Байланысты: Турганов Мадияр Теория база деректер қоры
Логикалық кілт мысалы ретінде тұрғындар туралы деректер қорындағы төлқұжат нөмірі немесе телефон кітапшасындағы аты-жөні мен мекенжайды қарастыруға болады. Сурогатты кілт жасау үшін кестеге, әр жолына бірегей және мәні бүтін сан болатын id өрісін қосу (табиғи бастапқы кілт өрістердің үлкен жиынтығынан тұрса немесе оны ерекшелеу күрделі болған жағдайда қолданылады.
Сұраныс – деректер қорынан белгілі бір ақпаратты алу талабы.
Әрбір сұранысты орындамас бұрын сервер мыналарды тексереді:
Өрнекті орындауға рұқсатыңыз барма?
Қажетті деректерге қол жеткізуге рұқсатыңыз барма?
Есеп – экран беті, принтер секілді құрылғыларға немесе файл ретінде шығарылатын бір немесе бірнеше кесте деректерінің қосындысы.
Бұғат (locking) – деректер қорын бір мезгілде қолдануды басқару механизмі.
ДҚ да жазбаны жазатын қолданушылар жазбаны бұғаттан шығаруды (write lock) серверден сұрап, деректерді өзгерту үшін серверден рұқсат алуы керек.
Ал деректер қорынан ақпарат алатын қолданушылар сұранысты қанағаттандыру үшін серверден оқуды бұғаттан шығаруға (read lock) рұқсат алу керек.
Деректер қорына жазба жазатын қолданушылар ақпаратты өзгерту үшін сервер ден жазба бұғатын алуды сұрап, одан рұқсат алу керек, ал деректерді алатын қолданушылар ақпарат сұранысы үшін бұғаттың ешқандай типін қажет етпейді.
Оның орнына сервер оқырманның ақпаратты ұсынуда ешқандай қарама-қайшылық болмайтындығына кепілдік береді (ақпарат өзгеріссіз ұсынылады). Бұл әдіс нұсқаны бақылау (versioning) әдісі ретін де белгілі
PhpMyAdmin – PHP тілінде жазылған web-программа және MySQL жүйесін басқаруға арналған web-интерфейс
MySQL ANSI 92 стандартындағы SQL сұраныстарын қолданады. Оның мынандай мүмкіндіктері бар:
Саны шектеусіз пайдаланушылар деректер қорымен бір уақытта жұмыс істей алады.
Кестедегі жолақтар саны 50 млн-ға дейін жете алады.
Командалар өтетез орындалады. Осы күнгі серверлердің ішінде MySQL ең жылдамы болып есептеледі.