Қолданылған әдебиеттер: [1], [3], [5], [6], [9], [16], [17]
Бақылау сұрақтары: 1.Деректер шинасы деген не?
2. Регистрлер функциясы қандай?
3. Микропроцессордың негізгі функцияларын атаңыз?
4. Жадқа тікелей жету іс-тәртібі деген не?
5. Машиналық команда орындалуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз?
6. ОЗУ(ЖСҚ) адресі деген не?
Глоссарий Аналықтақташа – процессор, жедел жад микросхемалары, шина және басқа да құрылғылар орналасқан дербес компьютердің негізгі тақташасы.
Процессор- көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын жүргізетін электрондық микросхема.
Сканер-мәтіндік және графикалық информацияны оптикалық оқу тәсілі арқылы компьютерге енгізуге арналған құрылғы.
Сопроцессор-негізгі процессордың функционалдық мүмкіндіктерін толықтыратын мамандандырылған процессор.
Триггер– бұл компьютердің регистрінде екілік кодтың бір разрядын жадыда сенімді сақтау үшін кеңінен қолданылатын электрондық схема. Триггердің орнықты екі жағдайы бар, оның бірі – екілік санау жүйесінің бірлігіне, екіншісі екілік санау жүйесінің нөліне сәйкес болады.
Дәріс №9-10.Операциялықжүйелер негіздері
Дәрісмақсаты: программалық жабыдықтама туралы түсінік беру. Windows операциялық жүйесімен таныстыру.
Кілттік сөздер: программа, программалық жабдықтама, интерфейс, операциялық жүйе, жұмыс столы, бума, жарлық. Жоспары: 1. Операциялық жүйелердің негізгі қызметі мен концепциялары
2. Windows операциялық жүйесі
3. Файлдық жүйелер
1Операциялықжүйелердің негізгі қызметі мен концепциялары