Мектептегі информатика пәні тарауларының мазмұны мен құрылымы
Негізгі мектепте информатиканы оқытуда берілетін білім мазмұнының құрылымы төмендегідей:
Ақпараттық үрдістер, ақпараттың ұсынылуы: ▪ адам өмірінде, тірі табиғатта, техникада ақпаратты пайдалану, тарату, түрлендіру және сақтау; ▪ ақпараттың сандық өлшемі, ақпараттың өлшем бірліктері; ▪ тіл ақпаратты ұсыну тәсілі ретінде, ақпараттың екілік түрде ұсынылуы және оның ерекшеліктері мен артықшылықтары;
Алгоритмдеу және бағдарламалау: ▪ алгоритмдер, алгоритмдердің қасиеттері, алгоритмдерді атқару арқылы адам қызметін автоматтандырудың мүмкіндіктері; ▪ шама: атауы және мәні, шамалардың типі, мәліметтердің негізгі құрылымы; ▪ алгоритмдердің негізгі құрылымы және оны алгоритм құру үшін пайдалану, алгоритмдер кітапханасы; ▪ мектептік алгоритмдік тіл (немесе бағдарламалау тілі). ▪ компьютерде есеп шығару кезеңдері: есептің қойылысы, модель құру, алгоритм жазу және атқару, нәтижелерді талдау;
Компьютер және оны бағдарламалық қамтамасыз ету: ▪ ЭЕМ жұмысын басқаруды ұйымдастыру, компьютердің негізгі құрылымының жалпы жұмыс істеу принципі; ▪ ЭЕМ-де бағдарламаның автоматты түрде атқарылу принципі; ▪ ЭЕМ- ді бағдарламалық қамтамасыз етудің түрлері (базалық бағдарламалық қамтамасыз ету, трансляторлар, бағдарламалау тілдері, саймандары, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету).