Жұмыс столы- екінші негізгі ұғым. Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер (WINDOWS, OS/2, Macintosh компьютерлеріндегі OS, SUN компьютерлеріндегі OS,т.б.) интерфейсінің элементі болып саналады. Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар (қалам, қарындаш, өшіргіш, т.б.) орналасуы мүмкін. Олар, сіздің қалауыңызша, столда әр түрлі күйде орналаса алады. Стол беті әдемі дастарқанмен жабылуы мүмкін немесе ештеңе төселмей таза болуы да ықтимал. Сіздің стол бетіндегі заттарды алма-кезек қолдануға және олардың орнын ауыстыруыңызға болады. Дәл осы стол бейнесі экранда да жүзеге асырылып отыр. WINDOWS ортасында жүмыс столының рөлін дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері,құжаттардың жеке файлдары белгілер (немесе шартбелгілер) түрінде орналасқан өзіңіздің жұмыс столыңызды реттеп таза ұстауыңыз сияқты экранда да қоқырсып жатқан столда жұмыс істеу тіптен ыңғайсыз. Қажетті құжаттарды, құрал-жабдықтарды жоғалтып алмайтындай экранда артық зат ұстамай жұмыс істеуге көңіл бөлейік.
Белгіше - бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық
бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды, т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай белгішелер кездеседі:
- қосымша (қолданбалы) программалар белгішесі;
- белгілі бір топтар белгішесі;
- функциялар белгішесі.
Жарлық(shortcut) - бұл белгілі бір объектімен тікелей қатьнас жасауды іске асыратын командалык файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады (файлдар, каталогтар және т. б.) өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал сол объектілермен қатынас жасау Shortcut файлында сақталған ақпараттың көмегімен іске асырылады. Мысалы, егер жұмыс столында файлдың (каталогтың) өзі орналастырылған болса, онда олардың бірін жою командасын қолданған кезде ол дискіден жойылады. Ал, егер де сіз жұмыс столынан Shortcut белгішесін орналастырып, оны артынан өшірсеңіз, онда жарлық беріп тұрған командалық файл жойылады да, бастапқы файлдар ешбір өзгеріссіз қалады.