Информатика: турганов мадияр


 Сымсыз желі - деректерді сымсыз тасымалдайтын жағдайларға қатысты пайдаланылады



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата25.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#97203
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Турганов Мадияр Компьютер желісі база

11. Сымсыз желі - деректерді сымсыз тасымалдайтын жағдайларға қатысты пайдаланылады 
12. Wi-Fi (ағыл. Wireless Fidelity – сымсыз дәлдік) 
13. Сымсыз байланыс арналарының түрлері: 
a. радиобайланыс 100 м қашықтыққа таралады (жылдамдығы 11–54 Мбит/с, сигнал 
бірден бірнеше жиілікте беріледі);  
b. • қысқатолқынды (инфрақызыл сәулелену, жылдамдығы 5–10 Мбит/с, кең жолақты 
және спутниктік байланыс); 
c.  • инфрақызыл лазерлер (100 Мбит/с, когерентті жарық сәулелері арқылы беріледі). 
14. Сымсыз байланыс артықшылығы: кабельдердің қолданылмауы, ноутбукпен жұмыс істеудің 
қолайлылығы, байланыстың үлкен аумақты қамтуы.  
15. Кемшілігі: басқа радиожиіліктермен сәйкессіздігі, деректер алмасуда ақпараттың сыртқы 
кедергілерден әлсіз қорғалғандығы. 
16. Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен байланысу тәсілі топология деп аталады. 
17. 
Шина желі топологиясы. Мұнда негізгі байланыс ретінде бір ғана 
кабель қолданылады. Осы кабельге жеке-жеке бірнеше компьютер жалғанады. Шина 
ретінде коаксиалды кабельдер қолданылады. Желінің құрылысы қарапайым, алайда 
мұндай желінің кемшілігі – шинаның бір жері үзілсе, компьютерлер өзара байланысын 
жоғалтады. 


18. 
Сақина тәріздес желі топологиясы бірбіріне тізбектеліп жалғанып, 
жабық шеңбер құрайтын бірнеше компьютерден тұрады. Желіде сигналдар бір бағытта 
беріледі. Компьютер көрші компьютерден алған сигналды күшейтіп, өзінен кейінгі 
компьютерге жеткізеді. Орнатылуы өте қарапайым. Кемшілігі – желідегі компьютердің 
біреуі істен шықса, желі де жұмысын тоқтатады. 
19. 
Жұлдыз желі топологиясы. Желіні бұлай ұйымдастыруда 
компьютерлер бір-біріне тікелей жалғанбай, желілік бейімдеуішке (адаптер) жалғану 
арқылы байланысады. Желідегі бір компьютер істен шыққанмен, басқалары өзара 
байланысын жоғалтпайды. Желіні осылай жалғау арзан әрі тиімді. «Жұлдыз» желі 
топологиясы – бүгінде ең көп қолданылатын әдіс. 
20. 
Иерархиялық желі топологиясы. Бұл желі түрін ұйымдастырудың 
өзіндік ерекшелігі бар. Оны ұйымдастыру үшін бірнеше бейімдегіш қолданылады. Егер 
жоғарыда танысқан «Жұлдыз» желі топологиясына тағы бір бейімдегіш қоссақ, ол 
«Иерархиялық» желі топологиясына айналады. Бұл топология да қазіргі кезде көп 
қолданылады. Бұл топология желідегі қателіктерді анықтауға қолайлы. 
21. Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net – желі, work – жұмыс) – бір-бірімен мәлімет 
алмасу арналары арқылы байланысқан компьютерлер тобы. Бүгінде дүниежүзіндегі 
компьютерлердің 80%-дан астамы әртүрлі ақпараттық-есептеу желілеріне біріктірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет