Информация о проведении Облумц



Pdf көрінісі
бет6/71
Дата01.02.2017
өлшемі4,22 Mb.
#3181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71

2017 оқу жылы

 

 

40 



Бастауыш  мектептің  1  сыныбына  арналған  оқу  пәндері  мазмұнының 

әдістемелік ерекшеліктері: 

1-

сыныпта  ҚР  МЖМБС-2015  сәйкес  дайындалған  үлгілік  оқу 



жоспарларында  «Тіл  және  әдебиет»,  «Математика  және  информатика», 

«Жаратылыстану»,  «Адам  және  қоғам»,  «Технология  және  өнер»,  «Дене 

шынықтыру» білім беру салалары бойынша оқу пәндерін оқыту енгізілген. 

«Тіл  және  әдебиет»  білім  беру  саласы  «Сауат  ашу»,  «Қазақ  тілі  (Т2)», 

«Орыс тілі (Т2)», «Ағылшын тілі» пәндерін қамтиды. 

 

Сауат ашу 

«Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы оқушыларда сөйлесім әрекетінің төрт 

түрін  дамыту  қажеттілігімен  анықталады  (тыңдалым,  айтылым,  оқылым  және 

жазылым). Пәнді оқытуда оқылым және жазылым дағдыларын дамыту жұмысы 

кіріктіріле жүргізіледі.  

Сауат  ашу  процесінде  үш  кезеңді  көрсетуге  болады:  әлiппеге  дейiнгi, 

әліппе,  әліппеден  кейінгі.  Сауат  ашудың  әліппе  кезеңі  бірінші  тоқсанда 

басталып,  үшінші  тоқсанда  аяқталады.  Әліппеден  кейінгі  кезең  4-тоқсаннан 

басталады. 

Дыбыс  және  әріппен  таныстыруға  бөлінетін  сағат  санын  білім 

алушылардың  оқу  материалын,  оқыту  мақсаттарын  меңгеру  мен  әр  кезеңнің 

тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалім өзі реттеуі мүмкін.  

Оқу  жылының  соңында  оқу  жылдамдығының  нормасы:  минутына  25  сөз 

және белгі;  бірінші жартыжылдықта оқу техникасы тексерілмейді. 



1-

сыныптар үшін жазба жұмыстарының нормасы 

Бірінші жартыжылдықтың соңында: айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді 

(3-

5  сөз),  сөйлемдерді  (2-3  сөзден  тұратын)  жазу;  баспа  әріптермен  берілген 



мәтінді (10-15 сөзден артық емес) көшіру жұмыстарын орындай алуы тиіс.  

Екінші  жартыжылдықтың  соңында:  1)  күрделі,  айтылуы  мен  жазылуы 

әртүрлі  сөздерді,  құрамында    дауыстылар,  ұяң,  үнді  және  қатаң  дауыссыздар, 

йотты  дауыстылар  кездесетін  сөздерді  тыңдау  арқылы  жазу  (8-10  сөз);                              

2) сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз және белгі) 

тыңдау  арқылы  жазу;  3)  сұрақтарға  жауап  жазу  арқылы  мәтіннің  мазмұнын  

жеткізу  (15-20  сөз  және  белгі);  белгілі  бір  тақырыпқа  сөйлемдер  құрастыру 

және жазу (2-4 сөйлем) жұмыстарын орындай алуы керек.  

«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағат, 

оқу жылына 198 сағатты құрайды.  

 

Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді емес сыныптар үшін) 

 

«Қазақ тілі» пәнін оқыту процесі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым 

әрекеттері  арқылы  ұйымдастырылады.  Оқу  процесінде  жүйелі  жүргізілетін 

сөздік  жұмысы,  әңгіме  оқу,  мәтінмен  жұмыс  жасау,  өлеңдер  жаттау, 

жағдаяттық  тапсырмалар  орындау,  постерлермен  жұмыс  істеу,  сахналық 

қойылым дайындау белсенді әдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік 

қоры  жетілдіріледі.  Бастауыш  сыныптардағы  қазақ  тілі  пәнін  оқытуда 


Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

41 



оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мен  қоршаған  ортаны  қабылдауға  қатысты 

психологиялық жай-күйі ескеріледі. 

Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың білім, білік 

дағдыларына  қойылатын  талаптар  «Шет  тілін  меңгерудің  жалпы  еуропалық 

құзыреті»  (CEFR)  деңгейлерін  (А1,  А2)  негізге  алып  айқындалған  және  әр 

деңгейдің соңында күтілетін нәтижелер берілген. 

Пәннің  маңыздылығы  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  мәртебесімен  және 

ойды  түсінікті  жеткізуді  мақсат  тұтатын  коммуникативтік  бағытымен 

дәйектеледі.  Өзге  тілде  білім  алатын  бастауыш  сынып  оқушысын  қазақ  тілін 

сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгертуді 

көздейді. Қазақ тілін оқыту Қазақстан Республикасының қоғамдық-әлеуметтік, 

ұлттық,  т.б.  ерекшеліктерін  ескере  келе,  тілді  үйретудің  тиімді  әдіснамасын 

жетілдірудің жолын айқындады. Тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің 

тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріліп, тілдерді оқытудың жаңа 

бағыттары белгіленді. 

1-4-


сыныптарда  қарапайым деңгейдің 4 игерімін меңгерту талап етіледі: 

1) 1-2-


сыныптардағы қарапайым деңгей - А1  2 игерімді қамтиды: 

бастапқы жеңіл  игерім  А1 – 1-сынып;  

бастапқы орта  игерім А1.1 – 2-сынып. 

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылында 

66 сағатты құрайды. 

 

Орыс тілі (оқыту орыс тілді емес сыныптар үшін) 

Особенностью  в  обучении первому,  второму  и  третьему  языкам  является 

введение  единого  речетематического  режима,  позволяющего  расширить  

словарный  запас,  отрабатывать  коммуникативные  навыки  в  рамках 

интегрированной речевой тематики.

   


По окончании начальной школы ученики 

должны владеть языком на элементарном уровне А1, А2 (начальный уровень) 

согласно  системе  уровней  «Общеевропейской  рамки  владения  языками» 

(CEFR).  Важность  предмета  «Русский  язык»  в  образовательной  программе 

определена статусом русского языка как средства межнационального общения 

в  Республике  Казахстан,  его  значимостью  в  создании  полиязычного 

пространства. 

Система  целей обучения определяет  содержание предметов    и  выстроена 

из пяти разделов: «Слушание», «Говорение», «Чтение», «Письмо», «Языковые 

нормы». 


Объем  учебной  нагрузки  по  предмету  составляет  2  часа  в  неделю,  в 

учебном году 66 часов.  

 

Ағылшын тілі 

«Ағылшын  тілі»  пәні  оқушыда  өз  халқының  мәдениеттері  мен  рухани 

құндылықтарының диалогы, ұлттық біртектілік, азаматтық, мораль және тілдік 

мінез-құлық нормалары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.  



Шет  тілін  оқытудағы  бастауыш  білім  деңгейі  қарапайым  деңгейді 

меңгеруге  бағдарланған  және  тілді  меңгерудің  Жалпыеуропалық 

Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

42 



құзыреттіліктеріне  (CEFR)  сәйкес  А1 қатысты  болады  (түрткілеу  деңгейі - 

Breakthrough).  

Табиғи  тілдік  орта  болмаған  жағдайда  ағылшын  тілін  меңгеруді  табиғи 

жағдайларға  жақындату  мақсатында  келесі  дидактикалық  қағидаларды 

басшылыққа  алу  маңызды:  оқу  материалын  азайту,  коммуникативтік  және 

функционалдық,  кешендік,  тәрбиелеп  оқыту,  белсенділік,  көрнекілік, 

материалды  жағдаятты-тақырыптық  ұйымдастыру,  жүйелілік  және  бірізділік, 

меңгерудегі  орнықтылық,  қолжетімділік  (шамаға  лайықтылық,  дараландыру 

және сараландыру. 



Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылында 

66 сағатты құрайды. 

 

«Математика  және  информатика»  білім  беру  саласы  «Математика» 

пәнін қамтиды. 

 

Математика  

Математика  пәні  бастауыш  білім  деңгейінде  «Математика»  білім 

саласындағы кіріктірілген пән. Оны игеру 1 000 000-ға дейінгі натурал сандар 

және  нөл  санының  арифметикасы,  негізгі  шамалар,  алгебра  мен  геометрия 

элементтерін негізгі орта мектеп деңгейінде білімді жалғастырудан тұрады.  

1-

сыныпта 0 санынан 20 санына дейінгі сандармен; 10-ға дейінгі сандарды 



қосу  мен  азайту  арифметикалық  амалдарымен;  «ондық»,  «жүз»  сандарымен 

таныстыру  басталады;  2-сыныпта  қарастырылатын  100-ге  дейінгі  сандарды 

игеруге дайындық жүргізіледі.  

 

3-



кесте  –  1-сыныпта  «Математика»  пәні  бойынша  жүргізілетін  бақылау 

жұмыстарының түрлері және саны 

Сынып  

Жұмыс түрлері 



1  

тоқсан 


тоқсан 


3  

тоқсан 


 

тоқсан 



1 сынып 

Бақылау жұмысы 





Өзіндік жұмыс 





Барлығы  







 

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 4 сағат, оқу жылында 

132 сағатты құрайды. 

 

«Жаратылыстану» білім беру саласы «Жаратылыстану» пәнін қамтиды. 

 

Жаратылыстану 

«Жаратылыстану»  оқу  пәні  «Адам  –  Табиғат»  жүйесі  шеңберінде 

қарапайым ғылыми білім деңгейін қамтамасыз етеді. Ол «Биология», «Физика» 

және «Химия» дербес пәндерін білім берудің келесі деңгейлерінде оқытудағы 

кіріспе  курс  болып  табылады,  сондай-ақ  білімнің  кез  келген  саласы  үшін 


Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

43 



маңызды болып табылатын зерттеу дағдыларының негізін қалайды.  

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 

33 сағатты құрайды. 

 

«Адам  және  қоғам»  білім  беру  саласы  «Дүниетану»,  «Өзін-өзі  тану» 

пәндерін қамтиды. 

 

Дүниетану 

«Дүниетану»  пәнінің  мазмұны  осы  пән  қоғамдық-гуманитарлық 

ғылымдарының кіріспе курсы болып табылатындай өзгертілген. Ол Қазақстан 

халқының  әлеуметтік,  моральдық,  шығармашылық  және  коммуникативтік 

жақтарының жалпы бейнесін көрсетеді, оқушыларда ең алдымен өзі, үйі және 

отбасы туралы сұрақтар негізінде қоршаған әлем туралы түсініктерін дамытуға 

ықпал етеді.   

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 

33 сағатты құрайды. 

 

Өзін-өзі тану 

Бастауыш  сыныпқа  арналған  өзін-өзі  тану  бағдарламасы  білім  берудің 

құндылықты мәнін күшейте отырып адамның сүю, өзіне сену, жақсылық жасау, 

қайырымдылық  көрсету,  өзіне  және  өзгелерге  қамқорлық  жасау,  позитивті 

ойлау,  адамгершілік  таңдау  жасау,  дәстүрлерді  бағалау  және  еселеу, 

қалыптастыру,  өзіне  жауапкершілік  алу,  өз  бетінше  кемелдену  қабілеттерін 

ашуға бағытталған. 

Бағдарлама  мазмұны  өзін  тану,  өз  қылықтарын  салыстыру,  талдау, 

олардың этикалық мазмұнын көру мен бағалауын көздейді.  



Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 

33 сағатты құрайды. 

 

«

Технология және өнер» білім беру саласы «Музыка», «Көркем еңбек» 

пәндерін қамтиды. 

 

Музыка 

Бастауыш  мектептегі  «Музыка»  пәні  мазмұнының  ерекшелігі  болып 

табылады: қазақ музыкалық фольклорының, дәстүрлі, классикалық және қазіргі 

музыканың  ең  озық  үлгілерін;  музыкалық  сауаттылық  негіздерін;  тәжірибелік 

дағдыларды  іске  асыруда  музыкалық  материалды  (композиторлар,  халықтық 

және  классикалық  музыкалық  аспаптар,  музыкалық  жанрлар  мен  стильдер 

туралы мәліметтер); АКТ қолдана отырып, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық 

аспаптарда  ойнау,  суырып  салуға  арналған  музыкалық-шығармашылық 

тапсырмаларды қамту; музыканы өнердің басқа да түрлерімен және пәнаралық 

салалармен  пәнаралық  кіріктіру.  Оқу  бағдарламасының  бөлімдері  мен 

бөлімшелерін  құру  логикасы  музыкалық  шығарманы  ұғыну  мен  түсіну 

(музыканы  тыңдау  және  қабылдау,  тыңдаған  музыканы  талдау  және  сезіну) 

негізі ретінде ақпаратты қабылдауға негізделген. 6-7 жастағы балалар өз пікірін 


Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

44 



айтуға, оқыту мазмұны бойынша сұрақтар қоюға, оларға жауап табуға үйренуі 

тиіс.   


Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 

33 сағатты құрайды. 

 

Көркем еңбек 

Бастауыш  сыныптардағы  жаңартылған  оқу  бағдарламасының  ерекшелігі 

«Бейнелеу  өнері»  және  «Еңбекке  баулу»  оқу  пәндерін  біріктіретін  «Көркем 

еңбек»  кіріктірілген  пәнін  енгізу  болып  табылады.  Ол  кеңістіктік  және  көру 

елестерін, қиялы мен байқағыштығын түрлі шығармашылық қызметте көркем-

технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.  

Түрлі  материалдармен  жұмыс  оқушыларда  технологиялық  пікір 

қалыптастыруға,  көркем-эстетикалық  талғам,  шығармашылық  қабілет,  жады, 

кеңістіктік  қиял,  фантазия,  қол  моторикасын  дамытуға,  көз  мөлшерін 

жетілдіруге ықпал етеді.  

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 

33 сағатты құрайды. 

 

 «

Дене  шынықтыру»  білім  беру  саласы  «Дене  шынықтыру»  пәнін 

қамтиды. 



 

Дене шынықтыру 

Бағдарламаның  мақсаты  оқушыларды  дене  шынықтыру  негіздерімен, 

таныстыру,  атап  айтқанда,  спорттық-арнайы  қозғалыс  дағдылары  мен 

физикалық  қабілеттер  алуымен  қатар,  олардың  физикалық  денсаулығын 

дамытуға ықпал ету болып табылады.  

Дене  шынықтыру  мұғалімі  денсаулығына  байланысты  арнайы 

медициналық топқа жатқызылған оқушылармен сабақ ұйымдастыру үшін дене 

жаттығуларының  өсіп  келе  жатқан  организмге  тигізетін  ықпалы  мәселелері 

бойынша  жеткілікті  дайындығы  болуы  тиіс.  Дене  шынықтыру  мұғалімдері 

оқушы организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне (жетілуіне) 

сәйкес өздерінің педагогикалық тәсілдерін бақылауы және өзгертуі тиіс.  

Оқушылар  сырқатының  ауырлығына  және  сипатына  байланысты  арнайы 

медициналық  топқа  жатқызылған  оқушыларды  қозғалыс  жаттығуларын 

тағайындауда  анағұрлым  сараланған  тәсілдеме  қолдану  мақсатында  А  және  Б 

топшаларына бөлу ұсынылады: 

А  топшасы  –  денсаулық  жағдайында  қайтымды  сипаттағы  ауытқуы  бар, 

түрлі сырқаттармен әлсіреген оқушылар;  

Б  топшасы  –  ағзалары  мен  жүйелерінің  қызметінде  ауыр,  қайтымсыз 

өзгерістер  бар  оқушылар  (жүрек-тамыр,  зәр  шығару  жүйелерінің,  бауырдың 

органикалық  зақымданулары;  көз  түбінің  өзгеруімен  жоғарғы  деңгейдегі  көз 

кемшілігін түзетуінің бұзылуы).  

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағат, оқу жылында 

99 сағатты құрайды. 

 


Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

45 



3.2 

Қолданыстағы  білім  мазмұны  бойынша  2-4-сыныптарда  пәндерді 

оқыту ерекшеліктері 

 

Біздің  республикамызда  2016-2017  оқу  жылында  1-сынып  оқушылары 

жаңартылған білім мазмұнына көшеді.  

2-

4 сынып оқушылары қолданыстағы ББ МЖМС-2012 мазмұны бойынша 



оқуды жалғастырады.  

Бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  негізгі  міндеті  оқу,  шығармашылық, 

көркемдік,  еңбек,  спорт  қызметінде  дербестікті  қалыптастыру,  алға  қойған 

мақсаты  бар,  еңбексүйгіш,  салауатты  өмір  сүруге  ұмтылатын,  өз  жұмысын 

жоспарлай  алатын  және  өздігінен  білім  ала  алатын,  негізгі  мектепте  оқуға 

(білім алуға) дайын оқушыны тәрбиелеу.  

4-

сынып  оқушыларын  оқытуда  білім  беру  процесіне  оқытудың  белсенді 



түрлерін:  дәлелдерді  құру,  жалпы  сыныптық,  топтық,  жұптық  жұмыстарды 

ұйымдастыру,  диалог  әдісі,  бір  сабақ  аясында  әртүрлі  тапсырмаларды 

қолдануды  енгізуге ерекше назар аудару қажет.  Әсіресе оқу, жазу, математика 

мен жаратылыстану пәндерінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға 

ерекше  назар  аудару  қажет,  өйткені  4-сынып  оқушылары  бастауыш  сыныпты 

аяқтаған соң, 5-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша оқитын болады.  

Ең маңызды міндеттердің бірі – оқушының сабақтағы жұмысы мұғалімнің 

жұмысынан басым болуы қажет. Бұл міндетті шешуде оқуға уәжі жоғары және 

оқуда  қиындықтары  бар  балалар  үшін  сабаққа  тапсырмаларды  дайындауда 

оқытудың  қосымша  ресурстарын  тарту,  оқыту  түрлерінің  көптүрлілігі  және 

бақылау  мен  өзіндік  бақылау  түрлері  көмектеседі.  Сын  тұрғысынан  ойлау 

стратегиясын  қолдану  әр  оқушының  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  береді, 

осылайша оқытудың тиімділігін арттырады. 

Үй  тапсырмасы  бастауыш  сынып  оқушыларына  демалыс  күндері  және 

демалыс уақытына берілмейді.  

Үй  тапсырмасының  көлемі  сыныпта  орындалған  жұмыстың  30%-нан 

аспауы  қажет.  Күрделі  қиындықтағы  ерекше  белгімен  (*)  белгіленген 

тапсырмалар үйге берілмейді. Әр пән бойынша үй тапсырмасы көлемі бойынша 

қатаң  түрде  реттелген  және  басқа  пәндер  бойынша  тапсырмалармен  үйлесуі 

қажет.   

Барлық  оқыту  және  бақылау  жұмыстары  түрлерін  орындау  үшін 

оқушыларда  жеке  дәптерлері  болуы  қажет  (пән  бойынша  оқушылар 

дәптерлерінің саны 4-қосымшадан қараңыз). 

 

Бастауыш білім беру мазмұны жеті білім беру саласын құрайды: «Тіл және 



әдебиет»,  «Математика»,  «Жаратылыстану»,  «Адам  және  қоғам»,  «Өнер», 

«Технология», «Дене шынықтыру». 

 

 

«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ  

 


Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

46 



Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді сыныптар үшін) 

«Қазақ  тілі»  пәні  −  бастауыш  сынып  оқушыларын  алғашқы  тілдік  білім 

негіздерімен  қаруландыратын,  тіл  арқылы  қарым-қатынас  жасау  қызметінің 

барлық  дағдысын  (тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым)  меңгертетін  және 

олардың ақыл-ойын дамытатын пән.  

Пәнді  оқыту  ерекшелігі  –  грамматикалық  материалдар  жүйелi-шоғырлы 

ұстанымға  негiзделiп,  кешендi  сипатта  берілді.  Пән  мазмұны  «Тіл  және 

сөйлеу», «Дыбыс және әріп», «Мәтін», «Сөйлем», «Сөз және оның мағынасы», 

«Сөз  құрамы»,  «Сөз  таптары»  бөлімдерінен  тұрады.  Тілдік  саладағы  барлық 

тоғыз сөз табы мен олардың белгілері таныстырылады.  

«Қазақ тілі» пәні 2-4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық 

жүктемесі 136 (116 + 20) сағатты құрайды.  

Пәнді  оқытудың  басты  ерекшелігінің  бірі  –  оқушылардың  сауаттылығын 

арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру.  

Қазақ  тілі  пәні  бойынша  оқушылардың  жетістіктерінің  деңгейін  бағалау 

жазбаша жұмыс түрлерінде жүргізіледі: диктант; грамматикалық тапсырмалар; 

бақылау мақсатымен көшіру; мазмұндама; шығарма; тест тапсырмалары. 

Диктантты ұйымдастыру және өткізу 

Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс, яғни 

өткен сабақ материалдары негізінде алынады. 

Егер  мәтін  құрамында  өтілмеген  емле,  тыныс  белгілері  немесе  айтылуы 

мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады; 

 



диктанттың  қай  түрі  болмасын,  мұғалім  мәтінді  орфоэпия  заңына 

сүйеніп, кідіріс (пауза) жасап, толық оқиды; 

 

мәтінді  жазбас  бұрын  оқушыларға  оны  бар  ынта-зейінімен  тыңдап, 



мазмұны бойынша жазуды қадағалап отыру тапсырылады; 

 



оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей 

қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып жазуға кіріскен жөн; 

 

жазу барысында 6-8 сөзден құралған сөйлемдер қайталанады. 



Оқушылардың  грамматикалық  талдау  білімдерін  сынау  мақсатында 

алынған  бақылау  жұмыстарда  2-3  грамматикалық  талдау  тапсырмалары 

болады. 

2, 3, 4-


сыныптарда мұндай бақылау жұмыстары 35-40 минут өткізіледі (4-

кесте). 


 

4-

кесте – Диктант мәтінің көлемі 



Сыныптар 

Тоқсандар/сөздер саны

 



II 



III 

IV 


сынып 


19-22 

22-25 


25-28 

28-30 


сынып 


32-35 

35-40 


40-55 

55-60 


сынып 


65-68 

68-70 


70-75 

75-80 


Бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің саралануы: 

Қателер: 

Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

47 



 

сөздердің жазылу ережесін бұзуды қоса алғанда күрделі қателер кеткен 



жағдайда, орын ауыстыру, алмастыру, сөздерде артық әріптердің кездесуі; 

 



емле ережесі бойынша қате жазылған сөздер; 

 



мәтіндегі тыныс белгілерінің сөйлемнің соңында болмауы және бас әріп 

сөйлемнің басында жазылмауы; 

 

орфографиялық ережелер бойынша жіберілген қателер; екі бірдей қате 



 

әртүрлі сөзде кездесуі екі қате болып саналады (қайы



н

ның сы


ң

ыпты


н

); 


 

бірдей  әріптен  жіберілген  қате  үш  рет  қайталанса,  екі  қатеге 



есептелінеді, екі рет жіберілсе, бір қатеге есептелінеді; 

 



мәтін  мазмұны  (мазмұндамада)  тақырыптан  алшақтаған,  ойды  жүйелі 

жеткізуде  кемшіліктер;  мазмұндама  жазуда  шығарма  мазмұнын  өзгертетін, 

авторлық мәтіннен айтарлықтай ауытқулар бар; 

 



әр бөлім арасында байланыс жоқ, сөздік қоры жұтаң, баяндаудың негізгі 

бөлімінің  болмауы,  автор  мәтінінде  көрсетілген  маңызды  оқиғалардың  түсіп 

қалуы; 



 



сөздердің мағынасына сәйкес қолданылмауы (мазмұндамада).   

Диктантта бір қате болып саналады: екі түзету; екі пунктуациялық қате; 

қатенің бір сөзде қайталануы; екі өрескел емес қате. 

Өрескел  емес  қателер:  сөзде  бір  әріптің  қайталануы;  сөздің  қате 

тасымалдануы;  сөйлемде  бір  сөздің  екі  рет  қайталанып  жазылуы;  жазылуы 

аяқталмаған сөз; 

Кемшіліктер: сөйлем соңында тыныс белгісінің қойылмауы, келесі сөйлем 

бас әріптен жазылған жағдайда; азат жолдың болмауы;  



Диктантта  қате  деп  саналмайды:  диктант  үшін  ұсынылатын  мәтіндер 

орфографиялық  тұрғыдан  таныс  болмаған  жағдайда,  яғни  жіберілген  қателер 

өткен сабақ материалдарында қарастырылмаған жағдайда; ерекше жағдайда бір 

сөзді екінші сөзбен мағынасын өзгертпей ауыстыру. 

«5»  бағасы,  егер  оқушы  барлық  тапсырмалар  қатесіз  орындаса, 

түсініктерді,  анықтамаларды,  ережелерді  саналы  түрде  меңгеруін  анықтаса 

және  өз  бетінше  жұмыс  орындау  барысында  білімдерін  қолданған  кезде 

қойылады; 

«4»  бағасы,  егер  оқушы  ережелер  мен  анықтамаларды  саналы  түрде 

меңгерсе;  сөз,  сөйлем  талдау  барысында  білімдерін  қолдана  білсе,  кемінде 

тапсырмалардың 3/4 бөлігін дұрыс орындаса (1-2 қате жіберілсе) қойылады. 

«3»  бағасы,  егер  оқушы  оқылған  тақырыптардың  белгілі  бір  бөліктерін 

меңгерген,  тапсырмалардың  жартысынан  артығын  дұрыс  орындаған  жағдайда 

(3-


5 қате жіберілсе) қойылады. 

«2» бағасы, оқушының оқу материалын нашар білетіні анықталса, көптеген 

грамматикалық  тапсырмаларды  орындай  алмаса  (5-тен  артық  қате  жіберілсе) 

қойылады. 



Мазмұндаманы,  шығарманы ұйымдастыру және өткізу  

2-

4 сыныптарда оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізу 



білігін  тексеру  мақсатында  мазмұндама,  шығарма  жазуға  үйрететін  жұмыс 

жүргізіледі.  Осы  жұмыстарға  1  сағаттан  кем  емес  уақыт  бөлу  ұсынылады. 

Оқыту сипатындағы шығармашылық жұмыс жүргізудің  кезеңділігі – шамамен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет