Топтастыру: Оқушылар үштікке саналу арқылы үш топқа бірігеді. І топ: «Алғырлар» ІІ топ: «Білімділер» ІІІ топ: «Дарабоздар»
Оқушылар өткен тақырып бойынша «екеуі дұрыс, біреуі бұрыс» деген жауаптары бар тест жасап, жұмыстарын жұптарымен алмастырады.
Өзара бағалау: «Дұрыс. Қате»
Сабақтың ортасы 26 мин.
Кумулятивтік әңгіме
«Мәшинелік оқыту» деген не?
Мәшинелік оқытуға қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
Білім беру саласында ЖИ-ді қолданудың қандай үлгілері бар?
«Джигсо» әдісі Әр топқа мынадай тапсырма беріледі: шағын мәтінді оқуға, оны қалай, қандай тәсілдермен есте сақтап, мазмұндауға болатынын ойлану, мәтіннің мәнін түсінуге бағытталған сұрақтар қою.
Оқушылар тірек сөздерді жазып, сызба немесе кластер сыза алады. Мәтінмен жұмыс істеп болғаннан кейін топтар әр үш топтан 1-2 өкілден кірген тағы бір топ құрады. Мұғалімнің айтуымен олар жазбаны және графикалық материалды қолданып, өз сұрақтарын кезекпен түсіндіреді. Топтағы үш шағын мәтінді түсіндіріп, талқылағаннан кейін бәрі өз орындарына оралып, үш шағын тақырыптан (Есептеу жүйелері ұғымы. Есептеудің позициялық жүйелері. Есептеудің позициялық емес жүйелері) тұратын ортақ тақырыпты талқылайды.
Мұғалім тарапынан бағалау: ауызша мақтау, ынталандыру.