Педагогиканың әдіснамасы ұғымына түсінік
Ғылым тек жаңа білімдердің толықтырылуымен ғана дами алады. Игерілген
білім ең алдымен әдіснамалық зерттеулерді таңдауға байланысты нақтыланады.
Әдіснама (грек сөзі methodos – зерттеу жолы немесе таным, теория,
оқу және
logos – сөз ұғым): 1) теориялық және практикалық іс-әрекетті құру және
принциптер жүйесі мен ұйымдастыру тәсілі; 2) ғылыми таным әдісі туралы ілім;
3) қандай-да бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы.
Теориялық
білім
педагогиканың
шынайы
құбылыстардың
әдіснамасының негізі болады, сонымен
қатар әдістеме арқылы іске
асырылады. Ал, теория – таным процесінің нәтижесі, әдіснама
танымға жетудің жолы.
Әдіснама - зерттеу жұмысының сапасын бағалауға
оның бағдарламасын құруға, ғылыми
білімдер жүйесін түзуге бағытталған іс-әрекет. Сонымен қатар зерттеу объектісі мен пәнінің
ерекшеліктеріне байланысты зерттеуді ұйымдастыру
және принциптерін таңдау, мәселеге әр
тұрғыдан келу.
Педагогика ғылымының әдіснамасы – педагогикалық зерттеулердің негізгі принциптерін,
тәсілдерін және әдістерін жүйелі түрде қарастыратын ғылыми сала.
Бұл таным процесі,
формасы, әдістері, принциптері туралы ілім және педагогикалық құбылыстарды бейнелейтін
білімдерді іздестіру мен оған әр тұрғы аспектіден келу жүйесі.
Әдіснама төрт негізгі деңгейге бөлінеді:
Философиялық деңгей
(жалпы ғылыми ұғымдарды қалыптастыруға көмектеседі. Мұнда білім беру мен оқыту процесінің
философиялық негіздері, яғни диалектика, гносеология, адам дамуы туралы түсініктер талданады.)
Жалпы ғылыми деңгей
(бұл деңгейде зерттеу әдістерінің ортақ қағидаттары қолданылады. Мысалы, жүйелілік,
құрылымдық талдау, модельдеу сияқты жалпы ғылыми әдістер педагогикада қарастырылады.)
Нақты ғылыми деңгей
(педагогика ғылымына тән арнайы әдістер мен тәсілдер қолданылады.
Бұл деңгейде дидактика,
тәрбиелеу теориясы, оқу процесін ұйымдастыру, оқу жоспарларын
дайындау секілді мәселелер
зерттеледі.)
Технологиялық деңгей
(педагогикалық зерттеулерді нақты практикада қолдану тәсілдерін қарастырады. Мұнда
педагогикалық технологиялар, әдістер және тәжірибелер жетілдіріледі.)
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
К.Ж.Бұзаубақова - Педагогика, Тараз 2019
1.
Ә. Мұханбетжанова -
Педагогиканы оқыту әдістемесі, Алматы, 2011
2.