Пәнді оқу мақсаты: Білім алушыларды Қазақстан тарихы туралы объективті ұсыныммен қамтамасыз ету.
1.2 Пәнді оқу міндеттері:
Ұлы дала аумағында көшпелі өркениет пен мемлекеттіліктің қалыптасу ерекшеліктерін ашу (б.з.д. III ғасыр – б. з. II ғасыр).
XIII-XV ғғ. Орталық Азиядағы түркітілдес халықтардың этномәдени интеграциясының кезеңдерін, Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарын талдау.
Қазақстанның жаңа дәуір кезеңдегі тарихи даму ерекшеліктерін ашу (XVIII - ХХ ғғ. басы).
Кеңестік әкімшілік-басшылық жүйе құрамындағы Қазақстанның рөліне объективті баға беру.
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік даму стратегиясына, қазақстандық қоғамды демократияландыру ерекшеліктеріне талдау жасау.
1.3 Пререквизиттеросы пәнді меңгеру үшін келесі пәндерден алған білім, білік және дағдысы қажет: «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» (мектеп бағдарламасы).
1.4 Постреквизиттер пәнді оқу кезінде алынған білім, білік және дағды келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: «Философия», «Әлеуметтік-саяси білім модулі (Психология. Мәдениеттану. Әлеуметтану және саясаттану», «Экономикалық, құқықтық және экологиялық білім модулі (Экономика, кәсіпкерлік және құқық негіздері, экология және тіршілік қауіпсіздігі)»