«Инженерлік геоэкология» пәні бойынша



бет24/29
Дата02.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#98195
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Лекция Геоэкология

Радиациядық ластану. Атмосфераға таралатын жасанды радиоактивті заттардың көзі - уран өндірілетін кенорындар атом өнеркәсібінің қалдықтары, ядролық жарылыстар, АЭС-апаттары және басқалар.
Мысалдар:
Атмосфераның ең үлкен радиоактивті ластануы 1986 жылы 26 сәуірде Чернобыльдегі апат кезінде болған. Ол туралы төменде арнайы айтылады.
1995 жылы 31 каңтарда 11 сағат 15 минутга Димитровградтағы (Улянов облысы) Россия Минатомпром атомдық реакторлар ғьлыми-зертеу институтның аумағында радиоактикгі бу-газ қоспалары жарылады. Жалпы активтілігі 100 милликюридей, тоннаға жуық қысым астынғағы ВК-50 типтіі реакторда қайнап жатқан радиоактивті қоспа босанып шығады. Реактор институт пен оның маңындағы тұрғын массивті жылумен жеке электр энергиясымен қамтамасыз етуіе пайдаланылған. Жарылыс нәтижесінде аумағы 100 м өндірістік бөліміне ластанған. Ластанудың максимал дозасы 7 миллирентген - сағатқа жеткен.
Атом өнеркәсібінің қалдықрымен атмосфераға радиоактивті заттар түседі. Олардың көпшілігі аэрозоль бөлшектерімен қосылып, ауа ағыстарымен алыс қашықтықтарға тасымалданып, ауырлық күшімен жер бетіне отырып, жауын-шашынмен шайылады. Қытайда жасалған ядролық жарылыс кезінде атмосфераға таралған радиоактивті қоспалар ауа ағысымен жылжып барып Россия аумагына шөккен.
Солтүстік жарты шарда Sr-ның максимал радиоактивтігі мәні 1963 жылы көктемде білінген. Бұл жерде бірнеше жыл бойы атмосферада ядролық қару жаппай сыналған. Оңтүстік жарты шарда мөлшері, Солтүстік жарты шарға қараганда жарты жылдай кеш жеткен, ал радиоактивтілік бірнеше есе төмен болған.
АҚШ Ұлттық Академиясының эксперттері мен мамандарының деректері бойынша, жалпы қуаты 104 Мт ядролық соғыс қаруларының жарылысы кезінде табиғи ортада мынадай өзгерітер болуы мүмкін:
а) стратосфераға азот оксидтерінің таралуы, озонның жалпы мөлшерін 30-70% -ке азайтады;
б) ультракүлгін радиация мөлшерінің артуы ауыл. шаруашылығы өнімділігін айтарлыктай төмендетеді;
в) радиоактивті сәулелер жердегі тіршілік атаулыға үлкен зиян келтіріп, рак ауруы мен генетикалық науқастарды арттырады.
Қышқьлды жауьндар. Өнеркәсіпті аудандарды атмосфераны ластандыратьн күкірт диоксидінің көміртек оксид және баска заттар aтмoсфеpaлық ылғалда іріп, жерге кышқылды жауындар түрінде қайтып оралады. Қышқыл жауындар адамдар денсаулығына зиянды әсер етеді топырақтың құнарлылығын төмендетеді, ормандарды жояды металл конструкцияларының коррозиясын жеделдетеді. Олардың кері ықпалынан Канаданың 14 мың көлі өлі суға айналған, Шведсияның 85 мыңға жуық көлі және 100 мың километрге жуық өзені ластанған. Қышқылды жауындар келтіретін зиянның мөлшері миллиардтаған долларды құрайды.
Ауаның ластануын азайту үшін 1970-ші жылдары ластауы мекемелерде түтін шығаратын биік мұржалар opнатылған. Бұл шара нақты ауданға ауаның сапасын жақсартқанымен, лас ауаның алыс қашықтарға, кейде ұлттық шекаралардан асып таралуына ықпал етеді. Ауа ағыстары ластаушы заттарды атмосфераның бір қабатынан екінші қабатына тасымалдап, қышқылды жауындар тиісті газдар бөлінген жерден жүздеген және мыңдаған километрге алыстап барып жауады.
Бейэквивалентгі қышқылды жауындар шекаралар apқылы алмасып, көршілес мемлекеттердің экологиялык қауіпсіздігіне үлкен нұсқан келтіреді. Мысалы, 1991 жылы Ресейден Украинаға 25 мың тоннға күкіріті қосылыстар барған. Ал, Ресейдің аумағына Украинадан келген 405 мың тонна күкірт қосылыстары жауған. АҚШ-тың қышқылды жауындары желмен ығып барып Канаданың аумағын бүлдірген. Швеция ластанудьң 70%-ын Ұлыбритания, ГФР және басқа көршілер жағынан алады.
Жылыжайлық (парниктік) әсер. Атмосфераның төменгі қабаттарында жиналатын көмірқьшқыл газы және басқа газдар Жерді жылыжайлық жарғақ түрінде орап алады. Оның ықпалынан туындаған "жылыжай әсері" мынадай түрлерде білінеді. "Жылыжайлық" газдар оптикалык диапазонда күн сәулелерін жұтпайтындықтан, күн радиациясының көп бөлігі жер бетіне жетіп, оны кыздырады. Сонымен бірге "жылыжайлық" газдар Жердің жылу (инфрақызыл) сәулелерін кері бағытта жібермейді. Бұл - планета атмосфераның төменгі қабаттарында жылудың артуына әкеледі. "Жылыжай әсері" құбылыстың туындауы 45 % жағдайда көмірқышқыл газының, 23 % - метанмен, 19% -фреонмен, 3 % - азот оксидімен байланысты». Көмірқышқыл газының «атмосфера – жер беті» жүйесінің жылу бюджетіне ықпалы туралы мәселе осыдан жүз жылдай бұрын көтерілген 1890-шы жылдары пайда болған Аррениус-Чемберлен гипотезасы, климаттың өзгеруін атмосферадағы көмірқышқыл газының ауытқуымен байланысты қарастырады. Aтап айтқанда, мұзбасу кезендерінің пайда болуын осылайша түсіндіреді.
Көптеген мыңжылдықтар бойы планетаның орташа температурасы +15оС деңгейінде болған. Соңғы 100 жылда Жер бетінің жылуы 0,5-0,6 градусқа артқан. Ғалымдардың есебінше, буған адамдар кінәлі. Адамдардың шаруашылық әрекеттілігімен атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері артады. Қазір жылыжайлық газлардың бөліну процесі мен климатпщ жылынуы өте жылдам жүруде. Жыл сайын атмосферадағы 7 млрд тоннадан артық "техногендік" көміртек бөлінеді, оның 5,4 млрд тоннасы минералдық отынды пайдалану кезінде шығады. Ал, қалган 2,6 млрд тоннасы ормандар өртенген кезде бөлінеді.
Планетада климаттың жылынуы 1860-жылдары білінген. Осыдан жүз жыл бурын, ягни индустриялық кезеңде дейін, ауа көлемінің әр миллион бөлігіне көміртск косоксидінің 280 болігі келген. 1980-ші жылдары бұл көрсеткіш 348-ге дейін өскен. Ол XXI ғасырдың ортасынан соңына дейінгі аралықта 560-қа дейін артуы мүмкін. Ғалымдардың есебінше, 2050 жылға қарай атмосфераның төменгі бөлігінде температура 2,5 традусқа артуы ықтимал. Табиғи орта мұндай күрт озгеріске бейімделіп үлгермеуі мүмкін. Нәтижесінде ауаның циркуляциясы (айнамалы) өзгеріске түсіп, құнарлы жердің орнында шөл дала қалады. Аумағының 60% -дейін мәңгі тоң алып жатқан Ресейдің жылынып кетуі қаупі бар.
1991 жылы ғалымдар әр елдің «жылыжайлық газдар» жасалуына қосатын үлеін есептеп шығарган. Мәселен, планета атмосферасының кұрамына косылатын көмірқышқылдың үштен екісі мына елдердің - АҚШ (21,8 %), бұрынға КСРО (15,8 %), Қытай (11,2 %), Жапония (4,8 %), Германия (4,3 %), Индия (3,1%) және Ұлыбритания (2,5%) үлесіне тиеді.
''Жылыжай әсер" келтірегін экологиялық кауіптің үлкендігін ескеріп, Халықаралық конференция (Буэнос-Айрес, Аргенгина, 1998 ж.), эконимикасы дамыған елдердің ХХІ ғасыр тоғысында атмосфераға шығаратын көміртектің қостотығын жылына, қазіргі 3,5 тоннадан (әр адамға, есептегенде) 1 тоннаға дейін азайту туралы шешім қабылдаған. Конференция мүшелері әр елдің, көмірқьшқыл газын шығару квотасы (үлгісі) туралы келісімге келген. Озон ойдымдары. Атмосферадағы озонның негізгі массасы 10 км-ден 50 км-ге дейінгі биіктікге орналаскан. Оньң ең көп шоғырлануы 20-25 км биіктікге байқалады. Бұл жерде озон кабаты көлемі бойыша жер атмосферасының 1/1 белігіндей. Бірақ оның экологиялық ролі өте үлкен. Озон қабаты Күннің зиянды ультракүлгін сәулесінің көп бөлігің жұтатын қалқан рөлін атқарып, тірі организмдерді қысқа толқынды ульракүлгін радиацияның қатерлі әрекетінен қорғайды. Жер бетіне біздің тек күнге ғана жететін ультракүлгін сәулелер жетеді.
1985 жылы aғылшын ғалымы Джозеф Фарман мен жапон ғылымы Сигэру Тюбати алғаш рет Антарктида үстіндегі озон қабатының, жыртылғанын байқаған. Жеті жыл ішінде ойдымдағы озон мөлшері екі еседен артық азайтан. Бүл әлемді дүрліктірген мәлімет болды. Осыдан соң "озон ойдымы" Арктикада және басқа аудандар байқалған. Осыған байланысты "озон ойдымы" проблемасы адамзат өміріндегі жапондық проблемалардың ең өткіріне айналды. Планетада озон кабатының 3%-ке дейін азайған жерлері бар.
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, озон қабатының бүлінуі аэрозоль, салқындатқыш агент ретінде және пластмассалар өндіргенде, сонымен бірге түсті металл кендерін байыту үшін қолданылатын фреондар мен хлорфторкөміртекті қосылыстардың атмосфераға келуі салдарннан болатын көрінеді. НАСА зерттеулері бойынша автомобилі» колдинионерінде пайдаланатын газдың бір молекуласын озонның ондаған мьң молекуласын бүлдіреді екен. Озонның азаюына радияцияның мөлшері артып, адамның терісін рак ауруына шалдықтырады. Озон қабатының 1%-ке азаюы рак ауруына жыл сайын көбеюіне 6%-ке арттырады. Сонымен катар ауыл шаруашылығының, Әлем мүхитының және басқа салалардың өнімділігі төмендейді.
Кейбір ғалымдардының пікірінше фреондардын озон қабатына тигізетін кері ықпалы айтарлықтай емес көрінеді, оның тұрақтылығының нашарлауы дыбыстан жылдам ұшатын ұшақтардың және зымырандар ұшырудың салдарынан атмосфераның жоғарғы қабаттарына сутектің келу мөлшерінің артуынан екен. Сутек бұл процесте катализатор ретінде қарастырылады.
Озонның жалпы мөлшерінің 10%-ке жуығы атмосфераның төменгі бөлігінде. Бұл жерде озон ластаушы ролін аткаралды. Ол көп шоғырланғаңда тыныс жолдарына кері әсер етеді, көзді ауыртады, өсімдіктердің өсуін нашарлатады, көптеген материалдың (резина, мата, бояу, т.б) жылдам тозуына ықпал жасайды. Тропосферадағы озон, сондай-ақ метан, азот окислдары мен хлорфторметан (хлорфторкөміртектер) атмосферадагы ұзын толқынды радиацияны жұтып, жылыжай әсерін туындатуынан тропосфераны жылытады, ал стратосфераны салқындатады.
Ғарыштық "қоқыс". Антропогендік әрекеітілік процсеіңде жер маңындағы ғарыштық кеңістік те ластанады. Кейбір деректер бойынша бұл жердегі антропогендік "қоқыс" мөлшері 3000 тонна шамасында. Неігзінен ол жасанды серіктердің, 3 мыңға жуык зымыранның соңғы сатысының қирауынан пайда болғаи сынықтар. Олардың ең тығыз орналасуы 800 км биіктік шамасында, бұл жерде ені 10 км жолақта 200-ге жуық жарықшақтар болады.
Жарықшақты "қокыс" ғарыш кемелері мен экипаждарына метеоритерден де үлкен кауіп төңдіреді. Ол орбитада жүздеген, мыңдаган және милиондаган жыл жүре береді. Метеориттер де Ғарыш кемелерінің сыртына зақым келтіре алады, бірақ олар өте ұсақ, өлшемдері миллиметрден аспайтын құм сияқты материалдардан тұрады. Жердің төңірегіндегі үлкен жылдамдықпен айналып жүретін техногендік жарықшақтардың өлшемі теннис добындай болады. Осындай жарықтшақтар жасанды серіктің сыртқы қабығын зақымдандыра алады. Өлшемі сантиметрден кіші металл жарықшақтары төменгі орбиталарда 10 км/с салыстырмалы жылдамдықпен ұшады. Олар Ғарыш кемесінің сырткы қабатын бүлдіріп ғарышкерді мерт ете алады.
Жер климатының ауытқуы. Атмосфераның химиялық ластануы, «жылыжайлылық әсер» және озон қабатының бүлінуі салдарынан планетаның климаты өзгереді. Мамандардың болжауы бойынша, егер энергетиканың дамуында қазіргі үрдіс сақталса, онда XXI ғасырдың ортасында температураның арту салдарынан Жер климты біліп болмайтын өзгерістерге түсуі мүмкін.
Күтілетін жьлынудың ең ауыр салдары - Әлем мұхиты деңгейінің көтерілуі. Егер жылыну полюс аудандарында әлемнің басқа бөліктеріне қарағанда 2-3 есе артық болса, теңіздер денгейі 25-140 см-ге жоғарлауы керек. Олардың деңгейі айтылған шаманың жоғарғы мәніне жетсе, төмен орналасқан жағалаулардың қалалар мен ауыл шаруашылық аудандары судың астында қалады. Осыған байланысты экватор мен полюстер арасындагы температура айырмасынан қозғалыска келетін "атмосфералық жылу двигателінің (қозғағышының)" ықпалы баяулайды. Бұл кұбылыс жауынның бөлінуін, басты желдер мен мұхит ағыстарының бағытын өзгертуі мүмкін. Кейбір аудандарда кұрғақшылық орнаса, ал баска аудандарда ылғалдылық артуы мүмкін. Ауыл шаруашылық дақылдары мен ормандардың шекарасы жоғарырақ ендіктерге қарай жылжуы мүмкін.
Қазіргі ауыл шаруашылығы Жер климатының белгілі бір жағдайында қалыптасқандықтан, кез-келген климаттық өзгеріс ауыл шаруашылық өндірісіне айтарлықтай ықпал жасауы мүмкін. Метеорологиялық модельдер өсімдіктердің вегетациясы (дамуы) кезінде топырақтың ықпалмен қамтамасыздығының төмендеуін болжайды. Ол Coлтүстік Американың орталық аудандары мен бұрынғы КСРО-ның егіс егетін аудандары сияқты, әлемдегі ауыл шаруашылылығы дамытып аумақтарда буланудың артуына байланысты. Ал мұхиттар жылынуының теніңздік экожүйлері мен тағам тізбегіне қалай ықпал ететіні белгісіз.
Температураның оң аномалиялары мен жауын мөлшерінің бірігіп ықпал етуі гляциялық мұзды және гляциялық – жаңбырлы селдер қалыптасатын ошақтарда Оңтүстік Қазақстан, Орта Азия Орталық Кавказ Хибин таулары апатты сел тасқындарын туындатады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет