Информатика пә



бет38/60
Дата10.12.2023
өлшемі1,41 Mb.
#136082
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60
Байланысты:
МК-Лекция

2. Алгоритмнің берілу әдістері, жазылу тәсілдері
Алгоритм және программа түсініктері арасында айырмашылық дәл ажыратылмаған. Әдетте
программа деп нақты орындаушыға бағытталып жазылған есеп шығару алгоритмі ұғылады. Нәтижесінде есепті шығарудың алгоритмі құрылатын кезең алгоритмдеу деп аталады. Кеңірек мағынада алгоритмдеу түсінігі құрамына есепті шығару әдісін таңдап алу және ЭЕМ-ның ерекшеліктеріне байланысты бастапқы информацияны жазу формалары енеді. Алгоритмді жазудың бірнеше түрлері кездеседі және олар бір-бірінен көрнекілігімен, жинақтылығымен және тағы басқа көрсеткіштерімен ерекшеленеді.
1. Алгоритмнің сөзбен берілуі орындаушы – адамға бағытталған және
оның жазылу түрлері әр түрлі болуы мүмкін. Мұндағы қойылатын талап жазудың дәл болуы және орындаушы нұсқауларды жете түсініп, оны формальды түрде орындай білуі. Формальды түрде орындау қойылған мәселенің мазмұнына үңілмей-ақ, қайсыбір ережелерді, нұсқауларды бұлжытпай орындауды білдіреді.
2. Алгоритмнің графикалық түрде жазылуы оның әртүрлі геометриялық фигуралардың, яғни блоктардың көмегі арқылы берілуі. Жиі пайдаланылатын блоктар туралы түсінікті келтіреміз.

Блок атауы

Белгіленуі

Мазмұны

Әрекет




Информацияны өңдеу,
есептеу

Шешім
қабылдау




Логикалық блок. Шарттың
ақиқат не жалғандығын тексеру

Берілгендерді
жеткізу




Информацияны енгізу
немесе шығару

Жүргізу,
тоқтату




Программаның басы
немесе соңы

Модификация
лау




Циклді процесстерді
ұйымдастыру – циклдің басы

1-сурет. Алгоритмнің графикалық түрде жазылуы


Алгоритмнің бұл жазылу түрінің артықшылығы көрнекілігінде және алгоритмді құрудың бастапқы кезеңдерінде өте пайдалы.


3. Алгоритмді псевдокод арқылы сипаттау. Псевдокод дегеніміз– команда әрекетінің,
яғни алгоритм қадамының нақты программалау тілі операторларын қолданбай жай тілмен сипатталуы.
4. Алгоритмді алгоритмдік тілде немесе программалау тілдерінің бірі арқылы жазу (Pascal, Basic және т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет