Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасы



бет3/14
Дата07.04.2023
өлшемі1,28 Mb.
#80351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Практика - Құрманова А.Ж. (1) (1)

Тақырыбы: Қатты дәрілік препараттар өндірісімен танысу.
Дәрілік түр – қажетті емдеу немесе алдын алу үшін дәріні қолдануға ыңғайлы етіп беретін түрді айтады. Қатты дәрілік қалыптар - қатты қасиетінің арқасында көлемі мен геометриялық формасы тұрақты болып табылатын дәрілік қалып түрі. Дәрілік қалыптардың қатты формасы қолданылуы мен сақтау ерекшелігі ыңғайлы, кең таралған дәрілік қалып.
Қатты дәрілік қалыптарға брикеттер, гранулалар, драже, капсулалар, қарындаштар, микрокапсулалар, ұнтақтар, пеллеттер, жинақтар, таблеткалар жатады .
Драже - қосымша заттардың микробөлшектеріне қантты шәрбаттарды қоса отырып, дәрілік затты қабаттармен жағып дайындалатын дозаланған қатты дәрілік қалып түрі.
Брикет - дәрілік затқа немесе ұсақталған дәрілік өсімдік шикізатына (немесе әртүрлі өсімдік шикізаттарының жинағына) қосымша заттар қоспай престеліп дайындалатын, ерітінді, тұндырма (тұндырмаға арналған брикет) және қайнатпа (қайнатпаға арналған брикет) дайындауға арналған дозаланған қатты дәрілік қалып.
Карамель - ауыз қуысында қолдануға арналған, құрамында жоғары мөлшерде қант болатын сқатты дәрілік қалып түрі. Гомеопатиялық карамель құрамында гомеопатиялық дәрілік заттар болады.
Имплантат - денеге тері астына енгізуге арналған стерильді қатты дәрілік қалып, депо. Имплантаттарға имплант- таблеткалар, депо таблеткалар, тері асты капсулалары, имплант өзектер жатады.
Микрокапсулалар - полимерден немесе басқа материалдан жасалған жұқа қабықтан тұратын, шар тәрізді немесе басқадай пішінді, көлемі 1-ден 2000 мкм аралығында болатын, қатты немесе сұйық дәрілік заттардан жасалған капсулалар. Микрокапсулалар басқа дәрілік формалардың (капсула, ұнтақтар, жақпа майлар, таблеткалар мен эмульсиялардың) ақырғы өніміне кіреді.
Таблеткалар - қосымша заттар қосылып немесе қосымша заттарсыз, бір немесе бірнеше дәрілік заттардан тұратын, ұнтақтар мен гранулаларды престеу арқылы алынатын дозаланған қатты дәрілік қалып түрі.
Қатты дәрілік қалыптар өндірісінің процесін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады:

  1. ұнтақтар дайындау кезеңі;

  2. дәрілік қалып массасын алу кезеңі;

  3. дайын дәрілік қалып алу кезеңі;

  4. қаттау және орау кезеңі.

Таблетка жасауға арналған массаны дайындау сатылары:
• ингредиенттерді араластыру және ылғалдандыру;
• ылғалды түйіршіктерді кептіру;
• құрғақ грануляция;
• опалау

Массаның алыну процесі араластырғыш-грануляторда жүреді, содан кейін автоматты түрде ылғалды түйіршіктер жинағышқа түседі. Ылғалды түйіршіктер кептіргішке түседі, ол жерде белгілі бір уақыт аралығында, араластыра отырып, 3-4% ылғалдылық қалғанша кептіреді.


Кептірілген түйіршіктерді қолмен кептіргіштен алып «Құрғақ түйіршіктеу» стадиясына жібереді. Кептірілген түйіршіктерді ұсақтап, «Опалау» стадиясына жібереді, мұнда құрғақ ұсақталған түйіршіктерді опалайтын қоспасымен араластырып, опалайды. Содан кейін, гранулят массасын мастер тексеріп, келесі стадияға массасын жазып жібереді. Гранулятты жақсы жабылатын ыдыста, жарық пен ылғалдан қорғалған жерде сақтайды. Қажет жағдайда, материал бөлшектерің өлшемін кішірейту үшін ұнтақтауға немесе ұсақтауға болады. Фармацевтикалық технологияда ұсақтау процесі ұнтақтар, жинақтар, себілгіштер және кейбір процестерде - экстракциялауда, ерітуде, грануляциялауда қолданылады.
Ұнтақтаудың қажеттілігі:

  • заттың құрылымдық элементтері арасындағы арақашықтықты жақындату;

  • заттың беттік көлемін ұлғайту;

  • бірқатар қасиеттерін, соның ішінде физика-химиялық қасиеттерін өзгерту. ұнтақталған заттар тез ериді, ағзада биохимиялық процестерге тез түседі.

  • Ұнтақтауды қолмен жүргізген жағдайда, қаншалықты ұнтақтау қажеттілігін анықтап алған жөн.

Қазіргі кезде таблетка алу процесінің үш түрлі технологиялық схемасы бар: ылғалды грануляция (құрғақ ұнтақтарды араластыру, ылғалдау, түйіршіктеу, кептіру, сырғанақ тудыратын заттармен араластыру); престеумен жүретін түйіршіктеу (құрғақ ұнтақтарды араластыру, жинақтау, елеу, араластыру) және компонент құрамын тура престеу (араластыру таблеткалау) Таблеткалар өндірісінде, негізінен, құрғақ заттарды байланыстырғыш, негізінен жоғары молекулалы болып келетін ерітінділермен араластыру арқылы жүретін ылғалды грануляция кең қолданылады. Көп жағдайда түйіршіктейтін агенттер байланыстырғыш функциясымен қатар, қопсытқыш рөлін атқарады.



24.10



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет