Операциялық жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы програм-малармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялык жүйелерге MS (PC) - DOS, WINDOWS 98 (WINDOWS 2000), WINDOWS NT, OS/2, UNIX жатады. Дербес компьютерлерлерге арналған операциялык жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетте бір компьютерде жұмыс жасауы мүмкін емес. WINDOWS 98, WINDOWS NT, OS/2, UNIX, MacOS көпмақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық–бір компьютерде бір уакытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Көптеген IBM - үйлесімді компьютерлер дискілік MS DOS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады. Операциялық жүйелер көптеген функцияларды орындайды: ақпаратты дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жүмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бүл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кешенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (қысу) программаларын, компьютердің жүмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест программалары) айтуға болады. Сервистік программалар- әрбір адамның операциялық жүйемен жүмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.
Операциялық жүйе құрамы аппаратпен тікелей қатынас қажеттілігінен тәуелсіздендіретін программалық қамтамасыздандыру деңгейінен тұрады. Операциялық жүйе әртүрлі қолдан-балы программалар арасындағы компьютердің аппаратты жабдықтарын қолдануды басқарады және координаттайды. Операциялық жүйенің компьютерлік құрылымы: жүйелік және қолданбалы программалар, операциялық жүйе, аппараттық қамтамасыз ету.
Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары 1. Компьютерлік жүйе процессордан, оперативті жадыдан, дискілерден, пернетақтадан, монитордан, желілік интерфейстен және басқа да құрылғылардан тұрады. Барлық құрылғыларды компьютерде тиімді және оптимальді қолдану мақсатында операциялық жүйе деп аталатын арнайы программамен қамтамасыз етеді.