Сынып: 11
|
Қатысқандар:
|
Келмегендер:
|
Сабақтың тақырыбы
|
«еGov электрондық үкімет порталымен жұмыс істеу» практиктикумы
|
Осы сабақта қол жеткізілуі тиіс оқу мақсаттары
(оқу программасына сілтеме)
|
11.1.2.3 электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалану алгоритмін сипаттау 11.3.4.6 Қазақстандағы цифрландыру процесінің қазіргі үдерісіне талдау жасау
11.3.4.7 электронды үкімет порталының функцияларын сипаттау
|
Сабақтың мақсаты
|
Әртүрлі ақпаратты алу үшін egov порталын қолдану.
|
Бағалау критерийлері
|
Электронды үкімет порталының мақсатын біледі;
Электронды үкімет порталының функцияларын сипаттайды;
Электронды үкімет порталының онлайн қызметтерін қолдана алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
электронды үкімет порталының функцияларын түсіндіре алады;
|
Құндылықтарға
баулу
|
Бір-бірін құрметтей білу, ынтымақтастық және ашықтық құндылықтарын сіңіру жұппен жұмыс және ұжымдық талқылау арқылы жүзеге асырылады; Бұл жұмыс түрі оқушылардың шығармашылық және сыни ойлай білетін бір-біріне мейірімді әрі тіл табыса білетін тұлға қасиеттерін дамытуға бағытталған
|
|