60.Мүмкіндігі шектеулі балаларға психология-педагогикалық қолдау көрсету жолдарын сипаттаңыз Инклюзивті білім беру субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау шарттары және оны ұйымдастыру қалыпастыру бойынша білімдерін шыңдау. Білім беру саласында Қазақстан Республикасы ұстанған қазіргі әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі – балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуы арқылы білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру жолдары. Барлық балаларды (оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды да) жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу; балаларды бір-бірінен айыратын кедергілерді барынша жою үшін тұтас қоғам боп атсалысу және осы жолда ата-аналардың белсенділігіне сүйену баланы түрлі (дене және психоэмоциялық, әлеуметтік) мұқтаждықтарына қарай дамыту-түзету және арнайы қолдау, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.Инклюзивті білім беру жағдайында оқу тиімділігіне қол жеткізу «әлсіз» оқушыларға, яғни білім мекемесіне сыртқы, мектептен тыс әлемнен өзімен бірге жағымды алғышарттар (әлеуметтік жағдай, қабылет) әкелмеуі себепті, жоғары нәтиже көрсете алмайтын балаларға білім беру ұйымының қалай және қаншалықты ықпал етуін анықтауға басымдық берілуімен анықталады. Бұл көптеген «түйінді факторлар» арқылы ажыратылады. Оның таңдаулы белгілері: жағымды оқу мәдениеті; жақсы үміт (жоғары ұмтылыс); оқушылардың оқу нәтижесін қадағалау; жеке жетістіктерді үнемі қолдау; оқу мен үйретуді үнемі жақсартуға қызығушылық; оқушылардың ынталылығы және белсенді қатынасы; өзгерістерді қолдау және оны әкімшілік тарапынан бақылау; түрлі әдістемелерді мақсатты түрде іріктеу және қолдану; отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастық. Инклюзивті оқыту жағдайында білім беру ұйымының негізгі әрі аса маңызды міндеттері мұғалімдердің сабақ беруі, оқушылардың оқуы және әлеуметтік-психологиялық қолдау болып табылады.