Инклюзив жауаптары Инклюзивті білім беру пәніне жалпы сипаттама беріңіз


Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытуды ұйымдастыруды анықтаңыз



бет17/38
Дата21.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#142151
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
Байланысты:
инклюзив жауаптары

22.Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытуды ұйымдастыруды анықтаңыз

«Сөйлеу тілінің күрделі бұзылысы» (СТКБ) ұғымы сөйлеу функциясы бұзылуының әртүрлі түрлерін біріктіреді. Қарастырылып отырған санатқа жататын балалардың басым бөлігін сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалар құрайды. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы (СТЖД) балаларда сөйлеу жүйесінің барлық: фонетикалық, фонематикалық және лексика-грамматикалық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуымен сипатталады. СТЖД балаларда сөйлеу тілі дамуының потологиясы байқалады. Мектепке дейінгі жаста сөйлеу тілі дамуының кеш басталауы, сөйлеу тілі дамуының тежелуі, жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін шектеулі сөз қоры, тілдік грамматикалық құрылымы қалыптасуының бұзылуы, дыбыстарды айтудың және фонематикалық қабылдаудың бұзылуы СТЖД негізгі белгілері болып табылады. Сонымен бірге бұл санаттағы балалардың есту қабілеті сақталатынын және белгілі жасқа арналған қаратпа сөзді түсініп, қабылдай алатындарын атап өту қажет. Сөйлеу тілінің даму деңгейлері


Бірінші деңгей – ең төменгі. Балалар тілдесудің жалпы қолданылатын құралдарын меңгермеген. Олар тілдесу барысында дыбысқа ұқсас және былдырлаған сөздер, сонымен қатар дыбыстық айтылымы жағынан бұрмаланған аз мөлшердегі зат есімдер мен етістіктердің қолданады. Бала былдырлаған бір сөзді әртүрлі мағына беретін ұғымдарды түсіндіру үшін бірнеше рет қолдануы мүмкін. Балалардың сөйлеуі белсенді қимылдармен және бет мимикасымен қабаттас жүруі мүмкін.
Екінші деңгей – балалар тілдесудің жалпы қолданылатын бастамаларын меңгерген. Күнделікті қолданылатын сөйлеу тілін түсіну жеткілікті дамыған. Балалар сөйлеу тілін бенсендірек қолданады. Олар түрлі қимылдармен, дыбыстық кешендермен және былдыр сөздермен қатар, өздерінің сөздік қорларының өте шектеулі болуына қарамастан заттардың атын, іс-әрекеттер мен белгілерді білдіретін жалпы қолданылатын сөздерді де пайдаланады. Грамматикалық формаларды қолдануда өрескел қателіктер, сөздердің буындық құрылымы бұзылғаны, дыбыстарды дұрыс айтпайтындықтары байқалады.

Үшінші деңгей – балалар толық сөйлемдерді қолданады, заттардың, іс-әрекеттердің атауларын, күнделікті өмірде кездесетін және оларға жақсы таныс заттардың сипатын айтуда қиналмайды. Алайда олардың сөйлеу тілі жүйесінде лексика-грамматикалық және фонетика-фонематикалық жетіспеушіліктер байқалады: Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы

Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайын да (қажетті психолог-педагогтік қамтамасыз ету барысында), сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін.



  • - бастауыш білім беру деңгейінде – 0 (даярлық), 1-4 сыныптар; - негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар. Негізгі мектепті бітіргеннен кейін жеткіншек білімін ТжКБ ұйымдарында жалғастыра алады..

  • Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының тежелуімен, сөйлеу тілі бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды меңгерудің қиындығымен, түзету-сауықтыру шараларын өткізудің қажеттігімен байланысты болып отыр. Мектепке дейінгі сәйкес дайындықтан өткен балалар 1-ші арнайы сыныпқа қабылдануы мүмкін. Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген, 1-ші сыныптың бағдарламалық материалын меңгеру үшін жеткілікті сөз және ұғымдар қоры жоқ оқушылар, арнайы даярлық сыныбына қабылданады. Сөйлеу тілдік әрекеті нормаға сәйкестендірілген жағдайда оқушы оқытудың кез келген сатысында жалпы білім беретін мектептің кәдімгі сыныбына ауыстырылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет