Инженерлік пәндер кафедрасы


Ацетилен өндірудің өнеркәсіптік үдерістері



бет6/11
Дата13.04.2022
өлшемі161,31 Kb.
#30931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
пед практика Марал

Ацетилен өндірудің өнеркәсіптік үдерістері. Ацетиленді алудың өнекәсіптік үдерістерін жүзеге асырғанда негізгі қиыншылық-жылудың көп мөлшерін жылдам және бірқалыпты тарату. Ол ацетиленге инверсияланудың жарамды дәрежесіне жету үшін жоғары температуралырды қолдану қажеттілігімен байланысты. Басқа мәселе – реактордан шығатын газдарды күрт суыту қажеттілігі; оны ацетиленнің ыдырауын тоқтату мақсатымен жүргізеді, ол салыстырмалы түрде оңай шешіледі. Әдетте ыстық газдар ағынына суды бүркиді. Технолог шешуге тура келетін соңғы мәселе – газдардың құрамында аз концентрацияда (7-13% көлем) болатын ацетиленді бөліп алу және тазарту. Ацетиленді осы пиролиз газдарынан жарамды еріткіштерімен селективті жұтқызу арқылы бөледі, сосын әрі қарай қыздыру арқылы немесе басқа жолдармен бөліп алады. Селективті еріткіш ретінде су қолданылған болса, кейіннен басқа селективтілігі жақсы еріткіштер: N-метилпироллидон, ацетон, диметилформамид, диметилсульфоксид қолданды.

Қажетті жылуды жеткізу тәсілі бойынша метанның пиролизінің өнеркәсіптік үдерісінің келесі түрлері белгілі: пештердегі (регенеративті пештер көмегімен қыздыру) пиролиз, электрлік доғадағы пиролиз және автотермиялық пиролиз (дербес жандыру көмегімен қыздыру). Олардың біріншісі – метанды пештерде пиролиздеу – қазіргі кезде сирек қолданады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет