Информатик а



бет29/56
Дата20.01.2022
өлшемі1,62 Mb.
#24150
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56
Байланысты:
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

Телекоммуникация (Telecommunications) — компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметгерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас). Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық байланыс; мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу.


8 Лекция



ТАҚЫРЫБЫ: К И Б Е Р Қ А У І П С І З Д І К.
Ақпараттық қауіпсіздік — мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.

Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесі (АЖ) ретінде келесі объектер жиынтығын түсіну керек:



  1. есептеуіш техника құралдарын;

  2. программалық жасауды;

  3. байланыс арналарын;

  4. түрлі тасушылардағы ақпараттарды;

  5. қызметшілер мен жүйені пайдаланушыларды.

АЖ-нің ақпараттық қауіпсіздігі жүйенің мына күйлерінде:

  1. жүйенің сыртқы және ішкі қауіп-қатерлердің тұрақсыздандыру әсеріне қарсы тұра алу қабілеті бар кезіндегісі;

  2. жүйенің жұмыс істеуі және жүйенің бар болуы сыртқы ортаға және оның өзінің элементтеріне қауіп келтірмеуі кезіндегісі қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет