(Ұ). Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интербелсенді тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
Кумулятивті әңгіме Нейрондар туралы не білесіңдер?
Биологиялық және жасанды нейрондардың ұқсастығы неде?
Адам нейронының қандай әрекеттерін жасанды нейрон орындай алмайды?
Сабақтың ортасы 26 мин.
Оқулықтағы материалды өз бетінше оқу.
«Тыңдаушы үштік»әдісі Топтық жұмыс Оқушылар үштен топ болып отырады, соның ішінде екеуі бір-біріне қарама- қарсы отырады да, үшіншісі алыстау жерде отырады, ол қатыспайды, бірақ бақылап отырады.
Бұл қалай жұмыс істейді:
Оқушылар үш топта жұмыс істейді. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоятын және жазатын рөл атқарады. Сөйлеуші бір мәселені түсіндіреді немесе оған түсінік береді немесе пікір білдіреді. Сұрақ қоятын адам түсініктеме беруді өтінеді.
Жазатын адам ескертпе жасайды да, әңгіменің соңында нәтиже береді. Келесі жолы рөлдер өзгереді.
Оқулық
Оқушының ДК-сы
Жұптық жұмыс: №1 тапсырма: Анықтамада қалып қойған сөздержді жаз. - кіріс сигналдарының олардың сәйкес салмақтарына көбейтілген қосындысы.
- өлшенген соманың нәтижесіне байланысты нейронныі кірісі тек 1 немесе о болатын белсендіру функциясының түрі.
- нейрондық желінің оқытуға арналған деректер жиынтығы.