Инженерлік пәндер кафедрасы



бет6/16
Дата15.07.2022
өлшемі1,58 Mb.
#37676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
4 күн
Тақырыбы: Сұйық дәрілік препараттар өндірісімен танысу


Қысқаша конспект:
Сұйық дәрілік түрлерге: ерітінділер, шырыштар, эмульсиялар, суспензиялар, тұнба мен қайнатпалар, тұндырмалар, сығындылар, микстуралар және линименттер жатады.
Ерітінді деп қатты дәрілік затты еріту немесе сұйық дәрілік затты еріткішпен араластыру жолымен алынатын сұйық дәрілік түрді айтамыз. Ерітінді дәрілік зат пен еріткіштен тұрады. Еріткіш ретінде жиі дистилденген су (Aqua destillata), кейде 70%, 90%, 95% этил спирті (Spiritus aethylicus 70%, 90%, 95%), глицерин (Glycerinum) мен сұйық майлар: вазелин, зәйтүн, шабдалы (Oleum Vaselini, Oleum Olivarum, Oleum Persicorum) майлары пайдаланылады. Осыған сәйкес сулы, спиртті, глицеринді және майлы ерітінділер болып ажыратылады. Нағыз ерітінділер әр уақытта мөлдір, әрі майда бөлшектер мен тұнбалардан тазартылған, мөлдір болуы тиіс. Ерітінділер сыртқы тәнге және ішу үшін, сонымен қатар егу (инъекцияға) үшін де қолданылады.
Шырыштар – жабысқақ әсері бар, тұтқыр сұйықтық болып табылатын жоғарғы молекулалық қосылысты ерітінділерге жатады.
Шырыштар өсімдік текті кілегейлі заттарды еріту жолымен (мысалы, шайырлар) немесе өсімдік шикізаттарынан (зығыр тұқымының шырышы, жалбызтікен тамырынан алынған шырыш) кілегейлі заттарды тұндыру тәсілімен алынатын сұйық дәрілік түр. Көбінесе шабдалы шайырының шырышы (Mucilago Gummi Armeniacae), аравий шайыры (Mucilago Gummi arabici), жалбызтікен тамырының шырышы (Mucilago radicis Althaeae) және крахмал шырышы (Mucilago Amyli) қолданылады.
Суспензиялар – ұсақ майдаланған қатты дәрілік заттардың қандай да бір сұйықтықтағы қалқымалы жағдайда болатын сұйық дәрілік түр.
Суспензиялар дисперсті ортадан (су, өсімдік майы, глицерин және т.б.) және дисперсті фазадан (берілген сұйықтықта мүлдем ерімейтін, қатты дәрілік заттың бөлшектері) тұратын дисперсті жүйе.
Эмульсиялар – бір –бірінде ерімейтін сұйықтықтардан тұратын (май мен су) сұйық дәрілік түр. Эмульсияның сырт көрінісі сүт тәрізді болады. Эмульсияны дайындау әдісіне байланысты майлы (Emulsa oleosa) және тұқымды (Emulsa seminalia) деп ажыратылады.

11.05



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет