4) Формальдау және модельдеу негіздері: ▪ формальдаудың негізгі принциптері; ▪ компьютерлік модель құру және оны пайдалану.
4) Формальдау және модельдеу негіздері: ▪ формальдаудың негізгі принциптері; ▪ компьютерлік модель құру және оны пайдалану.
5) Ақпараттық технологиялар: ▪ мәтіндік, графикалық редакторларды пайдалану, мәліметтер қоры, электрондық кестелер; ▪ телекомуникациялар, әртүрлі типтегі телекомуникациялық желілер (жергілікті, аймақтық, аумақты), оның қызметтері және мүмкіндіктері, электрондық телекоммуникациялар; ▪ мультимедиа технологиялары.
6) Әлеуметтік информатика: ▪ Ақпараттық ресурстар қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізі ретінде; ▪ ақпараттық технологияның қоғамдағы рөлі; ▪ әлеуметтік ақпараттық технологияның (АТ) ерекшеліктері мен түрлері; ▪ ақпарараттық қаупсіздіктің өзекті мәселелері.
Бұл жалпы білім беретін орта мектепте информатика курсы бойынша берілетін білім мазмұны. Әрбір мәселені оқыту тереңдігі мен деңгейі, оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысына қойылатын талаптарды анықтау осы пән бойынша мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жасалады. Ал, материалдың жүйелі баяндалуы, логикасы мектепте информатиканы оқытудың әдістемесін жасайтын оқулық авторлары, мұғалім, әдіскер, ғылымдардың жұмысы болып есептеледі.