Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасы



бет4/14
Дата07.04.2023
өлшемі1,28 Mb.
#80351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Тақырыбы: Сұйық дәрілік препараттар өндірісімен танысу.
Сұйық дәрілік формалар – ол ерітіндідегі еріткіштердің қосылыстары. Олар өсімдік материалынан алынады.
Сұйық дәрілік формалар дәріханаларда жасалатын 60% дәрі-дәрмектерін құрайды.
Сұйық дәрілік формалардың артықшылығы мен кемшілігі.
Сұйық дәрілік формалар басқа дәрілік формаларға қарағанда кең қолданылады:

  1. Белгілі технологиялық әдіс қолдана отырып, агрегаттық күйдегі дәрілік затты ерітіндіде ерітіп оның ағзаға емдік қасиетін арттырады;

  2. Сұйық дәрілік формалар өзінің әр түрлі қосылыстарымен және қолдану тәсілдерімен ерекшеленеді;

  3. Сұйық дәрілік формалардың қосылысында кейбір дәрілік заттарда қоздыратын әрекеттін аз болуы (бромидтар, йодидтар және т.б.);

  4. Мұндай дәрілік формалар қолдануға өте ыңғайлы және жеңіл;

  5. Сұйық дәрілік формаларды қолдану барысында дәрілік заттардағы ащы немесе жағымсыз дәмдерді білдірмеуге болады, әсіресе балаларға арналған дәрілерге қолданулары;

  6. Мұндай дәрілік формалар, қатты дәрілік (порошок, таблетка және т.б.) формаларға қарағанда, ішкен кезде тез сіңіп жылдам әрекет жасайды;

  7. Жұмсарту және бүркеуіш әрекет осы сұйық жәрілік формаларда көп байқалады.

Сонымен қатар, сұйық дәрілік формалардың кемшіліктері де баршылық:

  1. Олар көп сақтауға бейімделмеген, өйткені сұйық күйінде олар реакцияланады;

  2. Ерітінділер микробиологиялық бұзылуға тез ұшырайды, олардың сақталу мерзімі – 3 тәуліктен аспайды.

  3. Сұйық дәрілік формаларды жасау үшін көп уақыт және арнайы ыдыс талап етеді, тасымалдауға қолайсыз;

  4. Сұйық дәрілерде, басқа дәрілерге қарағанда, дәлдік мөлшерін анықтау өте қиын, өйткені қасықпен немесе тамшымен мөлшерленеді.

Сонымен, сұйық дәрілік формалар қазір кең қолданылатын дәрілік форма. Өзінің жоғары сапасына қарай сұйық дәрілер келешекте де жаңа дәрі-дәрмектер шығаруда кең қолданылады деп ойлаймыз.
Сұйық дәрілік формаларды сақтауға қиын болғанмен олардың шығарылуы азайған жоқ, сондықтан дәрілік технологияда сұйық дәрілік формаларды зерттеу өте маңызды болып келеді.
Суспензиялар (suspensio) – олар ұсақталған қатты заттар мен сұйық фазалардан құралған жүйе. Бөлшек өлшемдері 0,1 ден 50 мкм-ға дейін ауытқиды. Суспензиялар гетерогенді болып келеді, коллоидты ерітіндіге қарағанда тұнбалы сұйықтық. Оның бөлшектері кәдімгі микроскоппен көрінеді.
Эмульсиялар (emulsus) дисперсиялық жүйеден құралған. Бөлшек өлшемі 1 ден 150 мкм-ға жетеді. Эмульсия өзара ерімейтін немесе өзара аз еритін сұйықтыққа жатады.
Құрастырылған дисперсиялық жүйе экстракциялық дәрілік формалардан құралған (тұнба, қайнатпа, шырыш). Мұндағы қатысушы заттар ерітінді, суспензия және эмульсия түрінде болады.
Сұйық дәрілік формалар былай бөлінеді:

  1. Тысқы қолданыстағы дәрі-дәрмектер,

  2. Ішкі қолданыстағы дәрі-дәрмектер,

  3. Инъекциялық қолданыстағы дәрі-дәрмектер.

Еріткіштер деп - әртүрлі заттарды ерітетін зат.
Еріткіштерге мынадай қасиеттері бар заттар жатады:

  1. Белсенді ерігіштігі бар;

  2. Еритін затқа агрессияшыл емес;

  3. Улылығы және өртке қауіптілігі аз;

  4. Қолайлы және арзан.

Әр зат бір затқа еріткіш болып келеді. Алайда, тәжірибе жүзінде реіткіштерге тек белгілі қасиеті бар заттарды жатқызады:
1) Сақтауға қолайлы болуы тиіс;
2) Жоғары еріткіш қасиеті болу керек;
3) Арзан және жалпы қолданысқа ыңғайлы болуы тиіс;
4) Иісі мен дәмі жағымсыз болмауы керек;
5) Өртке қауіпті және ұшпалу болмауы керек;
6) микрооганизмдердің даму ортасы болмауы керек.

29.10



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет