Инклюзив жауаптары Инклюзивті білім беру пәніне жалпы сипаттама беріңіз


Жалпыға білім беру мектеп жағдайында қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқыту шарттарын түсіндіріңіз



бет20/38
Дата21.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#142151
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
Байланысты:
инклюзив жауаптары

27.Жалпыға білім беру мектеп жағдайында қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқыту шарттарын түсіндіріңіз
«Қимыл-қозғалыс аппаратының қызметтік бұзылыстары» түсінігі жинақы мінезді және органикалық орталық немесе аралық (перифериялық) негізді қозғалыс бұзылыстарынан тұрады.
Қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар балалар келесі категорияларға (топтарға) бөлінеді:
- церебралды сал ауруы бар балалар (ЦСА);
- қалыпқа келетін немесе резидуалды деңгейдегі полиомиелит әсерлерімен;
- миопатиямен;
- қимыл-қозғалыс аппаратындағы туа біткен және жүре пайда болған жетілмеу мен өгерістермен.
Қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар оқушылар жалпыға білім беру мектептерінің арнайы сыныптарында немесе мамандардың арнайы психологиялық-педагогикалық көмегімен жалпы сыныпта, сонымен қатар өз үйінде оқиды.
Қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыс түрлері:
1. Жүйке жүйесінің аурулары: БСА (ДЦП), полиомиелит.
2. Қимыл-қозғалыс аппаратының туа пайда болған ауытқушылығы (қисық мойын, маймақ аяқтық, аяқ–қолдарының жетілмеуі мен кемістіктері, артрогрипоз, сан сүйегінің туа шығып кетуі, табан сүйектерінің өзгеруі).
3. Қимыл-қозғалыс аппаратының жүре пайда болған аурулары мен зақымдануы: бас миы, арқа миы және аяқ-қолдардың зақымданулары, полиартрит, қаңқа аурулары (туберкулез, сүйектердің ісінуі, остеомиелит).Балалар сал ауруы – эмбрионның, баланың жатырда даму және енді туылуы кезінде ішкі және сыртқы зиянды мінезді түрлі әсерлерге шалдығу себебінен пайда болған миының ауыр түрде зақымдануы. БСА түрлі қозғалыстық, психикалық және тілдік бұзылыстар арқылы көрініс табады.

28.Оралман балаларды, саны аз ұлттар отбасыларынан шыққан балаларды оқыту ерекшелігін айқындаңыз
Оралмандармен жұмыс жасау кезінде арнайы педагогикалық тәсілдерді талап ететін мәселелер

  • баланың үнемі психикалық стресстері (жанжал, апатия, шаршаудың жоғарылауы).

  • қабылдамау және бас тарту сезімі (бала психикалық зорлық-зомбылықты, қысым көрсетуді сезінуі мүмкін);

  • өзін-өзі тануын, құндылықтарын, сезімдерін жоғалтады;

  • мәдени айырмашылықтардан туындайтын әртүрлі эмоцияларға (таңданыс, жеккөрушілік, наразылық, реніш) негізделген тұрақты мазасыздықты сезіну;

  • әлсіздікті, толыққанды еместікті сезінеді.

Жоғарыда айтылғандардан оралмандарға әлеуметтік-психологиялық бейімделу үшін олардың коммуникативтік және білім беру қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға бағытталған арнайы психологиялық-педагогикалық бағдарламалар қажет.


Коммуникативті құзыреттілікті жоғарылату конфликтілерді шешу дағдыларын (ішкі және сыртқы) алуды, белгілі бір мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруды қамтиды, содан кейін нақты өмір жағдайында қолдануға бағыттайды.
Оралман баласының білім алу қажеттіліктері ережелердің бес түрлі бағытымен байланысты: тіл, базалық білімдер, эмоционалдық жағдай, әлеуметтік дағдылар, мәдени нормалар. Бұл білім беру қажеттіліктері, бірінші кезекте, мемлекеттік тілді үйренуді ұйымдастыруды қажет ететін тілдік мәселелермен байланысты. Сонымен қатар, кез-келген сабақта тілдік мәселелерді ескеру қажет және оқушыға білім алуға көмектесетін бірқатар әдістерді қолдануға болады. Атап айтқанда, балаға әдістерді таңдау (ауызша немесе жазбаша жауап нысаны, графикалық немесе сурет) және тапсырманың қарқыны, жұмыс уақытын арттыру, графикалық схемаларды, қысқа нұсқаулықтарды, пиктограммалар түріндегі алгоритмдерді қолдану мүмкіндігі беріледі. Баланы қолдаудағы жеке педагогикалық жұмыстарда бағыттардың мазмұны, сондай-ақ психологиялық қолдау бағыттары мінез-құлық ерекшеліктері, оқушылардың эмоционалдық көріністерінің ерекшеліктері арқылы анықталады, олар туралы объективті бақылау және терең диагностика негізінде қалыптасады. Іс-әрекеттердің бірыңғай стратегиясы мұғалімдер, педагогтар, психологтар, әлеуметтік педагогтар жүргізетін дамушы (түзету) сыныптардың жеке және топтық формаларын, оқушылармен және ата-аналармен кеңес беру кездесулерін қамтиды.
Оралмандардың балаларының психологиялық және әлеуметтік-мәдени бейімделуін қамтамасыз ету мынадай іс-әрекеттерді қамтиды:
1. оралмандарды оқыту мен әлеуметтік-психологиялық бейімдеудегі қиындықтарды анықтау, диагностикалау және бағалау;
2. Оралмандарды интеграциялау мәселелері бойынша психологиялық, медициналық және педагогикалық кеңестер өткізу және осы балалар мен олардың отбасыларын психологиялық-педагогикалық қолдаудың бірыңғай стратегиясын әзірлеу;
3. Консультациялардың шешімдерін орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет