Информатика: турганов мадияр



бет3/7
Дата16.05.2023
өлшемі1,35 Mb.
#93372
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Турганов Мадияр Теория база деректер қоры

Сандық тип (числовой): Сандық мәліметтерді енгізу үшін керек. Осы типтегі өрістің өлшемін бірнеше нұсқалардан таңдауға болады.

  • Күні/уақыты (Дата/время) типі: Күні мен уақытын енгізу үшін қажет. Өріс форматының мүмкіндіктері.

  • Ақшалай тип (Денежный тип): Ақшалай көрсетілген ақпараттарды енгізу үшін қажет. Өріс форматындағы тізімнен қажетті ақша бірліктерін таңдауға, олардың шаблонын беруге болады.

  • Есептегіш типі (Счётчик): Жазбалар кодын анықтау үшін қажет. Олар кәдімгі сандық тип, бірақ оның мәндері автоматты түрде өсіп отырады.

  • MEMO типі: Өлшемі 256 символдан артық мәтіндерді енгізу үшін қажет. Мұндай типтегі өрісте 65 535 символға дейінгі ақпаратты сақтауға болады. Бұл типтің ерекшелігі – өрістегі ақпараттар басқа бір жерде сақталып, ал өрістің өзінде сол ақпараттардың қайда орналасқанын анықтайтын көрсеткіштердің сақталуы.

  • OLE типі: Басқа программалардағы нысандарды енгізу үшін қажет. Ол үшін OLE хаттамасын пайдаланып, таңдалған нысанды алмасу буфері арқылы өріске кірістіру керек. Мұндай нысандар қатарына графикалық файлдар жатады.

  • Логикалық тип (логический): Тек қана екі логикалық мәні бар – иә/ жоқ немесе ақиқат/жалған немесе 0/1 т.с.с. Оның мәндерінің жазылу түрі өріс форматындағы берілген тізімнен таңдалып алынады. Қай формат таңдалса да кестеде логикалық өріс қанат белгілерімен кескінделеді. Қанатбелгіні тінтуір нұсқағышымен шертіп, «Иә» мәнінде белгісін орнату арқылы, ал «Жоқ» мәнін бос қалдыру арқылы енгізеді.

  • Гиперсілтеме (гиперссылка): Әріптер мен сандардан тұратын және гиперсілтеме адресін білдіретін қатар. Гиперсілтеме адресі келесі бөлімдерден тұрады: өрісте енгізілген мәтін – басқару элементі және URL адреске немесе файлға апаратын жол. Өріске гиперсілтеме адресін қою үшін Кірістіру (Вставка) – Гиперсілтеме (Гиперссылка) командасын орындаймыз

  • Орналастыру шебері (мастер подстановок): Кестелер арасындағы байланысты орнататын шеберді іске қосу командасы. Бұл команда негізінен өріс типі емес, өрісті сақтау мүмкіндігіне жатады.

  • Индекс — бұл Access-тің кестеде деректерді іздеуді және сұрыптауды тездететін құрал. Кестенің кілттік өрісіне (алғашқы кілттің өрісі) автоматты түрде индекс қойылады. MEMO және Гиперсілтеме немесе OLE нысанының өрістеріне индекстер құруға болмайды.

  • Ms Access – реляциялық деректер базасын басқару жүйесі. Реляциялық деректер базасының моделін 1970 жылы американдық математик Э. Ф. кодд ұсынған.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет