерді талдау негізінде бала мен сыныптың алдағы әрекетін 

жобалайды; 

озат  педагогикалық  тәжірибені  зерделейді,  инновациялық  әдістер  мен 



технологияларды қолданады; 

балаларды  тәрбиелеу  мен  оқыту  мәселелері  бойынша  ата-аналарға  



консультациялық көмек көрсетеді; 

мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  инклюзивті  тәрбиелеу  мен  оқыту  үшін 



қажетті жағдайларды жасайды. 

Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі сыныптың күн тәртібіне сәйкес 

келесі  әрекеттерді  жүзеге  асырады:  сабақтарды  жүргізу,  балалармен  қарым-

қатынас, ойындар, ата-аналармен жұмыс және т.б.     



Мемлекеттік, орыс, шет тілдерінің педагогтері: 

үйретілетін  тілдің  ерекшелігін  ескеріп,  сабақтарды  жоспарлайды  және 



ұйымдастырады;  

Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

30 


оқытудың  әртүрлі  формалары,  әдістері,  тәсілдері  және  құралдарын 

қолданады; 

-  


балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді; 

баланың  тілдерге  жеке    қабілеттерін  байқайды  және  оны  дамытуға 



жәрдемдеседі; 

интерактивтік  жабдықтар  негізінде  инновациялық  технологияларды 



қолданады; 

үш тілді оқытуд жүзеге асырады.   



Мемлекеттік,  орыс  және  шет  тілдерінің  мұғалімдері  ҮОЖ  тілді  мақсатқа 

бағыттап үйретуді жүзеге асырады. 



Музыка мұғалімі:балалардың музыкалық дамуын жүзеге асырады; музыка 

сабақтарын,  балалар  мерекелері  мен  басқа  да  мәдени-бұқаралық  ісшараларды 

ұйымдастырады  және  өткізеді;  музыкаға  дарынды  балаларды  анықтайды; 

балалармен  жеке  жұмыс  жүргізеді;  балаларды  музыкаға  тәрбиелеу  мәселелері 

бойынша ата-аналарға кеңес береді.   

Дене  шынықтыру  мұғалімі:сабақтарды  жоспарлайды  және  өткізеді;  дене 

тәрбиесі  бойынша  озат  педагогикалық  тәжірибені  зерделейді  және 

инновациялық технологияларды қолданады. 

 

 



Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

31 


 



БАСТАУЫШ  БІЛІМ  БЕРУ  ДЕҢГЕЙІНДЕГІ  ПӘНДЕРДІ  ОҚЫТУ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

 

3.1  Жаңартылған  білім  мазмұны  бойынша  1-сыныпта  пәндерді 



оқытудың ерекшеліктері 

 

2016-


2017  оқу  жылы  1-сынып  мұғалімдері  мен  оқушылары  үшін  ерекше 

оқу  жылы  болып  табылады.  Елімізде  мектеп  табалдырығын  аттаған    барлық  

1-

сынып оқушылары ҚР МЖМБС-2015 сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу 



жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқитын болады. 

Отандық  орта  білім  мазмұнын  жаңарту  барысында  қазіргі  өмірде  кең 

ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және 

этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, сондай-ақ 

өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік береді. «Кең ауқымды дағдылар» 

келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану; сыни 

тұрғыдан  ойлау;  зерттеу  жұмыстарын  орындау;  АКТ  қолдану;  тілдік 

дағдылармен  бірге  қарым-қатынастың  коммуникативтік  тәсілдерін  қолдану; 

топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі.  

Жаңартылған  білім  мазмұны  жағдайындағы  мектептің  ерекшелігі  – 

оқудағы  жетістіктер  нәтижелі  сипатқа  ие,  ал  оқу  процесі  оқушылардың  әрбір 

сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайларда 

оқушы  –  таным  субъектісі,  ал  мұғалім  оқушылардың  танымдық  әрекетінің 

ұйымдастырушысы қызметін атқарады.  

Әрбір  оқушыны  жасына  да,  мүмкіндігіне  да  қарамастан  тұлға  ретінде 

қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Оқыту мақсаты оқушы және мұғалім 

үшін  ортақ  болады,  міне,  білім  мазмұнын  жаңартудың  педагогикалық 

аспектісінің мәні осында.  

 

Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастайды, ол жаңарту процесінің 



әлеуметтік  аспектілерін  көрсетеді.  Мұғалім  педагогикалық  ойлау 

немқұрайлығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы тиіс. 

Білім  алушылардың  қолайлы  дамуы  үшін  достық  қарым-қатынастағы 

ортаны құру өте маңызды болып табылады. 

Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш мектепте: 

 



энциклопедиялық  сипаттағы  фактологиялық  материалды  беруге 

бағытталған оқытудан, акцентті ақпарат алу тәсілдерін үйретуге ауыстыру; 

 

ынтымақтастыққа және дербестікке қабілетті тұлғаны әлеуметтендіру; 



 

ақпаратты  өздігінен  алу,  талдау  және  тиімді  қолдану  дағдысын 



қалыптастыру; 

 



оқу  бағдарламаларында  көрсетілген  білім  мазмұны  анықталатын  және 

білім  салалары  бойынша  әрі  қызмет  аспектілерін  көрсететін  күтілетін 

нәтижелерге көңіл аударатын оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан бас тарту 

көзделеді,  яғни  оқушылар  «біледі»,  «түсінеді»,  «қолданады»,  «талдайды», 

«жинақтайды», «бағалайды».  

Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері: 

пән  мазмұнын  жобалаудың  күрделілік  ұстанымы,  яғни  білім  мен 



Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

32 



біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп 

кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру); 

таным  заңдылығы  мен  пәндік  операциялардың  неғұрлым  маңызды 



түрлері  бойынша  ойлау  дағдысының  деңгейлік  жіктелімдеріне  негізделген 

Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы; 

білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық 



мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру; 

бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды 



жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болу; 

бөлімдер  мен  ұсынылған  тақырыптар  мазмұнының  уақыт  талабына  



сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару; 

оқу  процесін  ұзақ  мерзімді,  орта  мерзімді,  қысқа  мерзімді  жоспарлар 



түрінде технологияландырылу болып табылады. 

Бастауыш білім беру деңгейінің ең күрделі және жауапты кезеңі – бірінші 

сыныпта оқу процесін ұйымдастыру. 

1 сыныптарда оқыту мақсаты - 6-7 жастағы бүлдіршіндерде буынмен оқу, 

тұтас сөздерді оқу, мәнерлі мазмұндау, жатқа айту қабілеттерін қалыптастыру, 

сауатты жазу қабілеттеріне дағдыландыру, байланысты сөйлеуін дамыту және 

т.б.  болып  табылады.  Сондықтан,  бірінші  сыныптықтардың  танымдық 

қызметінің  оң  мотивациясын  қалыптастыру  ерекше  маңызды  болып  саналады 

және  оқу  процесі  қарапайымнан  күрделіге,  жеңілден  қиынға  өту  қағидасы 

бойынша құрылуы тиіс.  

Бірінші  сыныптардың  оқушыларына  оқу  жылының  бірінші  жарты 

жылдығында баға қойылмайды,  ынталандырудың басқа әдістері  мен  тәсілдері 

қолданылады. Бірінші сыныпта оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді. 

Білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды.  



ҚР  БҒМ  2013  жылғы  17  қыркүйектегі  №  375  бұйрығына  сәйкес  1 

сыныпта балалардың оқу процесіне бейімделу кезеңін жеңілдету мақсатында 

оқу  жүктемесі  бірте-бірте  ұлғайтады,  яғни  оқу  жүктемесін  біртіндеп 

өсірудің  «сатылы»  сабақ  кестесі  қолданылады:  қыркүйекте  ұзақтығы  35 

минуттан  үш  сабақ  екiншi  тоқсаннан  бастап  35  минуттан  төрт  сабақ 

жоспарланады;  екiншi  жартыжылдықтан  бастап  сабақтар  45  минуттан 

болады. 

1  сыныпта  қосарланған  сабақтарды  өткізуге  жол  берілмейді  (ҚР  Ұлттық 

экономика  министрінің  2014  жылғы  29  желтоқсандағы  №179  бұйрығымен 

бекітілген 

«Білім 

беру 


объектілеріне 

қойылатын 

санитариялық-

эпидемиологиялық  талаптар»  санитариялық  қағидалары).  Оқу  жылының 

барысында 1 сынып оқушылары үшін ІІІ тоқсанда қосымша 1 апталық демалыс 

беріледі.  

Сабақ  кестесіндегі  үзілістердің  ұзақтығы  оқушылардың  тамақтануы  мен 

белсенді демалысын ескеруі қажет.  



Ортақ тақырыптар 

Пәндерді,  бөлімдерді,  тақырыптарды  кіріктіру,  сондай-ақ  пәнаралық 

байланыстарды  жүзеге  асыру  құралы  –  ортақ  тақырыптар  –  жаңартылған 

бағдарламалардың  бірден  бір  ерекшелігі  болып  табылады.  Олар  барлық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет