Информатика негіздерін оқытуға қажетті құжаттар


Жалпы білім берудің Мемлекеттік стандарты төмендегі қызметтер түрлерін



бет2/4
Дата14.09.2022
өлшемі218,02 Kb.
#39062
түріУчебное пособие
1   2   3   4
Байланысты:
ИОДӘ Лекция 1

Жалпы білім берудің Мемлекеттік стандарты төмендегі қызметтер түрлерін:

  • - барлық азаматтардың бірдей мүмкіндікте сапалы білім алуын;
  • - Қазақстан Республикасында білім кеңістігінің бірдейлігін;
  • - білім алушының шамадан көп жүктемеден, олардың психикалық және физикалық денсаулығын сақтауын қорғауды;
  • - білім беру бағдарламаларының жалпы білім берудің әр сатысындағы сабақтастығын, кәсіптік білім алу мүмкіндігін;
  • - білім алушының әлеуметтік қорғалуын;
  • - педагогтардың әлеуметтік және кәсіби қорғалуын қамтамасыз етеді.
  • Мемлекет білім беру мекемелеріндегі мемлекеттік стандартпен айқындалып берілетін жалпы білімнің қолжетімділігіне және ақысыздығына кепілдік береді.

Жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты:

  • - базистік оқу жоспарын дайындаудың, бастапқы, жалпы негізгі және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын, білім беру мекемелерінің оқу жоспарларын, оқу пәндерінің бағдарламаларын жасаудың;
  • - білім беретін мекемелерді бітірушілердің дайындық деңгейін объективті бағалаудың;
  • - білім беретін мекемелердің қызметін объективті бағалаудың;
  • - ҚР аумағында жалпы білім беру туралы құжаттың эквиваленттілігін (нострификация) орнатудың;
  • - білім беретін мекемелерде оқу процесін айқындайтын, оқу бөлмелерін жабдықтауға қойылатын талаптарды орнатудың негізі болып табылады.

Базистік оқу жоспары (БОЖ) – негізгі мемлекеттік нормативті құжат ретінде, мемлекеттік стандарттың құрама бөлігі болып, сондай-ақ нақты білім беретін мекемелердің оқу жоспарының негізі және оның финанстық жабдықталуының басты құжаты болып табылады;

  • Базистік оқу жоспары (БОЖ) – негізгі мемлекеттік нормативті құжат ретінде, мемлекеттік стандарттың құрама бөлігі болып, сондай-ақ нақты білім беретін мекемелердің оқу жоспарының негізі және оның финанстық жабдықталуының басты құжаты болып табылады;
  • Білім беретін мекемелердің оқу жоспары – БОЖ негізінде дайындалады.
  • Оқу бағдарламасы оқу пәні бойынша білім, біліктілік және дағды мазмұнын, негізгі дүниетанымдық ілімді оқыту логикасын ашатын, оларды оқытуға жұмсалынатын уақыт мөлшері, тақырыптар реті мен сұрақтар көрсетілген нормативті құжат.
  • Бұйрықтар, жарлықтар, әдістемелік хаттар т.б. – білім беру басқармалары шығаратын құжаттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет