Компьютерде файл және бумамен жұмыс жасаудың ортақ ережесін ұсыныңдар.
Бағалау Жұптағы оқушылар бір- бірін
«Мадақтаусөздері»әдісі
арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы!Талпын!
Сабақтың соңы7 мин Рефлексия
Сабақты бекіту Диалогті ұйымдастыру немесе жазбаша тарату арқылы жүргізіледі.
Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беруі керек:
Сабақ барысында көңіл күйің қандай болды?
Сабақтың қай бөлігі түсініксіз болды?
Файлдар
форматын білу қай дәрежеде маңызды?
Бағалау Мұғалім оқушыларды
«Мадақтаусөздері» әдісіарқылы бағалайды.
Жарайсың!Жақсы! Талпын!
Үйтапсырмасы: Көп деңгейлі (иерархиялық) құжаттардан тұратын құжат жасаңдар. Негізгі буманы «Пәндер» атымен атаңдар. Бума ішінде өзің ұнатып оқитын 3 пәннің атымен бума жасаңдар. Буманың ішіне сол пәндерді не үшін ұнататының жайлы мәтіндік файл жасап, сақтаңдар.
Қосымшазерттеу:
Файлдарды кеңейтудің 3 әріптен және 4 әріптен құралу себебін анықта. Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
ҚМЖ-ғаҚОСЫМША Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаты ескеріле отырып, сараланып жасалды.
Тапсырмаларды орындау барысында дербес (жеке-дара), жұппен, топпен жұмыс жасалады. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланды. Осы кезеңде саралаудың
«Қорытынды»,«Диалогжәнеқолдаукөрсету»,«Бағалау»,«Тапсырма»,«Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың
«Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру мүмкіндігі жоспарланды. Бұл саралаудың «Қарқын» тәсілі.