1.5 Пән бойынша оқыту нәтижелері: Қазақстанның көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихын жалпы, арнайы және жеке, нақты фактілер мен әлемдік дамудың тұтас бейнесінің бірлігінде көрсету.
Қазақстанның өткен және қазіргі қоғамдық құбылыстарының көп өлшемділігіне, тарихи үдерістердің қарама-қайшылығы мен диалектикалық түсінігіне талдау жасау.
Алуан түрлі тарихи және қазіргі заманғы дереккөздердің ақпаратын жан-жақты, сыни тұрғыдан талдау, өткен және қазіргі кездегі қоғамдық даму мәселелерін өз бетінше, шығармашылық тұрғыдан түсіну қабілетін дамыту.
Отандық және дүниежүзілік тарих пен мәдениетке деген құрметін, материалдық және рухани мәдениет саласында өз республикасының және адамзаттың мұрасын сақтауға және көбейтуге ұмтылысын дамыту.