Информатика: турганов мадияр



бет4/7
Дата16.05.2023
өлшемі1,35 Mb.
#93372
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Турганов Мадияр Теория база деректер қоры

Реляциялық деректер базасының моделінде «қарым-қатынас» (ағыл. тілі. relation) түсінігі жатады. Э. Ф. кодд бұл терминді «кесте» ұғымының синонимі ретінде енгізді.

  • Нысан атрибуттар жиынтығымен сипатталады, ал атрибуттар мәндермен (домен) сипатталады.

  • кестенің бағаны атрибутқа сәйкес келсе, кесте қатарын кортеж деп атайды

  • Реляциялық деректер базасындағы кестелерді реляциялық кестелер деп атайды

  • Деректер базасында 2 өлшемді кестенің жолдары жазбалар, бағандары өрістер деп аталады.

  • Дәлірек айтқанда, деректер базасында, кестелерде әрбір жол жазба, ал жазба бірнеше өрістерге бөлінеді, олар:

    1. Деректер базасын құру;

    2. Деректер базасының құрылымын өзгерту;

    3. Форма құру.

  • Реляциялық модель – берілген деректер кесте түрінде топтастырылған ең қарапайым модель

  • Реляциялық кестелер екіөлшемді кестені білдіреді, ал күрделі ақпараттық процестерді құру кезінде өзара байланысқан кестелердің жиынтығын құрайды.

  • Деректердегі реляциялық процесс келесі қасиеттерге ие болады:

    1. • кестеде екі бірдей жазбалар болмайды.

    2. Ең болмағанда бір баған болады.

    3. кестеде барлық өрістер дара, яғни бір түрге ие;

    4. кестенің әрбір элементі – деректердің бір элементі;

    5. Әрбір өріс бірегей атқа ие болады;

    6. кестедегі жазбалардың тәртібі еркін болады, деректер түрінің өрістер санымен сипатталады;

    7. кестенің қатары мен бағаны қиылысқан жерде тек жеке бір мән болады.

  • Әртүрлі кестедегі деректерді байланыстыру үшін, әрбір кестеде әрбір жазбаның өзіндік жеке мәнін бере алатын өріс не өрістер жиынтығы болуы тиіс. мұндай өріс не өрістер жиынтығын бастапқы кілт деп атайды.



  • Кесте компоненттері:




      1. Әрбір кестеде бірнеше компонент болады.

      2. Атрибут – бағана атауы. мысалы, id және Аты атрибуттар болады.

      3. Оқушы кестесінде 2 атрибут бар.

      4. Кортеж – бір қатардағы ақпарат. кестеде үш кортеж бар. (1, Арман), (2, сәуле), (3, марат)

      5. Кортеж бір нысанды белгілейді, ал атрибут нысанның бір сипаттамасын көрсетеді. кестеде екі бірдей кортеж болмауы керек

    1. Деректер базасындағы өрістердің қасиеттері:

      1. Өріс аты (имя поля) – автоматты операцияларды жүргізгенде өрістерді хабарлау.

      2. Өріс типі (тип поля) – берілген өрісте сақталатын деректердің типін анықтайды.

      3. Өріс өлшемі (размер поля) – берілген өрісте сақталатын деректердің ені бойынша шектелуін көрсетеді (символдар бойынша).

      4. Өріс форматы (формат поля) – ұяшықтағы мәліметтерді форматтау тәсілін анықтайды.

      5. Енгізу маскасы (маска ввода) – ұяшықтарға деректердің енгізілу түрін анықтайды

      6. Жазылуы (подпись) – берілген өрістің кестедегі хабарлануын анықтайды.

      7. Үнсіз келісім (Значение по умолчанию) – көрсетілетін мән ұяшықтарға автоматты түрде енгізіледі.

      8. Мағынаға шарт (Условие на значение) – енгізілетін мәліметті тексеру мақсатында қойылатын шарт.

      9. Қате туралы хабар (сообщение об ошибке) – ұяшыққа қате мәліметті енгізген кезде автоматты түрде шығатын сұхбаттық хабар.

      10. Міндетті өріс (обязательное поле) – деректер базасын толтырғанда бұл өрістердің міндетті түрде толтырылуын қажет етеді.

    2. байланысты анықтағанда бір кестедегі кілт екінші кестедегі дерекке нұсқау береді. басқа кестедегі мәліметке сілтеуіші бар кілтті сыртқы кілт деп атайды.

    3. Кестелер арасындағы байланысты анықтау үшін келесі шарттар орындалуы керек:

      1. байланыстырылатын кестелер міндетті түрде бірдей өлшемді және олардың бірдей типтес өрістері болуы керек. бірақ сол өріс тердің атауы әртүрлі болуы тиіс

      2. Екі кесте де Access-тің бір деректер базасында сақталуы қажет.

    4. Кестелер арасындағы байланыстың негізгі 4 түрі:

      1. Бірге-бір байланысы. 1:1 – негізгі кестенің бір жазбасына бағынышты кестенің бір жазбасы, және керісінше, сәйкес келгенде орындалады.

      2. Бірдің көпке байланысы. 1:к – негізгі кестенің бір жазбасына бағынышты кестенің бірнеше жазбасы сәйкес келеді.

      3. Көптің бірге байланысы. к:1 – негізгі кестенің бір немесе бірнеше жазбасы бағынышты кестенің бір жазбасына сәйкес келеді.

      4. Көптің көпке байланысы. к:к – негізгі кестенің бір жазбасына бағынышты кестенің бірнеше жазбасы сәйкес келсе, және керісінше, бағынышты кестенің бір жазбасына негізгі кестенің бірнеше жазбасы сәйкес келсе, онда мұндай байланысты «көптің көпке байланысы» деп атайды.

    5. Форма шебері форма құру барысында форма негізін құрайтын кестені, кестенің қажет өрістерін, безендіру стилін таңдауға, формаға ат қоюға мүмкіндік береді.

    6. Форма шебері режимінің екінші қадамында формаға деректердің орналасу түрі:

      1. бір бағанға (в один столбец) – өрістер тігінен орналасып, жазбаның бір ғана түрі шығады;

      2. таспалық (ленточный) – өрістер бір жолға орналасып, жазбалар толығымен шығады;

      3. кестелік (табличный) – өрістер бір жолға орналасып, жазбалар толығымен шығады;

      4. тегістелген (выровненный) – өрістер бір немесе бірнеше жолға орналасып, жазбаның біреуі ғана шығады.

    7. Қиылысқан сұраныс (Перекрестный запрос) режимі деректерді электрондық кестелердегідей жинақы форматта көрсету үшін қолданылады.

    8. Қайталанатын жазбалар (Повторяющиеся записи) режимі қайталанатын өрістері бар жазбаларды іздеуге арналған сұраныстарды ұйымдастырады.

    9. Бағыныштылары жоқ жазбалар (Записи без подчинения) режимінде бағынатын кестенің бірде-бір жазбалар сәйкес келмейтін негізгі кестедегі жазбаларды іздеуге арналған сұраныстарды ұйымдастырады.

    SQL

    1. SQL (Structure Query Language) – құрылымдық сұраныс тілі. Осы тіл деректердің реляциялық базасын құруға және жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

    2. Бұл тілдің кеңейтілуі *.sql.

    3. SELECT – Қажетті деректерді қамтитын өрістерді анықтайды.

    4. FROM – SELECT сөйлемінде көрсетілген өрістерді қамтитын кестелерді анықтайды.

    5. WHERE – нәтижелерде қамтылатын барлық жазба сәйкес келетін өрістерді таңдау шарттарын анықтайды.

    6. ORDER BY – нәтижелерді сұрыптау тәртібін анықтайды

    7. GROUP BY – статистикалық функциялары бар SQL нұсқауларында, SELECT сөйлемі есептемеген өрістердің жиынтық мәнін анықтайды.

    8. HAVING – статистикалық функциялары бар SQL нұсқауларында, SELECT сөйлемі есептейтін өрістердің жиынтық мәнін анықтайды.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет