3Санау жүйелері Кез келген типті және кластағы ЭЕМ-де ақпаратты бейнелеу сұрақтарының екі негізгі аспектісі бар: қолданылатын базалық санау жүйесі және сандық және алфавитті-цифрлық ақпаратты бейнелеу. Санаужүйесідеп қандайда бір цифр деп аталатын символдар алфавитінің көмегімен кез келген санды бейнелеу тәсілін айтады. Барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып бөлінеді. Позициялық санау жүйесінде қолданылдатын әртүрлі цифрлар саны Р санау жүйесінің атын анықтайды және «Р» санау жүйесінің негізі деп аталады. Негізі Р болатын позициялық санау жүйесінде кез-келген N санын Р негізінде полином түрінде жазуға болады.
N=anpn+ an-1pn-1+…+ a1p1+ a0+ a-1p-1+ a-2p-2+…, МұндағыNберілгенсан,аj–коэффициенттер(санныңцифры),Рсанаужүйесінің негізі (Р>1).
Санды цифрлардың тізбегі түрінде жазу келісілген:
N=an an-1… a1a0.a-1a-2…,
Тізбектегі нүкте санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен бөліп тұрады. Егер санның бөлшек бөлігі жоқ болса, онда нүкте түсіп қалады. ЭЕМ-де негізі ондық емес позициялық санау жүйесі қолданылады: екілік, сегіздік, он алтылық. ЭЕМ-нің аппараттық негізін тек екі күйде бола алатын екі позициялық элемент құрайды; біреуі 0 арқылы ал екіншісі 1 арқылы белгіленеді. Сондықтан ЭЕМ-де негізінен қолданылатын санау жүйесі – екілік санау жүйесі болады.
Екіліксанаужүйесі. Екілік жүйеде кез-келген сан екі 0 және 1 цифрларының көмегімен жазылады. Екілік жүйеде кез-келген санды N=bnbn-1… b1b0.b-1b-2…, деп жазуға болады, мұндағы bjне 0 не 1-ді қабылдайды.
Сегіздіксанаужүйесі. Санды жазу үшін сегіз цифр қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7. ЭЕМ-де ақпаратты қысқаша түрде жазу үшін осы сегіздік санау жүйесі көмекші құрал ретінде қолданылады. Сегіздік санау жүйесінде бір цифрды жазу үшін үш екілік разряд (триадо) қолданылады. (Кесте 1).
Оналтылықсанаужүйесі. Санды бейнелеу үшін он алты цифр қолданылады. Бұл жүйенің алғашқы он цифры о-ден бастап 9-ға дейінгі цифрлармен, ал одан жоғарғы алты цифры
латынның әріптері арқылы жазылады. 10-A, 11-B, 12-C, 13-D, 14-E, 15-F. Он алтылық санау жүйесі ақпаратты қысқа түрде жазу үшін қолданылады. Бұл жүйеде бір цифрды бейнелеу үшін 4 екілік разряд (тетрада) қолданылады.