«Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы, «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2015 жылғы 20 шілдедегі №6 хаттамасы) «Мектептегі оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтарға» сәйкес әзірленді.
Информатика кабинеті – информатика пәні бойынша сабақтар, факультативтік сабақтар жүргізілетін, білім алушыларды әлемдік ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүруге дайындық, білім деңгейін жоғарылату жүзеге асырылатын білім беру ұйымының бөлімшесі.
Кабинетте білім беру қызметін ұйымдастыруды реттеп отыратын нормативті құжаттардың болуы.
Оқу-әдістемелік кешеннің және білім беру стандарты мен білім беру бағдарламадарының оқу құралдарына
қойылатын талаптардың сәйкес болуы.
Мектептің білім беру бағдарламасына сәйкес оқулықпен қамтамасыз етілуі, дидактикалық материалдар, таратпа материалдар және электронды нұсқаулықтармен жабдықталуы.
Информатика кабинетінде СанЕжН сәйкес табиғи және жасанды жарықтандыру болу қажет.
Информатика кабинетіне қажетті аппараттық және программалық қамтамасыз етудің тізімі:
мұғалімдер мен оқушыларға арналған дербес компьютерлер, дыбыс ұлғайытқыштар, микрофон, құлаққаппен жабдықталған;
сенсорлық немесе электромагнитті принциппен жұмыс істейтін интерактивті тақтаны, біріздендірілген мультимедиа-проекторды, интегралданған аудио-жүйесін қамтитын интерактивті жүйе;
принтерлер, сканерлер;
компьютерлерді жергілікті желіге қосуға арналған желілік концентратор;
мұғалім мен оқушылардың жұмыс орнын орталықтан қоректендіруді қамтамасыз ететін электртаратқыш қалқан;
кабинеттегі барлық компьютерлердің интернет желісіне қосылуы.
Әрбір оқушыға жеке компьютерде жұмыс істеу мүмкіндігі жасалуы тиіс.
Информатика кабинетінде міндетті бағдарлама бойынша факультатив сабақтары, төмен үлгеретін оқушылармен,
дарынды оқушылармен, консультациялар және т.с.с. сабақ кестесінің болуы;
Кабинеттің эстетикалық безендірілуі: тұрақты және ауыспалы оқу-ақпараттық стендтердің болуы.
Информатика кабинетінде жұмыс орындарының үш нұсқада орналасуы мүмкін:
- периметрлік, қатар-қатар (1-3 қатарлы), орталық.
Периметрлік орналасу кезінде кабинеттегі үстелдер қосымша оқушы үстелдерімен және орындықтарымен жабдықталады.
Оқу кабинетінде қауіпсіздік техникасын (техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықты жүргізу туралы журнал), өрт қауіпсіздігін, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы (өрт сөндіргіш құралдары, дәрі қобдишалары) қажет.
Информатика кабинетінің терезесі солтүстікке, солтүстік- шығысқа қарап: жалюзи түріндегі күннен қорғайтын, реттелетін құрылғылармен, қабырға мен жиһаздар түсіне сәйкес келетін ашық түрдегі мата перделермен жабдықталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |