4. Ацетиленнің қолданылуы. Егер бұрын ацетиленді негізінен автогендік пісіруге қолданса, қазіргі кезде оның 50%-нан артығын химиялық өнімдер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланады.
Ацетиленнен алынатын негізгі өнімдер мономерлер (хлорлы винил, винилацетат, акрилонитрил, винилацетилен, винил эфирлері) болып табылады. Олар пластикалық массалар, синтездік талшықтар және каучуктер өндіру үшін шикізат болады; көптеген оттекқұрамды өнімдерді (спирттер, күрделі эфирлер, қышқылдар, кетондар) алу үшін пайдаланатын ацетальдегид; еріткіш ретінде қолданылатын хлортуындылар (хлорэтилендер).
Достарыңызбен бөлісу: |