Информатика пә



бет39/60
Дата10.12.2023
өлшемі1,41 Mb.
#136082
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60
Байланысты:
МК-Лекция

3. Алгоритмдік тіл
Алгоритмдік тіл - алгоритмдер мен олардың орындалуын бірыңғай және дәл жазуға арналған белгілер мен ережелердің жүйесі. Алгоритмдік тіл әдеттегі тілге жақын. Бұл тілде алгоритмдер әдеттегі текст секілді оқылады және жазылады. Сонымен қатар алгоритмдік тіл өзіне математикалық символиканы, яғни сандарды, шамалар мен функциялардың белгілерін, операция таңбаларын, жақшаларды және т.б. қамтиды.
ЭЕМ-сы үшін программалау тілдерінің негізіне алгоритмдік тілдің ережелері жатады. Алгоритмдік тілдің басқа әрбір тіл секілді өзінің сөздігі бар. Орындаушының командалар жүйесіне енетін командаларды жазуға қолданылатын сөздер осы сөздіктің негізін құрайды. Мұндай командалар жай командалар деп аталады. Алгоритмдік тілде мағынасы мен қолданылу тәсілі бір жола берілген санаулы сөздер ғана пайдаланылады. Бұл сөздер қызметші сөздер деп аталады. Алгоритмді жазу кезінде бұларды әдетте қысқаша түрде жазып, астын сызады. Алгоритмді жазуда қызметші сөздерді пайдалану алгоритмді көрнекі етіп көрсетеді және алгоритмнің түрлерін бір ізділікке түсіреді.
Алгоритмдік тілде жазылған алгоритмнің аты болуы керек, ол аты берілген алгоритмнің қандай есептің шешуін сипаттайтынын көрсетуі керек, яғни солай етіп таңдалуы керек. Алгоритмнің атын бөліп көрсету үшін оның алдына алг (алгоритм) деген қызметші сөзі жазылады. Алгоритмнің басы мен соңын көрсету үшін басы және соңы деген қызметші сөздер жазылады да, арасына командалар сериялары жазылады.
алг «алгоритм тақырыбы» арг аргументтер тізімі нәт нәтижелер басы «алгоритм басы»
алгоритм командалары соңы «алгоритм соңы»
Бір сериялы жай командалардан құралған алгоритмдер алгоритмдік тілде сызықтық алгоритмдер деп аталады. Тармақталушы және циклдік алгоритмдерді алгоритмдік тілде жазу үшін құрама деп аталатын командалар пайдаланылады. Алгоритмдік тілде екі негізгі құрама команда – тармақталу және қайталану командасы қолданылады. Осы екі команданың жай командадан айырмашылығы мынада: оған құраушы командалардың орындалуына немесе орындалмауына байланысты болатын шарт енген.
Сондықтан алгоритмдік тілді игеру келешекте программалау тілдерін пайдалануға көшкенде жеңілдік жасайды. Алдағы уақытта алгоритмдік тілге – алгоритмдерді сипаттаудың адам-орындаушыға, ал программалау тіліне – ЭЕМ-орындаушыға бағдарланған құралдар ретінде қараймыз. Алгоритмдердің сипатталу дәрежесіне қарай программалау тілдерін төменгі және жоғарғы деңгейдегі тілдерге бөлеміз.
Төменгі деңгейдегі тілдер ЭЕМ-на және программалауды жетік меңгерген мамандарға ғана «түсінікті». Сол себепті оларды машиналық тіл деп атайды.
Жоғарғы деңгейдегі тілдер әдеттегі тілге жақынырақ, сондықтан да ол пайдаланушыға түсініктірек. Программаны программалау тілінен машиналық
тілге көшіруді электронды есептеуіш машинасы транслятор деп аталатын арнайы аудармашы-программа көмегі арқылы жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет