Келмегендер:
Сабақтың тақырыбы
|
Бұлттық технологияларды қолдану салалары.
|
Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)
|
11.1.1.1 бұлттық технологияның не екенін түсіндіру; 11.1.1.2 жалпы қолжетімді, қашықтағы файлдарды (мәтіндік құжаттар, күнтізбелер, таныстырылымдар кестелер) қолдану және оларды бірге түзету
|
Сабақтың мақсаты
|
Бұлттық технологиялар туралы түсінік қалыптастыру, жалпы қолжетімді файлдарды пайдалану, қолданылу салаларын түсіндіру.
|
Бағалау критерийлері
|
Бұлттық технологияларды қолдану салаларын біледі;
Бұлттық технологияларды түрлі салаларда қолдануға мысалдар келтіре алады;
Жеке зерттеу жүргізу арқылы бұлттық технологияларды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалай алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Бұлттық технологиялар ұғымын түсіндіре алады;
Бұлттық технологиялардың даму тарихы туралы әңгімелеп бере алады.
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:
Бұлттық технологияның ыңғайлы жері…
Файлдарға жалпы қолжетімділік беретін болсақ, …
Мен … деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін
|
Құндылықтарға баулу
|
“Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
|
|