Инклюзив жауаптары Инклюзивті білім беру пәніне жалпы сипаттама беріңіз


Үйде оқылатын балалардың оқуын ұйымдастыру



бет33/38
Дата21.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#142151
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
инклюзив жауаптары

49. Үйде оқылатын балалардың оқуын ұйымдастыру
50. Мектепте педагогикалық-психологиялық консилиумды ұйымдастыру ерекшелігі
Білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық консилиумының негізгі мақсаты жалпы білім беру үдерісіне қосылған білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды қолдау стратегиясын және оларды оқыту мен әлеуметтендірудің табыстылығы үшін ересектердің келісілген әрекеттерін алқалық анықтау болып табылады. Консилиум міндеттері: - білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды дамыту және\немесе оқыту жағдайларын талдау; - оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмектің мазмұнын анықтау және оны көрсететін мамандардың өзара әрекеттесуін үйлестіру; - оқу үдерісіндегі балаларға көмек мазмұны туралы педагогтарға, атааналарға ұсынымдар әзірлеу; - психологиялық-педагогикалық көмектің тиімділігін бағалау. Мектептік консилиум жұмысын құру негіздері: - қарастырылған мәселелерге (әр түрлі мамандардың өзара тығыз байланысы) кешенді тәсілдеме; - оқушылардың қажеттіліктерін динамикалық зерттеу; - оқушылардың қызығушылықтарын сақтау және жеке психофизикалық ерекшеліктерін есепке алу. Консилиум директордың бұйырығымен құрылады және олардың қабылдаған Ережелерінің негізінде қызмет істейді (А қосымшасы). Мектеп консилиумының құрамы иілімді болып, оның тұрақты және уақытша қатысушылары болады. Тұрақты қатысушылар – оқу-тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасары, психолог-педагог, әлеуметтік педагог, логопед мұғалім, дефектолог мұғалім. Тұрақты қатысушылар әрбір мәжіліске, оны дайындау жұмысына қатысады, оның ұсынымдарының орындалуын бақылайды. Уақытша қатысушылар (сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, медициналық қызметкерлер) консилиумге қажеттіліктері бойынша қатысады. Консилиум жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді. Жоспарлы консилиумдер жылына 3-5 рет өткізіледі. Жоспарлы консилиумдер жұмысының бағыттары: - мектепке оқуға келген оқушылардың, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар, орта буынға өткен оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктері талқыланады; - білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялықпедагогикалық қолдаудың мазмұнын әзірлеу; - түзете дамыту міндеттерін жүзе асырудың табыстылығын динамикалық бағалау, қажет болған жағдайда оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың алдын ала әзірленген бағдарламаларын өзгерту; - оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігін бағалау. Консилиумның тұжырымдамасы білім беру үдерісінің барлық 5 қатысушыларына (пән мұғалімдеріне, қосымша білім беру педагогтеріне, атааналарға) хабарланады. Жоспардан тыс консилиумдар білім беру үдерісінің кез-келген қатысушысының, оның ішінде білім беру ұйымының басшылығының немесе ата-анасының (олардың орындағылардың) сұрауы бойынша өткізіледі. Жоспардан тыс консилиум үшін баланың оқуына және дамуына әсер ететін жаңа жағдайлардың анықталуы немесе туындауы, оның дамуы мен оқуының жағымсыз динамикасы себеп бола алады. Мамандар мен ата-аналардың сұрау түрлері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ қандай жағдайда болмасын олар баланың мәселелерін (дамудағы және оқудағы) немесе педагогтың, ата-ананың баламен өзара әрекеттесуіндегі мәселелерді бейнелеуге міндетті. Жоспардан тыс консилиумның қызметінің бағыттары: - анықталған жағдайлар бойынша шұғыл шара қабылдау; - өзгерген жағдайға немесе жұмыстың тиімсіздігіне байланысты түзете дамыту жұмысының бағыттарын өзгерту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет