ИНФОРМАТИКАЛЫҚ ЕРТЕГІ
Бар екен де, жоқ екен, аш екен де, тоқ екен, ертегі өткен заманда Информатика атты шаһар болыпты. Бұл шаһарда Access атты патша билепті.Windows атты хан Логика атты елде тұрып, бүкіл әлемге билігін жүргізіпті. Ханның ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлуда, ерке қызы болыпты. Сұрату ханшайымның бір міні оның достары болмады. Жалғыздықтан зеріккен хан қызы күндердің-күнінде патша бағында серуендеп жүріп сыйқырлы кілемде басқа ел түрғындарына тап болады. Сол кезде Access патша;-Уа менің шаһарыма рұқсатсыз келген бұлар кімдер! Бұларды тұтқындап жазалау керек! Сұрату ханшайым ; -Әке,бұлар бізге болашақтан келген жас қонақтар,сондықтан біз алдымен жайғастырып қонағымыз етіп отырғызайық! Олар біздің елімізді қалай тауып келгенін, біздің ел туралы не білетінін сұрайық. Мен сіздердің білімдеріңізді білу мақсатында, сынақ өткіземін.Егер менің сұрақтарыма толық жауап берсеңіздер менің өмірлік айнымас достарыма айналасыңдар ,- деп Сұрату ханшайым өз шарттарын қояды.1Информатика дегеніміз не?2 Информатика қашан және қай елде пайда болды? Сонда ханша: "Барлығыңыз да Информатика ауылынан қойылған сұрақтар тапсырмаларынан мүдірмей жауап бердіңіздер. Мен сіздерге ризамын."- деді.
- "Маған сіздердің жауаптарыныз ұнады. Мен бұларды болашақта қолданамын."-деді хан.
Менің екінші шартым: Информатика жайлы төрт жолды өлең құрастыру керек.
Информатика әлемі,
Неткен ғажап әсерлі.
Шыққан сонау ертеден
Әр қилы компьютер өнері.
Пуск ханша -Құрбыларым ! Сіздер біздің еліміз туралы білетіндіктеріңізге күмәнім қалған жоқ. Мен сіздердің барлығыңызға ризамын. Сіздер менің достарым болуға толықтай лайықсыңдар. - деді ханшайым.
Сонда хан: " Бәріңіз де өз Отаныңыздың патриоты, туған еліңіз бен жеріңіздің мақтанышы екенсіңдер. Осы сынақтан дара көзге түскендерге арналған сыйым бар. Ол сыйлықты өз елдеріңізге барған соң көресіздер. Ал менің қызымның айнымас, ақылды достары Windows елімен саяхаттарыңыз осымен аяқталмасына сенімдімін. Сендерді бізге жеткізген сиқырлы кілемдеріңізге отырып, өз елдеріңізге аттануға рұқсат беремін." -деді.
Хан қызы өзіне айнымас дос тауып, Ертегі мақсатына жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |