Информатика сабағында 6 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары Алматы облысы білім басқармасының «Топар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
Информатика сабағында 6 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары Алматы облысы білім басқармасының «Топар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»МКМ Информатика пәнінің мұғалімә Марина Өтепқалиқызы Функционалдық сауаттылық –білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына және өмір бойы ықпал ететін базалық фактор.
- Оқу және жазу сауаттылық - Жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық - Компьютерлік сауаттылық - Математикалық сауаттылық - Денсаулық сауаттылық - Құқықтық сауаттылық Оқу және жазу сауаттылығы Оқушылардың көне дүниелермен танысу, білу, құштарлану құзыреттілігін қалыптастыру. Көрген-білгендерін тиянақты түрде мазмұндап жеткізу
Жаратылыстану ғылымындағы сауаттылық Оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, ғылыми білім жүйесіне негізделіп, танымның логикалық –саналы тәсілдеріне арқа сүйей отырып, оқушыға берілетін теориялық біліммен сипатталып, ғылыми категориялар мен дәлелдерді кеңінен пайдалануға машықтандырады.
Компьютерлік сауаттылық Оқушынның ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру және эмоциялық қабылдау түрлері мен есте сақтауын дамыту.
Математикалық сауаттылық Математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде көрінеді.
Денсаулық сауаттылық Дені сау, жаны сау оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Құқықтық сауаттылық Оқушының құқықтық білімін жақсарту, құқықтық ұғыну, өз құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін білу, заң күшіне сену т.б.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
Бұл сұраққа мынандай деректер келтіруге болады.
Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан.
Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.
ЖАЙ САУАТТЫЛЫҚ – адамның оқу, түсіну, қысқа мәтіндерді құру және қарапайым арифметикалық әрекеттерді орындауы.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - тұлғаның нақты мәдени ортада өмір сүру қызметін іске асыру үшін қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай қызмет етуін қамтамасыз ететін білімі, ептілігі, дағдылары.
Информатика сабағында пәнаралық байланысты негізге ала отырып, сұрақ-жауап, баяндау, проблемалық ситуацияларды туғыза отырып шешуге, шығармашылық жұмыстармен айналыстыруға, бірін- бірі бағалай алуға, өз ойларын нақты, толық жеткізе білуге көңіл бөлемін.
Өз тәжірибемде 6 сынып оқушыларына төмендегідей тапсырмаларды орындай отырып, функционалдық сауаттылығы дамып, ақпараттық мәдениеттілігі қалыптасады