электрмагниттік кедергілерді бәсеңдету үшін, өткізгіштерді бірбіріне жұптап өреді.
Бұл кабельдер арзан әрі кедергілерге төзімді. Тарату жылдамдығы – 1000 Мбит/с.
Мұндай кабельдерді жергілікті желілерді құруда пайдаланады.
b.
Коаксиалды кабель – жергілікті желілерде қолданылатын
кабельдің бір түрі. Оның түрі бір-біріне кигізілген цилиндрге ұқсайды. Ол
мыстан
жасалған екі өткізгіштен тұрады. Кабельдің бұл түрі есулі қосақталған кабельдерге
қарағанда әртүрлі кедергіге төзімді. Деректерді тарату жылдамдығы – 50-100
Мбит/с. Байланысқа қабілетті ұзындығы бірнеше километрге дейін жетеді.
c.
Оптикалық талшық – шыны немесе пластикалық жіп. Оның
қызметі деректерді тасымалдауда жарықтың таралу жылдамдығына негізделген.
Алыспен байланыс жасау үшін, оптикалық
талшықпен байланысқан желі
қолданылады. Негізгі ерекшелігі –
сигналдар жоғалмайды,
бөтендер рұқсатсыз
қосылмайды. Деректерді тасымалдау жылдамдығы жоғары (3 Гбит/c).
Достарыңызбен бөлісу: