Информатика: турганов мадияр



бет1/7
Дата16.05.2023
өлшемі1,35 Mb.
#93372
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Турганов Мадияр Теория база деректер қоры


ИНФОРМАТИКА: ТУРГАНОВ МАДИЯР
ЫҚШАМДАЛҒАН БІРІКТІРІЛГЕН ТЕОРИЯ: АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
АЛМАТЫКІТАП $ 5,1 – 5,14
BIGDATA

  1. Бүгінгі таңда Bigdata термині немесе «үлкен деректер» деген түсінік пайда болды. Вigdata – технологиялық инновациялар нәтижесінде пайда болған көлемі үлкен деректер. О

  2. Вigdata түсінігінің нақтылы бір анықтамасы жоқ. Оларға 100 мегабайт немесе 10 терабайт деп шектеу жасай алмаймыз.

  3. Вigdata – негізгі үш операцияны орындауға арналған технологиялар жиынтығы. Оларға мыналар жатады:

    1. Көлем

    2. Әралуандық (құрылымдалған, құрылымдалмаған ақпарат)

    3. Жылдамдық

  4. Қарапайым тілмен айтқанда, Вigdata – өте үлкен көлемдегі әртүрлі құрылымдағы ақпараттарды жылдам өңдеу

  5. Microsoft компаниясы Siemens-пен бірге «ақылды» рентген аппа ратын жасап шыға рады. Ол түсі ріл ген кескінді бір мезетте дәрігерге де, бұлтқа (де рек терді сақтайтын онлайн-қойма) да жібереді.

  6. Bigdata артықшылықтарын пайдалануға жеткенге дейін төрт кезеңді бастан кешіреді:

    1. Операциялар – барлық есеп қисап деректері бизнесті дамытуда үлкен рөл ойнайды

    2. Мәліметтерді өзгерту және соның негізінде жалдам аналитиканың көмегімен болжам жасау

    3. Аналитика – ақпаратты талдап, өз сұрақтарымызға жауап аламыз

    4. Даму – бизнес аналитиканың арқасында қарқындауы

ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ

  1. Кез келген кәсіпорын немесе ұжым Деректер базасын басқару жүйелерін (ДББЖ) жасайды.

  2. Деректер базасына төмендегідей талаптар қойылады:

    1. деректер базасының мазмұнын көшіруді болдырмау немесе азайту;

    2. пайдаланушы топтардың құқықтары мен талаптарына сәйкес, деректер базасының жекелеген ақпараттық элементтерге енуін жеделдетуді қамтамасыз ету;

    3. үнемі өсіп отыратын талаптарды қанағаттандыру үшін деректер базасының кеңейтілу мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету;

    4. тек қана дұрыс, алдын ала тексерілген ақпараттарды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін деректер базасының тұтастығын сақтау;

    5. деректер базасының, тұтынушылардың жекелеген санаттарының жұмыс істеуіне қажетті белгілі бір ақпараттық элементтерге енуіне ғана рұқсат беру;

    6. базаға енуді, деректер базасына ақпараттар қосу мен түзетуді тек қана авторлық құқығы бар тұтынушылардың орындауы;

    7. деректер базасын пайдаланушылардың талабына сәйкес, деректердің элементтерін, түзету, бейнелеу және есептеу құрылғыларын құрудың қарапайымдылығын қамтамасыз ету

  3. Деректерді сақтау – компьютердің маңызды функцияларының бірі. Оның ең көп тараған құралы – деректер базасы (ДБ). ДБ – берілген құрылымдағы ақпараттардан тұратын арнайы форматтағы файл. Берілгендер кесте түрінде дайындалады.

  4. Деректер базасы (ДБ) – анықталған облысқа жататын деректерді басқару, сақтау және сипаттаудың жалпы ұстанымдарын анықталған ережелер бойынша қарастыратын ұйымдастырылған деректер жиынтығы.

  5. ДББЖ (Деректер Базасын Басқару Жүйесі) – деректер базасынан деректерді құру, сақтау және алуды автоматтандыруға арналған программалар жиынтығы.

  6. Деректердің арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың келесі түрлері бар:

    1. Иерархиялық;

    2. Желілік

    3. Реляциялық

  7. Иерархиялық ДБ-да жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі.

  8. Желілік ДБ – нысандардың арасындағы өзара байланыс түрлері. Егер бұл модельді графикалық түрде бейнелесек, жазықтықта бағыттауыш сызықтармен бейнеленген байланыстар шығады. Мысалы: сілтемемен байланысқан WWW-құжаты

  9. Реляциялық ДБ – кесте түрінде ұйымдастырылған деректер базасы. Бұл – ең көп тараған деректер базасы.

  10. ДБ-да бағандарды өрістер (поля) деп, ал жолдарды жазбалар (записи) деп атайды

  11. Кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды.

  12. Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бір типті етіп құрылады. Бұл – реляциялық деректер базасының Excel кестелік процессорынан негізгі айырмашылығы

  13. Кестедегі әрбір өріс оның тақырыбына сәйкес болатын жеке мәліметтен тұрады

  14. Әртүрлі кестедегі берілгендерді байланыстыру үшін, әрбір кестедегі жазбаның өзіндік жеке мәнін бере алатын өріс не өрістер жиынтығы болуы тиіс. Мұндай өріс не өрістер жиынтығын негізгі кілт деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет