Топтастыру: Оқушылар шеңбер бойымен тұрған сәтінде алма, өрік, банан жемістерін кезекпен атау арқылы үш топқа бірігеді.
І топ: «Алма» ІІ топ: «Өрік» ІІІ топ: «Банан»
Оқулықпен жұмыс Білу және түсіну Ақпаратты «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы белгі қойып отырады:
+ - мұны білемін;
– - мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты; v – мен үшін бұл жаңа нәрсе;
? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет.
Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен сөйлеседі. Мәтіннің түсініксіз жерлерін түсіндіреді.
Жұптық жұмыс Сұрақтарды талқылау:
Жасанды интеллектіні қолданатын қандай салаларды атай аласыңдар?
Білім беру саласында жасанды интеллекті пайдаланылса, қандай мәселелерді шешуге болады деп ойлайсыңдар?
Жасанды интеллект ойынға не үшін керек?
Жасанды интеллектіні экономикада қолданудың қандай артықшылықтары бар деп ойлайсыңдар?
Интеллектуалды жүйелер дамыған жағдайда қандай маман иелері жұмыссыз қалуы мүмкін деп ойлайсыңдар?
ДК-мен практикалық жұмыс 1. а) Мәтінді орыс тіліне өздерің аударыңдар.
ә) Мәтінді мәшинелік аударманың көмегімен аударыңдар. б) Аудармаларды салыстырып, қорытынды жасаңдар.
Жасанды интеллекті қолданылатын саланы таңдап, оның сол салада қолданылу артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалаңдар. Кестені толтырыңдар.
Интернеттің іздеу жүйелерін қолданып, өз қызметінде жасанды интеллектіні белсенді түрде қолданатын 10 компанияның тізімін жасаңдар.
Интернеттің іздеу жүйелерін қолданып, жасанды интеллектіні қолдану қаншалықты жақсы болса да, оны өз қызметінде қолданудан қасақана бас тартып отырған 10 компанияның тізімін жасаңдар.
Топтық жұмыс 2-3 топқа бөлініп, берілген сұрақты талқылайды.
- Интеллектуалды жүйелер дамыған жағдайда қандай маман иелері жұмыссыз қалуы мүмкін?
Таратпа материалдар - 2
№1 тапсырма: Жасанды интеллектіні білім беру мен оқыту түрлеріне қолданудың сипаттамасынсалыстыр.