Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)
11.4.2.4 маркетингтік жарнама жасау (инфографика, бейне)
Сабақтың мақсаты
Маркетингтік жарнама жасау (инфографика, бейне)
Бағалау критерийлері
Инфографика дегеннің не екенін біледі;
Маркетинг жарнаманы (инфографика, бейне) қалай жасау керектігін сипаттай алады; Инфографика жасайды.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар: Инфографиканы жасау тәсілдерін түсіндіреді.
Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология: Маркетинг жарнамасы – marketing advertising
Контент-маркетинг – content marketing
Инфографика – infographics
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:
Стартапты жылжытқан кезде…
Стартапты дамытудың өзектілігі …
... деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін
Құндылықтарға баулу
“Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.
Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.
Пәнаралық байланыс
Ағылшын тілі
Алдыңғы білім
Стартап
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Түгелдеу.
Жағымды псиологиялық ахуал туғызу.
Топтастыру. «Үштікке саналу» әдісі арқылы оқушылар үштікке саналып үш топқа бірігеді.
««БІЛЕМІН. БІЛГІМ КЕЛЕДІ. БІЛДІМ» кестесін толтыру.
Білемін
Білгім келеді
Білдім
Оқушылар «Білемін» деген бағанға жазады. Мақсатты болжау: оқушылар мұғалімнің жетекші сұрақтарымен сабақтың мақсатын қалыптастырады.
«Білгім келеді» деген бағанға мұғалімнің қолдауымен бәрі жазады.
1-үлестірмелі материал
Сабақтың ортасы
Ұсынылған материалды «ИНСЕРТ» әдісімен оқыңдар, меңгерген материал бойынша екі нақтылаушы сұрақ қойыңдар. Топтағы көршілеріңе сұрақ қойыңдар.
Дескрипторлар:
белгі қойып оқу;
екі сұрақ қою;
3. берілген сұраққа жауап беру.
(Кері байланыс).
Сабағымыздың талқылауына кіріскен кезде мынаны қолданамыз:
«Жіңішке» және «жуан» сұрақтар әдісі. Стартап пен жарнамаға байланысты екі «жіңішке» және «бір» жуан сұрақ құрастырыңдар.
Содан кейін олар сұрақтарды қолдана отырып, бір-бірінен сұрайды.
Сұрақтар:
Контент-маркетинг деген не? Стартаптың алға жылжуында ол қандай рөл атқарады?
Неге инфографика стартапты жарнамалауға арналған жақсы құрал делінеді?
Инфографиканың қандай түрлерін білесіңдер?
Инфографикаға қандай талаптар қоя аласыңдар? Сол талаптарды негіздеңдер.